Принциптері



Pdf көрінісі
бет65/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
5.2 
Шаруашылық операцияларының өлшемімен
байланысты мәселелер 
Шаруашылық операциялары бухгалтерлік есептің пәні, яғни, айналысатын 
мәселесі болып табылады. Ертеректе олар кәсіпорындардың қаржылық 
жағдайына әсер етуші шаруашылық қызметтің фактілері ретінде айқындалады.
Өзінің практикалық қызметі барысында бухгалтер үш мәселені шешеуге тиісті: 
1)
Теңестіру (идентификациялау) мәселесі 
(recognіtіon)
,
яғни шаруашылық 
операциясының қашан жүзеге асырылғандыған анықтау;
2)
Бағалау мәселесі 
(valuatіon)

яғни шаруашылық операциясы құнының 
қандай болатындығын анықтау;
3)
Жіктеу мәселесі
(classіfіcatіon), яғни шаруашылық операциялары қалай 
жіктелуге тиісті екендігін анықтау. 
Қазіргі кездегі бухгалтерлік есептің барлық мәселелері дерлік осы үш 
проблемаға негізделеді. 
Теңестіру (идентификациялау) мәселесі.
Бұл мәселеде негізінен 
шаруашылық операциясының қашан тіркелуге тиісті екендігі шешіледі. 
Мысалы, кәсіпорын кеңсе жиһазын жасауға тапсырыс берді, оны қабылдап 
алып төлем жасады. Төменде келтірілген іс-әрекеттердің қайсысы сауда 
операциясы ретінде тіркелуге тиісті деген сұрақ туындайды: 1) кәсіпорын 
қызметкері жабдықтау бөліміне тапсырыс жібереді; 2) жабдықтау бөлімі 
тапсырысты жабдықтаушыға жібереді; 3) жабдықтаушы тауарды (кеңсе 
жиһазын) жөнелтеді; 4) кәсіпорын кеңсе жиһазын қабылдайды; 5) кәсіпорынға 
жабдықтаушының шоты келіп түсті; 6) кәсіпорын жабдықтаушы шотына төлем 
жасады. 
Есепті кезеңдегі қаржылық нәтиженің шамасы осы сұрақтың жауабына 
байланысты болады. Шаруашылық операциясы кәсіпорынға жабдықтаушының 
шоты келіп түскенде (5-ші іс-әрекет) немесе кәсіпорын жабдықтаушының шоты 
бойынша төлем жасағанда (6-шы іс-әрекет) тіркеледеі. Себебі бұл іс-әрекеттер 
затты иелену құқығының ауысуын көрсетеді. Шаруашылық операциясы 
тіркелуге тиісті алдын ала анықталған уақыт сәті 
теңестіру (инедтификация) 
нүктесі
деп аталады. 
109 


Бағалау мәселесі
– 
бухгалтерлік есептегі ең бір қарама-қайшы мәселе. 
Бухгалтерлік есептің көпшілік қабылдаған принциптеріне сәйкес кәсіпорынның 
барлық активтері, меншікті каиталы, міндеттемелері, табыстары мен 
шығыстары 
бастапқы құны,
яғни 
нақты өзіндік құны бойынша
көрсетледі. 
Өзіндік құн 

шаруашылық операциясының теңестіру (идентификациялау) 
нүктесіндегі бағасы. Бұл ережеге сәйкес бухгалтерлік есептің мақсаты 
шаруашылық операциясы орындалғаннан кейін өзгере алатын “құнды” анықтау 
емес, шаруашылық операциясы орындалған сәттегі өзіндік құнды немесе құнды 
анықтау. Мысалы, активтердің құны оларды кіріске алу сәтінде есепке алынады 
және олар сатылмайынша немесе жұмсалмайынша сол деңгейде сақталады. 
Мұндай тәжірибе 
құн принципі 
деп аталады. Мәселені мысал келтіре отырып 
қарастырайық: белгілі бір субъект өндірістік ғимаратты 150000 теңгеге сатып-
өткізбекші делік, бұл ғимарат мүлік салығын төлеу үшін 850000 теңгеге 
бағалануы мүмкін, сондай-ақ өндірістік ғимарат 900000 теңгеге сақтандырылуы 
мүмкін. Келешек бір сатып алушы бұл өндірісітік ғимаратты 1200000 теңгеге 
сатуды, ал екінші біреулері 1100000 теңгеге сатуды ұсынады. Бұл жерде 
тексерілуі мүмкін емес құнға қатысты әртүрлі субъективті ой-пікірлер айтылып 
отыр. Ақыр аяғында сатып-алушы мен сатушы өндірістік ғимаратты 1100000
теңгеге бағалауға келісім жасайды. Барлық аталған сомалар әртүрлі бағалар 
ретінде танылады тек соңғысы ғана есепте көрсету үшін жеткілікті түрде 
сенімді баға болып табылады. Өндірістік ғимараттың нарықтағы құны жылдар 
ішінде өзгеруі мүмкін, бірақ сатып алушы кәсіпорынның бухгалтерлік 
жазуларында 1100000 теңге объект (өндірістік ғимарат) сатып-өткізілгенше 
қалады. Мұндай жағдайда бухгалтер жаңа шаруашылық операцияларын жаңа 
бағамен тіркейді және пайда (таза табыс) немесе зиян анықталады. 
Құн принципі 
тексерілу стандартына жауап береді. Құнды тексеруге 
болады, себебі ол баға жөнінде келісім жасайтын тәуелсіз сатып алушылар мен 
сатушылардың іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. 
Жіктеу 

бұл, шаруашылық операцияларын шоттар жүйесіне жазу 
мәселесі. Шараушылық операциясын бейнелеу (жазу) үшін шоттарды таңдау 
кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесіне әсер етеді. Мысалы, майда құрал-
саймандарды сатып алудың қалай жіктелінетіндігі (жөндеу шығындары ретінде 
ме, әлде негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу ретінде ме) таза табыстың 
шамасына әсерін тигізеді. Жіктеудің (классификациялаудың) өзі әрбір 
шаруашылық операциясының мәнін және оның кәсіпорын қызметінің 
нәтижесіне тигізетін әсерін дұрыс талдауға ғана емес, сонымен бірге шоттар 
жүйесінің (жоспарының) құрылымына да байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет