-
құжаттарды арифметикалық тексеру:
арифметикалық есептердің
дұрыстығын анықтау (бағасын есептеп шығару, қорытындыларды
есептеу, сауда үстемесін (кемітуін) анықтау және басқалар бойынша
жүргізіледі;
-
мәніне
қарай
тексеру:
құжаттарды
оларда
бейнеленген
операциялардың заңдылығы, белгіленген нормалардың, сметалардың
және лимиттердің сақталуы тұрғысынан қарау мақсатын көздейді.
Құжаттар бухгалтерияға, әдетте, реестр бойынша өткізіледі. Оның
көшірмесі - бухгалтерияның оларды қабылдағаны жөніндегі қолхаты.
Бухгалтерияға қабылданған құжаттар есептік өңдеуден өткізілу үшін тиісті есеп
қызметкерлеріне беріледі. Бұл өңдеудің мәні бір текті құжаттар мен
операцияларды топтастыру, бағалау және олардың деректерін есеп
регистрлеріне жазу болып табылады.
Құжаттар бухгалтерияда номенклатуралық баға көрсеткішінде қаралған
бағалармен бағаланады. Топтастыру (жинақтау) бір текті бухгалтерлік
құжаттарды іріктеу, жинақтаушы регистрлерге (құжаттарға) жазудан тұрады.
Құжаттардың бір күнгі немесе бірнеше күнгі деректерінің қорытындылары
есеп регистрлеріне бастапқы және жиынтық құжаттарда көрсетілген
корреспонденцияланушы шоттар (дебет және кредит) бойынша жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: