Примерные



бет59/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

Жеке бейімделу техникасы

Қызығушылығына сүйену- Егер сәби белсенділік аясын кеңейтумен байланысты тәуекелден қашқақтаса, тәрбиеші таныс қызметті оған жаңа элемент ретінде кіргізіп кеңейте алады.

Жұптарды құру мен балалардың топтарға бірігуі- Пиаже балалардың бір- бірінен көп нәрсеге үйренетіндігін дәлелдеген. Сәбидің біреуі қайсы бір түсінікті меңгермеген, ал екіншісі меңгерген жұпты құру біріншісінің түсінігін жеңілдете алады.

Белсенділікті модификациялау- Балалар материалдармен ойнаған кезде нәтижесі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, балалар басқарытмалармен ойнаған кезде тәрбиешілер фрагменттерінің саны әртүрлі басқатырмалардың болғанын ойластырады. Топпен ойнай отырып, тәрбиеші қандай да бір сәбиді бұдан да қиын міндетті орындауын сұрай алады- бір аяқтап секіру сияқты және басқа да бір сәбидің тұрған жеріне секіріп қалуды сұрай алады. Әрқайсысы әр түрлі түріде қатысады.

Нақты мәселелер шешімі- Тәрбиеші сәбиге жаңа ептілікке немесе қиын міндетті іс жүзінде жасау мүмкіндігін бере отырып, нақты ептіліктермен жұмыс істей алады. Егер тәрбиеші кейбір балалардың қайшыны пайдалануда қиыншылық көріп жатқанын көрсе ол мұқият орындауды талап ететін, мысалы, қысқыштардың көмегімен заттарды ұстау, тақтайға шеге қағу, содан соң қағаздарды жолақ- жолақ кесу және ақырында қайшының көмегімен кесу сияқты қимыл -қозғалыстар талап етілетін белсенділіктің түрлерін жоспарлай алады.

Сәбиге бақылау жасай отырып, тәрбиеші алаңдаушылық туғызатын, жекелей бейімделуге қарамастан жақсармайтын мінез- құлықтың басқа түрін де байқайды. Тәрбиеші сәбидің ілгерілемегенін және мұның артында бұдан да бір терең мәселе бар екенін ойлап мазалануы мүмкін. Барлық алаңдаушылықтар мен жақсартуға қол жеткізу талпыныстарын құжаттау және осының бәрін отбасына айтып бөлісу аса маңызды. Мүмкін бірлесе отырып сіз бұдан да көп ақпарат алу шешіміне келерсіз. Мұндай нәрсеге қалай араласуды және қолдаудың қандай түрі талап етілетінін түсіндіретін дәрігердің, психологтың немесе басқа да бір маманның кеңесі қажет болуы мүмкін. Бұл ұсыныстар сәбиге қатысты нақты мақсаттарды қою және жеке белсенділікті жоспарлау үшін пайдаланыла алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет