Примерные


Балабақшадағы инновацияға не жатады?



бет2/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

Балабақшадағы инновацияға не жатады?
Инновациялық іс - әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде педагог жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды. Тәрбиеші инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде педагог оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді. Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс- әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде тәрбиеші жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу–тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу – тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер жөніндегі ағымдағы газет– журнал материалдары арқылы танысып педагогтар – новатордың әдістемелерін ғылыми тұрғыдан талдай білуге, инновациялық іс-әрекет ерекшеліктерін айқындап, өз беттерімен сурет, кесте құруға, хабарлама, реферат, аннотация, рецензия жазып, оқу–тәрбие қызметіне педагогикалық талдау жасауға үйренулері қажет. Оқытудың жаңашыл әдістері мен тәсілдерін сөз еткенде, оқылып отырған материалдың ерекшелігі мен құрамының нақты ерекшелігіне сәйкес әдістемелік құралдарды шығармашылықпен пайдалану қажет екеніне назар аударту көзделді. Сонымен қатар, оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасуы керек. Қазақстанның бүгінгі білім беру жүйесінде жаңа инновациялық бағытты игерген, нақты тәжірибелік іс-әрекетте өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл, зерттеуші педагогтар аса қажет. Дәл осы сипаттағы педагогтың ең алдымен инновация туралы түсінігі болуы қажет.

Қазіргі педагогикадағы инновация - білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді амалдарды, құралдарды, жаңа тұжырымдарды жасап, оларды қолдану ретінде анықталады. «Инновация» термині, ағылшын тілінің «innovation» сөзінен шыққан, аударғанда «жаңалық, жаңашылдықты енгізу» деген мағынада қолданылады: инновация құрал мен процесс ретінде қандай да бір жаңалық ендіру жұмыстарын көздейді. Жаңалық- бұл дәл құрал (жаңа әдіс-тәсіл, әдістеме, технология, оқу бағдарламасы), ал инновация- осы құралды меңгеру үрдісі. «Инновация» ұғымына түрліше анықтамалар беріліп келеді. С.И.Ожегов сөздігі бойынша: инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.

Қазақстандық педагог ғалымдар Ш.Таубаева мен Қ.Құдайбергенова берген анықтаманы негізге алсақ, «инновация - бұл қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже». Инновацияға деген қажеттілік қандай да бір мәселені шешу жолында туындайды, түпкі ой мен шынайы нәтиже арасында қарама - қайшылық туады. Кез- келген педагогикалық ұжым, кез- келген педагог инновациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға құқылы. Бірақ жаңашылдықты дайындау және ұйымдастыру барысында өзіне нақты міндет алуы тиіс, өйткені кез келген педагогикалық бастаманың нысаны бала екенін ұмытпаған жөн. Инновацияны жете түсініп, ииновациялық әдіс-тәсілдерді балабақша өміріне кеңінен енгізу жеткіншек ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады. Инновацияны ұйымдастыру барысында алға қойылған міндеттердің жүйелі және бірізді болуы маңызды. Оң нәтиже алу үшін келесі шарттарды ұстанған жөн.

Бірінші – инновацияны енгізуге деген мотивациялық жағдай, жаңа іс-әрекетті қабылдауға, әрі қарай меңгеруге деген себеп-салдардың туындауы. Жаңашылдықтың негізгі кілті инновацияның педагогтың қызығушылығы мен үйлесімділігі болып табылады. Ең алдымен «инновация қажет пе?» деген пікір арқылы нақты ұсыныс қабылдауға болады. Инновациялық іс-әрекет жоспарын қарастыра отырып, әр педагог нақты мәселені шешу, оның жалпы нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс.

Екінші – инновациялық іс-әрекетке дайындық – бұл құзыреттілікті қалыптастыру деген сөз. Осы құзыреттілік ақпаратты қабылдау, жеткізу және оны шынайы бағалаудан тұрады. Оқу-тәрбие үрдісіне инновацияны енгізудің қажеттілігі білім беру жүйесіндегі өзгерістермен, педагогтың шығармашылық құзыреттілігімен және бала дамуындағы оң нәтижелермен анықталады. Инновацияның бағыты әр педагогтың шығармашылық әлеуетіне, кәсіби құзыреттілігіне негізделеді.

Педагогтың инновациялық іс-әрекетінің белгілері:

- өзінің жеке қасиеттерін еске ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілеті;

- жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен;

- педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдерін өз бетінше жасауымен сипатталады.

Инновациялық іс-әрекет- білім жүйесінде негізгі жетілдіру әдісі және педагогтардың шығармашылық әлеуетінің даму шартының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдағы іс-әрекет әрбір педагогқа өзінің «инновациялық» және креативті мүмкіндігіне, өзінің мотивация, кәсіби құзыреттілігін көтеруге ерік береді.

Педагогтардың инновациялық әлеуетін дамытуда құрылған жоспар балабақшаның әдістемелік жұмысының инновациялық бағытына қатысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет