Примерные



бет63/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

Бала туралы жалпы деректер

Денсаулығы жағдайы туралы деректер (мысалы: Алиманова Татьяна 6 жас 6 ай. Мектепке дейінгі мекемеге 2003 жылдан келеді. Дені сау, бойы биік. Салмағында, келбетінде кемшіліктер байқалмайды. Есту және көруі жақсы.

«Өзіңді тани біл» беті балаға эмоционалдық-әлеуметтік мінез-құлқын білдіруге жағдай береді.

«Мені осындай деп ойлайды» деген бетте баланы қоршаған адамдар: анасы,әжесі,тәрбиешісі,досының көзқарастарын көруге жағдай туады.

«Мен армандаймын» Бала армандаған ақпаратты жазбаша немесе сызба бейнесінде бере алады.

«Мен жасаймын, мен жасай алмаймын» Баланың дағдылар деңгейінің қалыптасуын көруге жағдай туғызады (оқу,еңбек,ойын,әлеуметтік т.б.) Мысалы: бауын байлай алады,буындап оқиды,өзін қорғай алмайды.

«Мен білемін, мен білмеймін» Ересектерді балалардың ой-өрісінің дамуы, бағдарламалық материалдарды менгеруі туралы ақпаратты қамтамасыз етеді.Мысалы: мен мекен-жайымды,телефонды білемін, жануарлар, емханаға телефон соға аламын. Мектеп жасына дейінгі балалар бірқатар психологиялық мінездемелерге ие, бұл білімдер баланың оқу процесінің жоспарлауына қажетті.Білім сапасының мониторинг деңгейі баланың бағдарламалық мазмұнының меңгеруіне келесі мемлекеттік стандартың блоктарына сүйенеді: тіл, табиғи-ғылыми, дене, көркем-эстетикалық дамулар.

«Менің жетістіктерім» бөлімі балалардың бағдарламалық материалды меңгеруінде бақылау нәтижесін кірістіріп, диагностикалау нақты қажеттіліктермен белгілейді. Осы жерде тек қана жас ерекшеліктеріне байланысты ғылыми жасалған әдістер қолданылады. Ата-аналармен диагностиканы өткізу мерзімі және формасы туралы кеңестер беріледі. Педагогикалық диагностика жылында екі рет (желтоқсан,сәуір) өтеді.Барлық ата-аналар алдын ала диагностиканың өтілуі туралы ақпарат алып мақсаттарымен танысады. Балалардың диагностикасы ата-аналардан жазбаша келісім негізінде жасалады. Ең алғаш ата-аналар конференциясында диагностиканы өткізетін маман оның мәнін, маңыздылығын түсіндіреді. Ата-аналар балалардың диагностикаға қатысуы туралы шешім қабылдайды, егер олар келісім берсе, алдын ала дайындалған бланкеттерге қолдарын қойып,шешімін бекітеді. Барлық ақпарат құпиялықты сақтайды. Балалардың бақылау нәтижелері мәжіліс хатымен бекітіліп,сақталады педагогикалық ұсыныстар қосымша ретінде беріледі.Педагогикалық диагностика негізінде баланың алға басуын шығаруға білім беру мазмұнының деңгейін меңгеруіне түрлі ойын тест,тапсырмалардың вариативтік жиынтығы беріледі. Тапсырмалардың ойын мінездері,ойын кейіпкерлері балаға проблемалық жағдаяттарды қоюға,әлеуметтік тәжірибені қолдануға, эмоционалдық күйін түсіреді. Бағалық маңыздылығы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестердің алғашқы диагностикалық зерттеулерді енгізілуінде күшейеді. Оқу жылының басында педагог-психолог диагностиканы өткізіп балалардың зерттеу нәтижелерін жетістік парағына ұсынады.

«Менің жетістіктерім» айдарында балалардың мақтау қағаздары мен дипломдары кіреді.

«Сүйіншілер» (күнделікті баланың оқуында, тәрбиесінде жетістіктері мен табыстары,мәдени-гигиеналық дағдылардың туралы ақпараттар) әртүрлі кішкентай парақтар ретінде(жүрекше,алма, үй) баланың шкафына іленеді. Сүйіншілерде күнді көрсетіп ата-аналар олардың түскен уақытын біле қоймай жүйелік және мерзімдікті, баланы жаңа жетістіктерге ынталандырады. Мысалы: «Әмір жақсы оқиды», «Көктем туралы әңгіме айтып бәрімізді қуантты», «»Досы Әнуарға көмектесті»

Баланың жетістігін отбасынан шектеп қарауға болмайды.Ата-аналарға арналған алғыс хаттар отбасымен ынтымақтаса жұмыс жасауын нығайтуға көмектеседі.

Жыл бойы ата-аналар үлгі бойынша есептер тапсырады. Есептер тақырыбын ұсынамыз: «Маған кеңес беріңіз», «Бірге жұмыс жасайық», «Қызықты жағдай», «Ата-аналар сұраңыздар» Сонымен, № 2 есеп «Бірге жұмыс жасайық» педагогтар және ата-аналар құрастырып жазған балалардың сұрақтарынан тұрады. Мысалы: Сіз қалай ойлайсыз балалар не үшін балабақшаға келеді? немесе егер жақындарыңыз ауырып қалса өздеріңізді қалай ұстайсыз?

№ 4 есеп «Ата-аналар сұраңыздар» маңызды міндеттерді шешеді: отбасының баланың даму және тәрбие туралы педагогикалық білім беру деңгейінін арттыру. Ата-аналар сұрақтарын қояды,ал тәрбиешілер қызықтыратын сұрақтарға ұсыныстар, кеңестер береді.

Жетістік парағының ең жарық беті «Қуаныш шеберханасы», баланың барлық іс-әрекеттерге: сурет, жапсыру, қағаз пластикадан жасалған ең жақсы жұмыстары жиналады.

Жоғарыда айтылғандар баланың мүмкіндігі мен жетістігіне қарай біртіндеп толтырылады. Парақ балаларда бір жыл ішінде балабақша өмірінде жүргізілген қызықты материалдар жинақталғаның дәлелі. Парақ арқылы тәрбиешілер мен отбасы арасында сенімді әрі серіктестік қарым-қатынас орнатуға болады. Балабақшамен қоштасқан кезде парақ балаға беріледі. Бұл балаға, ата-анаға, ең бірінші мұғаліміне сыйлық- баланың ішкі әлеміне және тұлға жолына кілт. Балабақша жағдайында порфолионы пайдалану себебі мектепке дейінгі жаста құндылығы күшіне бағаның мағынасын әбден сезбейді өзіндік қызмет бағасын оның тұлға тұтас баға сияқты қабылдайды. Портфолио дәстүрлі балдық бағаны алмастары отыра оқу қызметіне ұнамды мотивацияны қалыптастаруға мүмкіндік беріп, мектепке баланың бейімделу процесін жеңілдетеді Портфолио- балабақша мен отбасының өзара іс қимыл жасап баланың кешенді дамуы болып табылады.

Педагогтар тәртіп ретінде және осы тақырыптардың санын өзгерте алады.

Бір жылдың ішінде осындай папканың жүргізілуі балабақшадағы кеулеріне қатысты барлық балаларда қызықты және үлкен материал жиналады. Балабақшамен қоштасқанда балаға Портфолио беріледі, бұл оған және оның ата анасына сыйлық ал баланың бірінші ұстазына бұл оның ішкі әлеміне кілт және Триумф тұлғасындағы жолына компас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет