Примерные


Балалармен жеке жұмысында тәрбиешілер келесі параметрлерді басшылыққа алады



бет6/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

Балалармен жеке жұмысында тәрбиешілер келесі параметрлерді басшылыққа алады:

  • «Тәрбиеші- бала- топ» деңгейінде іскерлік және тұлғалық қатынастарды құру және дамыту.

  • Бала тұлғасының өзін- өзі бағалауын құрметтеу.

  • Баланы қызметтің әрбір түріне тартып, оның ерекшеліктерін және мінез- құлық қасиеттерін анықтау.

  • Белгіленген қызмет барысында қиындықтар туғызып, балаға қойылатын талаптарды арттыру.

  • Психологиялық жағдайды туындатып, тәрбиелеу бағдарламасын іске асырудың ең тиімді әдісі болып табылатын өзін- өзі тәрбиелеуге ынталандыру.

Балалармен жеке жұмыс бірнеше кезеңге бөлінеді:

  • Жеке жұмысқа кіріскен кезде педагог жеке бағытталған тәрбиелеудің ғылыми- әдістемелік негіздерін зерттеп, балалармен достық қатынас құрып, жалпы ұжымдық қызметті ұйымдастырып, әрбір бала тұлғасының диагностикасын жүргізеді.

  • Тәрбиеші оқу- танымдық, еңбек қызметі, ойын, спорт және шығармашылық қызметтері барысында балаларды бақылап, зерттеуін жалғастырады.

  • Балаларды зерттеу барысында дәстүрлі және баламалы әдістемелер қолданылады. Мысалы, психологиялық- педагогикалық диагностика әдістері тұлғаны тұрақтықабілеттерін ғана емес(қабілеттері, күш-қуаты, мінез- құлқы), уақытша қабілеттерін де(іс-қылықтарын, баланың психологиялық жағдайын) және тәрбиелеу үдерісінің тиімділігін зерттеуге көмектеседі.

  • Баланы, оның әртүрлі жағдайлардағы мінез- құлқын әрі қарай зерттеу жүргізіліп, белгілі бір баланың даму деңгейін, оның мүмкіндіктерін, мінез- құлық ерекшеліктерін, жеке өзінің қарым- қатынасының және мұқтаждықтарын ескеріп, тәрбиешілік ықпал жасау жүйесі анықталады.

  • Балалармен жүргізілетін жеке жұмыс- түзету жұмысы. Түзету дегеніміз- тұлғаның дамуына түзету енгізіп, оң қасиеттерді бекітуге және теріс қасиеттерді жоюға көмектесіп, педагогикалық ықпал жасау әдісі. Тәрбиелеу үдерісінің нәтижесіне қарай түзетудің жеке тұлғаға ықпалы көрніс табады.


Сонымен, жеке бағытталған көзқарас- тәрбиенің ең маңызды қағидаты. Оны іске асыруда міндеттерді уақытша өзгерту және тәрбие жұмысының мазмұнын, оның әдістері мен түрлерін үнемі түрлендіріп отыру көзделеді.

Балабақшаға келгенде, балаға педагогикалық көмек пен қолдау қажет. Ондай қолдау Ш.А.Амонашвилидің 3 қызмет қағидаты бойынша іске асырылады:



Сабақтарда белсенді оқыту түрлерін пайдаланған жөн, олар: дидактикалық, сюжетті-рөлді ойындар, диалог ойындар. Мысалы: «Дүкен» ойыны: балалар дүкенші рөлін белсенді ойнап, ақша ұстауды үйренеді. «Орман жиыны» ойыны: балалар жануарлар рөлдерін ойнап, қысқа дайындығы туралы айтып береді.

Жеке бағытталған оқыту барысында тәрбиеші- педагогтың рөлі маңызды болып қалатындығы туралы қорытынды жасадық. Тәрбиеші балаларға әртүрлі сұрақтар қойып, дискуссия жүргізеді, бірақ балалар үшін толық құқықты серіктес болып қала береді.

Балалар өз пікірлерінде қате жасауға қорықпайды, құрдастары келтірген тұжырым- дәлелдер ықпалымен өз пікірін түзетеді. Осының бәрі- аса маңызды жеке танымдық қызмет. Ол қызметтің барысында мектеп жасына дейінгі балалардың қабілет деңгейі белгіленіп, ойлау,өзін- өзі бақылау, өзін- өзі бағалау қабілеттерін дамытады.

Мектепке дейінгі жастан бастап тұлғаны қолдау, оған көмек көрсету, балға сүйіспеншілік пен құрмет көрсету, оның шығармашылық күшіне сенім білдіру бағытында жұмысын іске асыру керек. Сонда ғана балалар басқа адамдардың пікірін сыйлап, өзгелерге қамқорлық жасауды, педагогтармен қатынас жасауды үйренеді әрі мектепке дейінгі мекемеге үлкен ынтамен баратын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет