Принциптері


Құжаттарды толтыру тәртібі



Pdf көрінісі
бет78/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
Құжаттарды толтыру тәртібі 
 
Арнайы нысандағы бланкілерде жазылатын құжаттар және ақпараттарды 
машиналық тасымалдаушылар бухгалтерлік есептің 24 ”Бухгалтерлік қызметті 
ұйымдастыру” деп аталатын стандартында [11] белгіленген талаптарды сақтай 
отырып толтырылуға тиісті.
Аталмыш стандартқа сәйкес бастапқы құжаттар оның ішінде арнайы қағаз 
бланкілердегі құжаттар және ақпараттарды машиналық тасымалдаушылар дер 
кезінде (әдетте операция орындалған сәтте) сапалы түрде рәсімделіп, шын 
деректерді баяндауға тиісті және оларда шаруашылық операцияларын толық 
сипаттай алатын төмендегі міндетті мәліметтер (реквизиттер) болуы керек: 
-
құжаттың (нысанның) аты; 
-
толтырылған (рәсімделген) мерзімі (жылы, айы, күні); 
-
шаруашылық операциясының мазмұны; 
-
шаруашылық операциясының өлшемдері (заттай және ақшалай түрдегі); 
-
операцияның орындалуына және оның рәсімделуіне жауапты лауазымды 
тұлғалардың аты жөні мен олардың қойған қолдары. 
Бастапқы құжаттарды машиналық тасымалдаушыларда құру кезінде 
кәсіпорын шаруашылық операцияларының басқа қатысушылары үшін, сонымен 
бірге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау жасауды жүзеге 
асырушы органдарды, сот, прокуратура органдарының талаптары бойынша ол 
құжаттардың көшірмелерін арнайы қағаз бланкілер түріндегі тасымал-
даушыларда (құжаттарда) дайындауға міндетті. 
Сондай-ақ, жоғарыда аталған стандартқа сәйкес касса және банк 
құжаттарын жөндеуге болмайды. Бұл құжаттардағы жіберілген қателер 
түзетілмей, жаңа бланкілерде оларды қайта жасап барып, дұрыс көрсеткіштер 
жазылады. Қате жасалған құжат бүлінген болып есептеледі. 
Қалған бастапқы құжаттарға түзетулер тек шаруашылық операцияларына 
қатысушылар келісімі бойынша, құжатқа бұрын қол қойған тұлғалардың 
131 


қолымен, түзету жасаған мерзімді көрсете отырып расталуға (дәлелденуге) 
тиісті.
Құжаттарға түсірілетін мәліметтер сиямен немесе шариктік қаламсаппен, 
электрондық есептеу машиналарымен жазылады. Жазу таза, былғанышсыз, 
өшірусіз, түсінікті орындалуы керек. Құжаттардың нысанындағы бос қалған 
түзу жолдар мен тік жолдарға сызықша қойылады. Ақша қаражаттарының 
құжаттарында (чектер, кассаның кіріс және шығыс ордерлері) көрсетілген 
сомалар санмен және сөзбен жазылып көрсетіледі.
Құжаттар көрсекіштерін толтыруда қателер жіберілуі мүмкін. Мұндай 
қателер 
корректуралық түзету
әдісін қолдану арқылы түзетіледі. Бұл әдіс 
бойынша қате жазудың үсті жіңішке сызықпен сызылып, осы жазудың үстіне 
дұрыс сан немесе дұрыс көрсеткіш жазылады. Осылайша түзетілген құжатқа 
қысқаша түсінік беріліп, орындаушы адамның қолы қойылып, мерзімі 
көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет