Примерные


Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық



бет5/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық

технологияларды қолдану маңыздылығы
Қазіргі заманда педагогиканың дамуы әр алуан түрде белсендірілуде, атап айтсақ, ол: ізгілік, әлеуметтік, диагностикалық, түзетуші, эксперименталдық, ынтымақтастық педагогика болып жіктеледі. Ізгілік педагогикасының мақсаты- ізгілікті бостандығы бар, келешекті демократиялық қоғамда өмір сүріп, жаңа нәрселерді тудыра алатын тұлғаны, яғни адамды тәрбиелеу.

Бала тұлғасы жалпыадамзаттық құндылық ретінде қарастырылатын, ізгілікті педагогика теориясында «жеке бағытталған оқыту», «жеке бағытталған тәрбие», «жеке көзқарас» сияқты түсініктер бар. Жеке бағытталған педагогика балалардың жеке тәжірибе жинақтап, олардың жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктері іске асырылатындай оқыту ортасын жасайды. Оқыту ортасы табиғатпен сәйкестікке бағытталған.

Жеке көзқарас- психологиялық ғылымның баланы жеке тұлға ретінде тәрбиелеудегі оның өзіндік ерекшелігін ескеруді көздейтін маңызды қағидаты. Бұл көзқараста баланың тәрбие үрдісіндегі жағдайы анықталып, баланың осы үдерістің белсенді субъектісі болуы, яғни субъектілік қатынас құра алатыны белгіленеді.

Жеке бағытталған технологиялар:



  • топтық оқыту технологиясы;

  • Ш.А.Амонашвилидің ізгілік- жеке технологиясы;

  • Интерактивті оқыту;

  • Ойын технологиялары;

  • М.Монтессори технологиясы;

  • Дамыта оқыту технологиясы;

  • Мәселелік оқыту технологиясы;

  • ТРИЗ шығармашылық технологиясы;

Жеке жұмыс- педагог әрбір баланың даму ерекшеліктерін ескере отырып атқаратын қызмет. Тәрбиелеудегі жіктік көзқараста әрбір педагогтың бала тәрбиесінің деңгейіне, жынысына, жасына қарай тәрбиелеу міндеттерін іске асыруы қарастырылады. Жіктеу тұлғаның сапасын, оның қызығушылықтарын, бейімділіктерін зерттеуге бағытталған. Жіктік көзқарас жағдайында балалар парасаттылығындағы, мінез -құлықтарындағы, қарым- қатынасындағы бастауыш сапаларының ұқсастығына негізделіп, топтарға бөледі. Осы жұмыстың тиімділігі педагогикалық кәсіптіліктің және педагог- тәрбиешінің шеберлігіне байланысты болып келеді. Сонымен қатар оның адам тұлғасы зерттеліп, осы тұлғаны әрдайым басқалардан бөлек, өзгеше етіп көрсететін, нақты бір адамға тән психологиялық және дене ерекшеліктерінің сәйкес келетіні ескеріледі. Осыны ескеріп, педагог әрбір баланың тұлғасына тәрбиелік ықпал етудің әдістері мен түрлерін анықтайды. Осының барлығы педагогтың тек педагогикалық білімді ғана емес, сонымен бірге психологияны, физиологияны, диагностикалық негізде (индикаторлар негізінде) құрылған тәрбиелеудің ізгілікті технологиясын да білуін талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет