Принциптері



Pdf көрінісі
бет80/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Құжат айналымы 
Барлық бухгалтерлік құжаттар толтырылған сәттен бастап, архивке 
берілген сәтке дейін есептік өңдеудің бірнеше сатыларынан өтеді. Құжаттардың 
толтырылған немесе басқа кәсіпорындардан алынған сәтінен бастап, архивке 
берілген сәтіне дейінгі есептік өңдеу процесіндегі қозғалысын 
құжат 
айналымы
деп атайды. Онда құжаттарды толтыру, оларды бухгалтерияға 
қабылдау (тексеру, бағалау және есептік өңдеу), деректерді есеп регистрлеріне 
жазу, архивке беру қамтылады.
Құжат айналымы әрі түсінікті, әрі көрнекті болуы үшін құжат 
айналымының графигі жасалады. Бұл графикте қандай құжат, қай бөлімдерден
қай уақытта келіп түсетіні анықталады. Құжат айналымының графигі 
кәсіпорынның құрылымын және есептеу техникасының қолданылуын ескере 
отырып жасалады. Құжат айналымының графигін кәсіпорын 
басшысы
бекітеді. 
Құжат айналымы графигінің орындалуына, сонымен бірге, құжаттарды өз 
уақытында және сапалы құруға, оларды бухгалтерлік есепте және қаржылық 
қорытынды есеп беруде көрсету үшін уақытылы тапсыруға, құжаттардағы 
мәліметтердің дұрыстығына жауап беретін сол құжаттарды құрушы және оларға 
қол қоюшы тұлғалар.
Кәсіпорын бастапқы құжаттарды, есеп регистрлерін және қаржылық 
қорытынды есепті мемлекеттік архив ісін ұйымдастыру ережелеріне сәйкес 
сақтауға міндетті.
 
133 


6.3 
Түгелдеу 
 
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп беру мәліметтерінің 
дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорынның мүліктеріне және 
ақшалай міндеттемелеріне кем дегенде жылына бір рет түгелдеу жүргізіледі. 
Түгелдеу дегеніміз
– 
кәсіпорын мүліктері мен міндеттемелерінің нақты 
барының бухгалтерлік есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексеру.
Бухгалтерлік есептің 24 ”Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру” деп 
аталатын қазақстандық стандартына және сол стандарт бойынша әдістемелік 
ұсыныстарға сәйкес кәсіпорын басшысы есепті кезең ішінде жүргізілетін 
түгелдеудің санын, түгелдеу жүргізу мерзімін және тәртібін айқындай алады. 
Аталмыш стандартқа сәйкес міндетті түрде түгелдеу жүргізуден басқа 
жағдайларда мүліктерге және міндеттемелерге тексеру жылына бір рет қана 
жүзеге асырылады. 
Міндетті түрде түгелдеу жүргізу төмендегі жағдайларда жүзеге асырылуы 
мүмкін: 
-
материалдық жауапкершілікті тұлғалар ауысқан кезде (істі қабылдаған-
тапсырған күні); 
-
ұрлану немесе пайдаланып кету, сонымен бірге тауарлы-материалдық 
босалқылардың бүліну фактілері айқындалған кезде; 
-
табиғат апаты, өрт, жол апаты немесе басқа кездейсоқ жағдайлар болған 
кезде; 
-
кәсіпорын жойылған (таратылған) кездегі жойылу (бөліп-тарату) балансын 
құрудың алдында және Қазақстан Республикасының заңдарында 
қарастырылған басқа жағдайларда. 
Түгелдеу жүргізудің негізгі мақсаттары: мүмкіндіктердің нақты барын 
анықтау; мүліктердің нақты барын бухгалтерлік есеп мәліметтерімен 
салыстыру; міндеттемелердің бухгалтерлік есепте толық көрсетілуін тексеру 
болып табылады. 
Түгелдеуге кәсіпорын қарамағындағы барлық мүліктер, сонымен бірге 
оның қарамағында жоқ, бірақ бухгалтерлік есепке тіркеуге алынған мүліктер 
(жауапты сақтауда тұрған, келісім-шартқа сәйкес жалға алынған, қайта өңдеуге 
қабылданған), сондай-ақ, қандайда бір себептермен есепке алынбаған мүліктер 
және міндеттемелердің барлық түрлері жатқызылуы мүмкін. 
Мүліктер мен міндеттемелерге түгелдеу жүргізу үшін құрамын кәсіпорын 
басшысы бекітетін түгелдеу жүргізу комиссиясы құрылады. Түгелдеу
комиссиясының құрамына әкімшілік өкілдері, бухгалтерия қызметкерлері, ішкі 
бақылау жүйесінің қызметкерлері және басқа мамандар, қажет болған жағдайда 
сыртқы аудит қызметінің өкілдері кіреді. 
Түгелдеу комиссиясын құру туралы кәсіпорын басшысының бұйырығы 
бекітілгеннен кейін, комиссия төрағасына бұйрықтың номері және мерзімі, 
134 


түгелдеуге жататын объектілер, түгелдеу мерзімі көрсетіліп, басшының қолы 
қойылған жазбаша өкім беріледі. 
Мүліктердің нақты барына тексеру жүргізуге кіріспес бұрын түгелдеу 
комиссиясына қоймаларға және басқадай мүліктерді сақтау орындарына 
пломбалар салу; түгелдеу жүргізу кезінде комиссия жұмысына пайдаланылатын 
таразылардың (өлшегіш приборлардың) дұрыстығын тексеріп алу, түгелдеу 
жүргізу сәтіне соңғы кіріс және шығыс құжаттарының реестрлерін немесе 
түгелдеуге жататын мүліктердің қозғалысы туралы қорытынды есепті алу 
қажет. Түгелдеу комиссиясының төрағасы реестрлерге (қорытынды есептерге) 
тіркелген барлық кіріс және шығыс құжаттарына ”түгелдеуге дейін” деп 
мерзімін көрсете отырып, қол қояды. Ол түгелдеу басталған мерзімге 
бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша қалдықты анықтауға негіз болады. 
Материалдық жауапты тұлғалар түгелдеу басталған мерзімге өздері 
жауапты сақтауға қабылдаған барлық мүліктердің кіріске алынғандығы, ал 
шыққандары есептен шығарылғандығы және өз жауапкершілігіндегі мүліктерге 
қатысты барлық кіріс және шығыс құжаттарының бухгалтерияға 
тапсырылғандығы жөнінде қол хат береді. Сол сияқты қол хаттар есеп беруге 
тиісті тұлғалардан (мүліктерді сатып алу үшін ақша берілген немесе мүліктерді 
алуға сенім хат берілген тұлғалар) да қабылданады.
Мүліктерге түгелдеу жүргізу оларды сақтау орындарында материалдық 
жауапты тұлғаны міндетті түрде қатыстыра отырып жүзеге асырылады. Бірақ, 
материалдық жауапкершілікті тұлғалар өз участоктарында түгелдеу 
комиссиясының мүшесі бола алмайды.
Түгелдеу жүргізу сәтінде белгілі бір мерзімге кәсіпорын мүліктері мен 
міндеттемелерінің нақты барын көрсетуші құжат – ”Түгелдеу тізімдемесі” 
толтырылады. Құжаттың нысаны төменде келтірілді. 
Материалдық жауапты тұлға ауысқан жағдайда мүліктердің нақты барына 
тексеру жүргізу кезінде ”Түгелдеу тізімдемесіне” мүлікті қабылдаушы тұлға 
қабылдағандығын растап, ал өткізуші - өткізгендігін растап қол қояды.
Түгелдеуге жататын барлық шикізаттар мен материалдар, тауарлар мен 
мүліктер т.б. барлығы да аттары мен сортына, көлеміне қарай жинақталады. 
Материалдық бағалы заттардың барлығы өлшенеді, көлемі анықталып, сандары 
саналады. Саны саналған, өлшенген негізгі құралдар, тауарлы-материалдық 
босалқылар, материалдық емес активтер бойынша мәліметтер ”Түгелдеу 
тізімдемесіне” түсіріледі, ал ақша қаражаттарын, құнды қағаздарды, есеп 
айырысуларды түгелдеу нәтижесі Актімен рәсімделеді. Бұл құжаттар кәсіпорын 
бухгалтериясына тапсырылады.
«НҰРң акционерлік қоғамы Нысан № Түг.-3 
Кәсіпорын, ұйым 
Цех (қойма) №1 
135 


№ 12 Тауарлы-материалдық құндылықтарды 
түгелдеу тізімдемесі 
«24
ң желтоқсан 2012 ж. 
Жанар-жағар майлар 
тауарлы-материалдық құндылықтардың түрі 
ҚОЛХАТ 
Түгелдеу басталған мерзімге тауарлы-материалдық құндылықтарға қатысты барлық кіріс және шығыс 
құжаттары бухгалтерияға тапсырылды және менің жауапкершілігіме қабылданған барлық тауарлы-
материалдық құндылықтар кіріске алынды, ал шыққандары есептен шығарылды. 
Материалдық жауапты тұлға: 
қойма меңгерушісі Алиев С.С. Алиев С.С. 
лауазымы
тегі аты-жөні қолы 
201
2 жылғы 18 желтоқсандағы № 26 бұйрықтың негізінде № 203 баланстық шотта 24 желтоқсан 2012 жылы 
есепте тұрған құндылықтардың нақты қалдығы алынды. 
Түгелдеу басталды 24 желтоқсан 2012 жыл 
Түгелдеу аяқталды 25 желтоқсан 2012 жыл 
Түгелдеу жүргізу кезінде ьөмендегілер айқындалды: 
Тауарлы-материалдық 
босалқылар 
Өлшем бірлігі 
Бағасы, 
теңге 
Нақты бары 
Бухгалтерлік есеп 
мәліметтері 
бойынша 
Құндылық-
тың атауы, 
түрі, сор-
ты, тобы 
Номен-
клату-
ралық 
коды 
Атауы 
Коды 
Саны 
Сомасы, 
теңге 
Саны 
Сомасы, 
теңге 









10 

Бензин 
45 
Л 
02 
41-00 
450 
18450 
500 
20500 

Керосин 
46 
Л 
02 
25-00 
680 
17000 
600 
15000 

Дизельдік 
отын 
47 
Л 
02 
39-00 
120 
4680 
120 
4680 
Барлығы 





40130 

40180 
Түгелдеу қорытындысын шығару мақсатымен кәсіпорын бухгалтериясында 
«Салыстыру ведомосың жасалынады. Аталмыш құжаттың нысаны төменде 
келтірілді. 
«НҰРң акционерлік қоғамы Нысан № Түг.-18 
Кәсіпорын, ұйым 
Цех (қойма) №1 
136 


Түгелдеу нәтижелерін салыстыру 
«26
ң желтоқсан 2012 ж. 
201
2 жылғы 18 желтоқсандағы № 26 бұйрықтың негізінде тауарлы-материалдық құндылықтардың нақты 
барына түгелдеу жүргізілді. 
Түгелдеу басталды 24 желтоқсан 2012 жыл 
Түгелдеу аяқталды 25 желтоқсан 2012 жыл 
Түгелдеу жүргізу кезінде ьөмендегілер айқындалды: 
№ Тауарлы-
мате-
риалдық 
босалқы-
лардың 
атауы 
Өлшем 
бірлігі 
Бағасы, 
теңге 
Бухгалтерлік 
есеп 
мәліметтері 
бойынша 
есепте 
тұрғаны 
Нақты бары 
Түгелдеу нәтижесі 
Артығы 
Кем шыққаны 
Саны Сома-
сы, тг 
Саны
41-00 
25-00 
Саны Сомасы, 
теңге 
Саны Сомасы, 
теңге 









10 
11 
12 

Бензин 
Л 
41-00 
500 
20500 
450 
18450 
50 
2050 

Керосин 
Л 
25-00 
600 
15000 
680 
17000 
80 
2000 
Барлығы 






80 
2000 
50 
2050 
Мұнда түгелдеудің нәтижесінде артық немесе кем шыққан 
құндылықтардың саны мен сомасы анықталады. ”Салыстыру ведомосына” 
түсірілген барлық мәліметтер ақшалай және сандық өлшеммен көрсетіледі. 
”Салыстыру ведомосына” кәсіпорын иелігіндегі барлық мүліктердің тізімі 
жазылмайды. Тек түгелденген мүлік пен есеп көрсеткіштерінің арасында 
ауытқулар болған жағдайда ғана ”Салыстыру ведомосы” жасалады. Түгелдеу 
комиссиясы материалдық құндылықтардың кем, не артық шығу себептерін 
анықтайды. Жетіспеушілік жөнінде ең соңғы шешім қабылдау үшін тиісті 
адамдардың берген түсінігіне қарай, түгелдеу комиссиясы қаулы қабылдайды. 
Мүліктердің жетіспеушілігі төмендегідей жолдармен есептен шығарылады. 
Табиғи кему шегіндегі жетіспеушілік кәсіпорын басшысының шешіміне қарай 
өндіріс шығындарына жатқызылады. Ал шектен тыс және талан-таражға түсіп, 
бүлінген құндылықтар материалдық жауапты (кінәлі) адамдардың есебінен 
өндіріледі. Егер нақты жауап беруші тұлғалар анықталмаған жағдайда, кем 
шыққан мүліктердің құны кәсіпорын басшысының шешіміне сай өндіріс 
шығындарына апарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет