Бақылаудың формалдан тыс техникалары
Ол нақты жағдайларды сипаттайтын жазулар, сөбен бейнелеулер. Ол жазбалар болған оқиға қайда, қашан және оны істеуіне не түрткі болғанын, баланың реакциясы мен іс-әрекеттің немен аяқталғандығы туралы болады. Мұнда баланың айтқан сөздері мен тәртібіне сипаттама беріледі.
Баяндап беретін немесе күнделікте белгілеу
Бұл күннің соңында жазылатын топтық немесе жеке іс- әрекеттердің жалпы әсері. Ол бір күн ішіндегі кейбір жетістіктер мен сәтсіздіктерді қадағалауға пайдалы.
Бақылау картасы
Карта бақылауға тұрарлық нақты тәртіп түрлерін анықтайды. Даму карталады баланың түрлі салаларда қызмет жасау деңгейі туралы жүйелі мәліметтер жинағы үшін негіз болады. Тәрбиешілер бұл ақпаратты сәбидің алдына мақсаттарды қою және оның ілгерілеуіне көмектесу мақсатымен белсенділікті жоспарлау кезінде пайдаланылады. Басқа карталар балалардың қандай белсенділік орталықтарын таңдайтыны және қандай материалды барынша жиі қолданатыны туралы мәліметтердің жиынтығын қамтамасыз ете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |