Техникалар мен құралдар
Жазбалар жүргізудің және бақылауды ұйымдастырудың көптеген әдістері бар. Біреулері қалталарына үнемі блокнот пен қарындаш салып жүреді. Басқалары бөлме ішінде қағаздар мен қарындаштарды жайып қояды. Күннің соңына қарай қысқаша жазбалар егжей- тегжейлі қосыла отырып, жалпы дәптерге қайта жазылады. Кейбір тәрбиешілер нақты бақылаулар мен жалпы әсерлерді күнделікте белгілеу үшін пайдаланады. Басқалары әрқайсысына сәбидің аты жазылған карточкалардың жиынтығын пайдаланады. Тәрбиеші күн сайын карточкаларды қарап, топтағы барлық балаларды қамти отырып, жазба жүргізуді қамтамасыз етеді. Бақылаулар қағазы бөлмедегі қабырғаға балалардың таңдаулары қалай жүзеге асырып жатқанын тіркеу үшін ілініп қойылуы мүмкін. Дыбыс жазбасын және суретке түсіруді пайдалануға болады. Балаларға бақылау жасау- жеке балалар мен топты тұтас алғанда солардың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес бағдарламаны мақсатты бағытта жоспарлау мен жекешелендірудің негізі.
Достарыңызбен бөлісу: |