Принциптері


2 Бухгалтерлік құжаттар



Pdf көрінісі
бет76/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

6.
Бухгалтерлік құжаттар 
 
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында орындалатын әрбір 
операция өзінің түрі мен мазмұнына қарамастан міндетті түрде құжаттарда 
тіркеліп отырады. 
 
Бухгалтерлік құжат
дегеніміз - орындалған шаруашылық операцияларын 
растайтын немесе оларды орындауға берілген бұйрықтарды белгілейтін 
жазбаша өкім қағазы. 
Шаруашылық операцияларын құжаттарда жаппай және үздіксіз тіркеп 
отыруды
 
құжаттау
деп атайды. Құжаттау есептің бастапқы сатысы болып 
табылады. Құжаттарда кәсіпорынның жұмысына оперативті басшылық жасау, 
оның қызметін бақылау үшін қажетті бүкіл экономикалық хабарлама 
баяндалады.
Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыруда құжаттардың ролі үлкен. Олар 
ең алдымен шаруашылықты күнбе-күн ойдағыдай басқару үшін қолданылады. 
Құжаттар арқылы материалдық заттардың, ақшалай қаржылардың күнделікті 
айналымын және оларды тиімді пайдалану жағдайын қадағалап отыруға 
болады. Құжаттарға оларды толтыруға және көрсетілген операцияларды 
орындауға жауапты адамдардың қолы қойылады. Сондықтан есеп құжаттары 
кәсіпорын қызметкерлерінің жауапкершілігін едәуір арттыруға мүмкіндік 
береді.
Сонымен бірге, дұрыс толтырылған құжаттардың заңдық күші бар. Дер 
кезінде және дұрыс толтырылған құжаттар есеп жазбаларының бірден бір заңды 
негіздемесі және кәсіпорында туған даулар мен талаптарды заңды түрде шешу 
үшін негіз болып табылады. 
Бухгалтерлік есеп құжаттары бойынша кәсіпорынның шаруашылық 
қызметіне бақылау және тексеру жүргізіліп отырады. 
Құжаттар өндірістің пайдаланылмаған резервтерін, ысыраптың және 
тиімсіз шығынның себептері мен оған кінәлілерді анықтау мақсатымен 
шаруашылық қызметке жасалатын жан-жақты талдаудың негізі болып 
табылады. 
129 


Арнайы нысандағы бланкілерде жазылған құжаттар, ақпараттарды 
машиналық тасымалдаушылар (сеттік байланыстар, дискеттер, машинограм-
малар) хабарлама көзі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет