Презентация№11 Өнер философиясы Құрастырған: философия ғылымдардың докторы, профессор Мирзабекова А. Ш. Қарағанды



бет7/13
Дата14.04.2023
өлшемі1,75 Mb.
#174510
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Дәріс 11 Өнер философиясы

Абу Насыр ибн
Мухаммед
әл-Фараби
(870-950)

Омар Хайямның өнер философиясы


Омар Хайям
(1048-1131), фарсы философы
Омар Хайямның поэзиясында шарап пен махаббаттың бейнелері өмірдің рәміздері ретінде қолданылады. Шарап бейнесінде болмыстың шын құндылығы көрсетіледі. Шарап – өмірге қуаныштың, көңілденудің, жастық шақтың, ақсақалдар даналығының рәмізі. Шарап құмырада сақталады. Адам денесі де қыштан жасалған құмыра. Ерте ме, кеш пе, дене топыраққа айналады, одан жаңа құмыра жасалады. Осылай даналық ұрпақтан ұрпаққа өтіп жатады.
Омар Хайям кез-келген жағдайда адам болуға шақырады

Ибн-Рушдтың өнер философиясы


Ибн-Рушд поэзия өнерінің тәрбиелік рөліне назар аударады: ол «кең әлеуметті» тура жолға салуға пайдалы, адамдарды дұрыс қылықтарды жасауға бағыттайды және жаман қылықтардан бас тартқызады.
Поэзия мен риториканың айырмашылығы мынада: егер біріншісі «ол қандай» десе, екіншісі «ол не болып табылады» дейді. Риторикамен салыстырғанда, поэзияда рационалдық дәлелдердің орнын бейнелер алады. Сондықтан, поэзия сөзінің ақиқат пен жалғандыққа ешқандай қатысы жоқ
Абдуль Валид Мухаммад ибн Ахмад ибн Рушд
(1126-1198)

Ибн-Арабидің өнер философиясы


Ибн-Араби өнерді шеберлік (арабша: сан*ат) ұғымы арқылы сипаттайды, оны көзге көрінетін мен жасырындының бірігетін орны деп есептейді. Өнер - ақиқаттың көрінісі: «Болмыстағы шеберлік арқылы ақиқат көрінеді»(Ибн-Араби. Хекмат, 211 бет). Сондықтан өнердің негіздері табиғаттан тыс, құдайлық, мистикалық мән-мағынада және білімде.
Өнердің маңызды рөлі - адамды рухани дамытуда. Өнерде Құдай жаратқан адамның мәні көрінеді. Құдайдың бейнесі ретінде, адам бір уақытта Құдай өнерінң шығармасы ретінде, екінші жағынан, өзі де суреткер ретінде шығады.
Өнер – бұл адамның шексіз мәңгі ақиқатты терең түсуінің нәтижесі
Ибн-Араби


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет