Примерные



бет65/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

Отбасы үшін пайда

Ата- аналар топқа бара, оның қызметіне қатыса отырып:

  • бағдарламаға жеке қатыстылығын сезінеді;

  • олардың сәбиі басқалармен қалай қарым- қатынас жасайтынын көреді;

  • балалар дамуы туралы көбірек түсіне бастайды;

  • педагогтық ұжыммен жақын таныса, оларды көбірек сыйлай бастайды;

  • олар туралы үйде айтып берген өз балаларының достарымен танысады;

  • басқа ата- аналармен ұзақ мерзімдік достық байланыстар орнатады;

  • үйде сәбидің бағдарламаны игеруіне көмектесу мүмкіндігін алады.

Педагог ұжымы үшін пайда:

Ата- аналардың топ өміріне қатысуы кезінде тәрбиешілер:

  • жекелеген балалармен көбірек уақыт өткізе және шағын топтармен жұмыс істей алады;

  • ата- аналардың өз балаларына қандай себеп артатынын түсінеді;

  • өз балаларының есеп шығаруына ата- аналардың қалай көмектесетінін көре алады;

  • отбасының ересек мүшелері өз балаларымен бірге қандай сабақтар өткізетінін және немен айналысатынын біле алады;

  • ата- аналар өз балаларының өзгелермен іс- әрекеті кезінде бақылауынан пайда көреді.

Отбасылар мектепке дейінгі бағдарламаға белсенді түрде қатысқан кезде бұл олардың барлығына да- тәрбиешілерге де, ата- аналарға да, балаларға да тиімді болмақ. Тәрбиешілер ата- аналар мен отбасы мүшелерінің сауал берулерін, өзерінің мұң- мұқтаждарын білдіруін ынталандырған кезде талқылау жағдайы және мәселелерді бірлесіп шешу жағдайы қалыптасады. Олар ашық түрде қандай да бір сәбидің неліктен төлелесқой болып алғанын немесе қалың көпшілік жиналған жерде сөйлегісі келмейтінін бірлесіп оңай шеше алады. Үлкендердің топта көп болуы балаларға олардың жеке қызметінде жәрдем алуына мүмкіндік береді, сынып ортасын байыта түседі. Байланыстар мен қатым- қатынас нысандарын дамыту балабақша мен үй арасындағы кедергілерді жоюға және олардың арасында көпір орнатуға жәрдемдесетін ынтымақтастық қатынастары үшін негіз жасайды.

Жұмыстың 1-ші жылы –ата- аналарды бағдарламаның мақсат, міндеттерімен таныстыру, ата- аналар арасында бағдарлама мазмұнын отбасылық газеттер, телеграммалар, бақытграммкалар арқылы тарату.

Жұмыстың 2-ші жылы– ата- аналарды белсенділік орталықтарындағы жұмыстарға кеңінен қатыстыр, оларды балабақша өміріне белсенді араластыру, стандартты жиналыстарға ұқсамайтын үлкен ата- аналар конференцияларын өткізу.

Жұмыстың 3-ші жылы– балабақша және мектептегі ата- аналар ассоциациасын құру мақсатында шағын ата- аналар ассоциациасын құру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет