Принциптері



Pdf көрінісі
бет70/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

5.3 Кесте - БАС КІТАП 
Шот 
Есеп айырысу шотындағы нақты ақша 
Шоттың атауы (номері) 
Айлар 
Шоттың дебеті бойынша айналым 
Шоттың 
кредиті 
бойынша 
айналым
Сальдо 
1210 
шоттың 
кредитінен 
№11 
жур-
нал-ордері 
бойынша
3010 
шоттың 
кредитінен 
№4 журнал-
ордері 
бойынша
және 
т.б. 
Шоттың 
дебеті 
бойынша 
жиынтық 
Дебет
Кредит 
1.01.20
_ж.
сальдо 





1560000 

Қаңтар 
және 
т.б. 
айлар 
190000 
100000 

290000 
110000 
1740000 

Шаруашылық операцияларын тіркеу журналындағы 
операцияларды «Тң 
шоттарда жүйелеу ағымдағы есеп регистрлерінде де жүзеге асырылады. Ол 
үшін тиісті шоттар бойынша ашылған синтетикалық немесе аналитикалық есеп 
регистрлері пайдаланылады. Мысалы, «Кассадағы нақты ақшаң шотының 
кредиті бойынша операциялар № 1 журнал-ордерінде, ал дебеті бойынша 
операциялар сол журнал-ордерге көмекші ведомоста жүйеленеді. 
Шаруашылық операцияларын тіркеу журналындағы 
бухгалтерлік 
жазуларды Бас кітапқа немесе ағымдағы есеп регистрлеріне көшіру процесі 
тарату
(разноска) деп аталады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың жетілдірілуіне және оның 
прогрессивті 
(алдыңғы 
қатарлы) 
нысандарының 
(журнал-ордерлік, 
автоматтандырылған) енгізілуіне байланысты отандық тәжірибеде шаруашылық 
операцияларын шоттарға жазудың хронологиялық тәртібі мен жүйелі 
топтастыру үйлестірілген. 
 
Айналым ведомосы (тексеруші баланс) – бухгалтерлік 
процедуралардың бақылаушы құралы 
Бас кітапта
ашылған «Тң шоттардағы жазуларды қорытындылау және 
олардың дұрыстығын тексеру – есепті кезеңнің (айдың) аяғында құрылатын 
арнайы кестеде, яғни айналым ведомосында жүзеге асырылады. 
Синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша айналым 
ведомостарының құрылымы мен мазмұны және олардың пайдаланылу мақсаты 
оқулықтың алдыңғы тарауында (4.4.) егжей-тегжейлі қарастырылды. Сондықтан 
бұл жерде айналым ведомосы бухгалтерлік есептік циклдың негізгі кезеңдерінің 
118 


бірі, яғни шоттардағы жазулардың дұрыстығына тексеру жүргізу процедурасы 
ретінде сипатталады.
Айналым ведомосын құру үшін есепті кезең (ай, жыл) ішінде 
пайдаланылған барлық шоттардың тізімі жасалынады. 
Төменде қаңтар айының басында 
Бас кітапта
кіріспе баланстың баптары 
бойынша ашылып, сол айда орындалған шаруашылық операциялары жазылған 
шоттар бойынша құрылған Айналым ведомосы келтірілді (5.4 кесте ). 
Айналым ведомосын құру – шоттардағы бухгалтерлік жазулардың 
дұрыстығына бақылау жасауды қамтамасыз етеді. 
Жоғарыда келтірілген айналым ведомосындағы үш жұп бағаналардың 
жиынтық сомаларының тепе-теңдігі толығымен шаруашылық операцияла-
рының шоттарда екі жақты бейнеленуінен туындайды және сонымен 
түсіндіріледі. Айналым ведомосында аталған тепе-теңдіктердің бұзылуы шоттар 
бойынша жазуларда жіберілген қателіктердің куәсі болып табылады. Ал ол 
қателіктердің туындау себебі шаруашылық операцияларын шоттарда екі жақты 
бейнелеудің бұзылуынан болады. 
Сонымен, айналым ведомосы – шоттардың дебеттік және кредиттік 
айналымдарының, бастапқы және ақырғы сальдоларының тепе-теңдігін 
тексеруші негізгі құрал болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет