талдау жасалынғаннан кейін олар
Шаруашылық операцияларын тіркеу
журналына (Бас журнал)
немесе
“Т” шоттарға
(Бас кітапқа, ағымдағы есеп
регистрлеріне, яғни журнал-ордерлерге, ведомостарға, машинограммаларға,
т.б.) жазылады. “Т” шоттар бойынша ашылған ағымдағы есеп регистрлеріне
(журнал-ордерлерге, ведомостарға т.б.) Бас кітапқа экономикалық мазмұны
бойынша біртекті операциялар тіркеледі (жүйеленеді).
Шаруашылық операциялары “Т” шоттарға тікелей жазылуы (тіркелуі)
мүмкін. Алайда, мұндай жағдайда, әр түрлі шоттарға жазылған шаруашылық
операцияларына талдау жасаған кезде, тіркеу барысында орын алған қателерді
түзету кезінде қиындықтар туындайды. Сондықтан шаруашылық өмірдің
барлық фактілерін (операцияларды) олардың орындалу мерзіміне байланысты
немесе құжаттардың келіп түсуіне қарай хронологиялық тәртіппен күнделікті
Шаруашылық операцияларын тіркеу журналына
жазып отыру қажет. Бұл
журналда щаруашылық операциясының орындалған мерзімі, операцияны
тіркеуге негіз болған құжаттың номері, шаруашылық операциясының мазмұны,
сомасы және корреспонденцияланушы шоттар көрсетіледі (корреспонденция-
ланушы шоттардың номері жазылады).
Мысалы, кәсіпорында қаңтар айының ішінде төмендегі операциялар
орындалды делік:
1) 5 қаңтарда кәсіпорын жұмыскерлеріне еңбек ақы төлеу үшін есеп айырысу
шотынан кассаға нақты ақша алынды- 50000 теңге;
2) 6 қаңтарда кәсіпорын жұмыскелеріне кассадан еңбек ақы төленді - 50000
теңге;
3) 7 қаңтарда басқа кәсіпорыннан тегін (ақысыз) алынған негізгі құрал кіріске
алынды – 80000 теңге;
4) 10 қаңтарда жабдықтаушылардан келіп түскен шикізаттар қоймаға кіріске
алынды- 90000 теңге;
5) 12 қаңтарда банктің қысқа мерзімді несиесі есеп айырысу шотына
қабылданды – 100000 теңге;
6) 20 қаңтарда сатып алушы кәсіпорынға дайын өнім жөнелтілді – 160000 теңге;
7) 25 қаңтарда есеп айырысу шотынан жабдықтаушының қарызы өтелді – 60000
теңге;
8) 27 қаңтарда қоймадан өндіріске шикізаттар босатылды – 70000 теңге;
9) 28
қаңтарда есеп айырысу шотына сатып өткізілген өнім үшін сатып
алушылардың төлемі қабылданды – 190000 теңге;
10) 30 қаңтарда негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбек ақы есептелді – 80000
теңге.
Төменде осы қаңтар айында кәсіпорында орындалған операциялар
жазылған Шаруашылық операцияларын тіркеу журналы келтірілді (5.2 кесте).
Достарыңызбен бөлісу: