Примерные


Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану



бет7/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану
Білім берудің міндеті- баланы ақпараттық қоғамға өтуге және өмір сүруге дайындау, оған ақпараттық мәдениетті меңгеруге көмектесу.

Баланы компьютермен жұмыс істеуге ертерек (білім берудің бірінші сатысында) бейімдеу оны жеке тұлғасын дамыту тұрғысынан да, сондай-ақ информатиканы мектепте және одан кейінгі кәсіптік дайындық кезінде оқу тұрғысынан да алып қарағанда бірқатар оң сипатқа ие, ол баланың әлеументтенуін, оның ақпараттық қоғамға енуін жеңілдетеді.

Қоғамның ақпараттану жағдайында педагогтар мен ата- аналар баланың мектепке келген кезде есептеу техникасын қолданатындығына дайын болулары тиіс. Сондықтан оны алдыңғы уақытта мектептегі білім берудің ақпараттық- коммуникативтік технологияларымен (бұдан әрі –АКТ) өзара әрекеттестікке алдын ала дайындау қажет.

Оның шешімі мектепке дейінгі ұйым (бұдан әрі –МДҰ) базасында компьютерлік сыныптар ашу болып табылады.

Қосымша білім беру педагогінің мектепке дейінгі ересектер тобындағы балаларға арналған «Информатиканың қызықты әлемі» атты сабақтар бағдарламасы «Адамға әсер ететін физикалық факторлар көздерімен (компьютерлер мен бейнематериалдар) жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық- эпидемиологиялық талаптар» (ҚРҮкіметінің 2011 ж. 1 желтоқсандағы № 1430 қаулысымен бекітілген) санитарлық ережелеріне сәйкес әзірленген және ақпараттандырудың үздіксіз курсының бастапқы буыны болып табылады. Сабақты әзірлеу кезінде балалардың жас мөлшеріне қарай психикалық және дене ерекшеліктері есепке алынады. 10 адамнан тұратын шағын топтармен өткізілетін, ұзақтығы 25- 30 минут құрайтын кешенді сабақтар 3 кезеңді қамтиды. Дайындық кезеңі – сабақ сюжетіне тереңдей ену, компьютермен жұмыс істеуге дайындық, қойылған міндетті орындауға көмектесетін әңгімелесулер (10 минут). Көздер мен саусақтарға арналған жаттығулар енгізіледі- көру, қозғалыс аппаратын жұмысқа дайындау.Негізгі- нәтижеге қол жеткізіп, баланың компьютерде өздігімен жұмыс істеуі үшін бағдарламаны басқару тәсілін меңгеру (15 минут). Қорытынды кезең- көз бен дененің ширығуын бәсеңдету (5 минут)

Баланың ойындарда, мәтіндік және кескіндік бағдарламаларда көрсеткен дербестігі бағдарламаны меңгеру бөлімдерінің критерийлері қызметін атқарады:



  • бала өзінің алдына қойған міндетті іс жүзінде тіпті ересек адамның көмегімен де орындай алмайды- бұл дамудың төменгі деңгейін білдіреді;

  • орташа деңгейде- тапсырманы ересек адамның көмегімен орындай алады;

  • жоғары деңгейде- тапсырманы дербес орындай алады.

Балаларға бағдарламаны меңгерудегі қиындықтарды жеңуге көмектесу үшін жылына 2 рет диагностика өткізіліеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет