Компьютерлік бағдарламалар балаларға өздігімен жұмыс істеуді үйретіп, өзін- өзі бақылау дағдыларын дамытады. Кішкентай балаларға тапсырмаларды орындауға көп көмек беріп, олардың іс- әрекеттерінің әрбір қадамының дұрыстығын автоматтандырылған тәсілмен бақылау педагогке өз уақытын басқа балалармен қатар жұмыс істеуге жұмсауға мүмкіндік береді. Сондай- ақ оқытудың компьютерлік құралдарын пайдалану мектеп жасына дейінгі балалардың жинақтылығын, зейінін, тапсырманы орындауға төзімділігін дамытуға септігін тигізіп, олардың ынтымақтастыққа талпыну сезімін оятады.
Компьютермен жұмыс істеудің қол саусақтарының еркін қозғалуын дамыту үшін маңызы зор. Компьютерлік тапсырмаларды орындау барысында берілген тапсырмаға сай саусақтармен белгілі бір пернелерді басуды, «тінтуір» манипуляторын пайдалануды үйрену қажет. Бұған қоса, балаларды жазуды меңгертуге дайындаудың мәнді сәті көру және қозғалтқыштық талдауыштардың бірлескен үйлестірілген қызметін қалыптастыру және дамыту болып табылады, оған компьютерлі пайдаланылған сабақтарды табысты түрде қол жеткізіледі.
Заманауи білім беруде компьютердің барлық проблемаларды шешпейтіні даусыз, ол бар- жоғы оқытудың көп функциялы техникалық құралы болып қалады. Оқыту үдерісінде әрбір оқушының зердесіне қандай да бір білім қорын «салуға» ғана емес, сондай-ақ оқушылардың танымдық белсенділігін таныту үшін жағдайлар жасауға да мүмкіндік беретін заманауи педагогикалық технологиялар мен инновациялардың маңызы зор. Оқытудың дұрыс іріктелген (немесе жобаланған) технологияларымен бірге АКТ оқыту мен тәрбие сапасының, нұсқалылығының, оқытуды жіктеу мен дербестендірудің қажетті деңгейін қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |