Портфолио- фран.- порт- тұжырымдау, алу, фолио—парақ, бет, құжаттама, балалардың жиналған жетістіктері,бағалау әдісі түсінігі ретінде кеңінен колданылады. Балабақша жағдайында парақты қолдану ең бірінші кезекте мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық құндылықтарына сәйкес келуі тиіс. Өйткені, мектеп жасына дейінгі бала жас ерекшелік құндылықтар күшіне баға маңызын сезінбейді,жеке іс-әрекет бағасын жалпы тұлғалық ретінде қабылдап,келешекте мектепте барлық жағдайда отбасы мен балабақшаның әлеуметтік қарым-қатынас жүйесін анықтайды. Парақ дәстүрлі бағаны ауыстыра келе, оқу әрекетіне жағымды мотивацияны қалыптастыруда жағдай жасап, баланың мектепке бейімделу процесін жеңілдетеді.
Мектеп жасына дейінгі баланың парағы отбасы мен балабақша қарым-қатынасын,бала дамуындағы кешенді бағыттар болып табылады. Отбасымен өзара іс қимыл ұйымдастыру мен әдістемесіне қарай келесі жағдайларға негізделеді және мазмұнын анықтайды:
- тәрбиенің мақсаты мен міндеттері педагогтарға ғана емес ата-аналарға түсінікті болса, отбасы негізгі білім беру мазмұны мен жұмыс жасау әдісі мен әдістемесімен таныс болса, ал педагогтар отбасылық тәрбиенің жақсы тәжірибесін қолданса, бірлік нәтижелі болады;
- бала білім беру ұйымында жыл бойы болған кезде жұмыс барысында жүйелікті пайдаланса;
- әр отбасында балаға жеке көңіл бөліп, қызығушылығы және қабілеттері есепке алынса;
- педагогтар және ата-аналардың өзара сенімі және көмегі.
Баланың жетістік парағының қалыптасуы келесі мақсатпен жүзеге асырылады:
-баланың жетістігі мен проблемасын есепке алу арқылы отбасыларға ұсыныс беріп, мекен -жайылық бағытын қамтамасыз ету;
-баланың мүмкіндіктері мен жетістіктерін нақты көпжақтылық баға негізін қалау.
-оқытулық және бағалық бірлесуінің жүзеге асуы;
-тәрбиешіге ықпалды көмек көрсету, баланың алға басу даму процесін қадағалау;
-ата-аналар, мамандар, педагогтарды балалардың алға басу туралы қажетті әр түрлі ақпаратпен қамтамасыз ету;
- ата-аналардың педагогикалық мәдениетін жоғарылату.
Баланың жетістік парағының қалыптасуы педагогтан жоғары кәсіби құзыреттілік деңгейін топшалап, тәрбиешіден талап етеді:
-тәрбиеленушінің тұлғалық дамуындағы педагогикалық диагностика әдістемесін меңгеру (баланың жетістігін көрсетіп, болашақтағы дамуын жеке бағытын болжау);
- баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін есепке алу негізінде оқыту және өзара қарым-қатынасын жүзеге асыру;
- әр баламен жиі жағымды өз ара іс қимылын жүзеге асыру (маңызды әңгімелер өткізу,жеке жұмыстар ұйымдастыру, шағын топтарда балалардың іс-әрекетін жоспарлау)
- ойын және сабақ процесінде балаларды бақылап, уақыт бөлу;
- мектеп жасына дейінгі балалардың даму әдісін меңгеріп алға басуын бақылау, тәрбиеленушілердің жетістіктерін көру, жеке даму бағдарын болжай алу;
-балаларға деген сыйластықты білдіріп олардың қызығушылықтарын жоғары бағалау;
-ата-аналарды серіктестік жағдайда білім беру процесіне араластыру;
-тәрбиешілерде педагогикалық рефлексияның болуы (өзін-өзі тануы, өзінің әрекетімен балаларға әсер ету);
-әр баламен сапалы серіктес ретінде жиі ұнамды өзара іс-қимыл жасау, баланы тұлға ретінде қабылдау және сыйлау, қорғау сезімін қамтамасыз ету;
-педагогикалық практикада және қазіргі ғылым талаптарына сай пәндік -кеңестік ортаны жабдықтау;
Мектеп жасына дейінгі баланың парағы- бүлдіршіннің жеке жетістік қоры. Өз өміріндегі жағымды сәттерін еске алуға мүмкіндік алу,өйткені бала дамуындағы «жеке бағдар»: мақтау қағаздары мен диплом,тест нәтижелері, баланың ең жақсы жұмыстары, бақылаудың қысқа жазбалары және т.б.
Тәрбиешілер отбасылық әлеуметтену, эмоционалдық құзыреттілік және баланың дамуындағы бағдарлар тақырыптық бөлімдердің тізбегін ұсынамыз. Тәрбиешілер тақырыптардың санын және жүйелігін түзете алады. Папка өз құрылымына ие 11 бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің өз атауы бар: «Таныс болайық»,«Менің баламның портреті»(ата-аналар шығармасы), «Менің жетістігім», «Қуаныш шеберханасы», «Мен өсіп келемін» және т.б. Сонымен қатар, бөлімдердің мысал мазмұндары ұсынылады. Мысалы: «Мен өсіп келемін» бөлімі антропометриялық деректерді көркем-сызба шешімін кірістіреді.
Бала өміріндегі фотосюжеттер папкадағы қызықты беттер болып келеді. Фотосюжеттер тақырыбы әр түрлі: «Отбасы шеңберінде», «Менің достарым!», «Біздің отбасылық мерекелер және дәстүрлер»
Ата-ана «Менің баламның портреті» тақырыбына жазған шығармасы тәрбиешіге баланы бірінші кездесуден танып білуге, қарым-қатынасын нығайтуға көмектесіп, баланың балабақшада қолайлы және жайлы келуін қамтамасыз етеді.
Мектепалды даярлық топтарындағы тәрбиешілердің «Балаға мінездеме» болашақ педагогтерге баланың жеке қабілеттерін білуге және оқу-тәрбие процесінде дайындығын ескере алуына көмектеседі. Баланың мектепалды даярлық топта болуы жеке көрсетуімен және қабылдаумен танысу бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысын жеңілдетеді. Баланың мінез-құлығын немесе кемшілігін белгілейтін тұлғаның жағымды жақтарының себептерін анықтап, мінездеме біржақтылық болмауы үшін келесі жоспар құрамын ұсынамыз:
Достарыңызбен бөлісу: |