Принциптері


Бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны



Pdf көрінісі
бет84/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны
 
Сурет 6.1 Бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны 
Отандық тәжірибеде бухгалтерлік есптің мемориалдық-ордерлік нысанын 
жетілдіру процессін жүзеге асыру негізінде, мемориалдық ордерлерді және 
тіркеу журналын жасау бірте-бірте жойыла бастады. Яғни, қазіргі кезде 
топтаушы және жинақтаушы ведомостарға негізделген есеп регистрелерін 
жасау нәтижесінде бухгалтерлік есептің ақпараттарды қолмен өңдеу 
процессінде алдыңғы қатарлы есеп нысаны болып табылатын журнал-ордерлік 
нысан кеңінен қолданылады.
Журнал-ордерлік нысан

бастапқы есеп мәліметтерін бухгалтерлік есептің 
барлық бөлімдері бойынша активтер мен олардың құралу көздерінің және 
шаруашылық операцияларының синтетикалық, аналитикалық есебін жүргізуді 
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін есеп регистрлерінде жинақтау және 
жүйелеу принципіне негізделген.
Операцияларды тіркеу шахматтық принципке негізделген және оларды 
әрбір есепті кезең (ай) бойынша жинақтау арқылы жүргізіледі. Жазулар 
Бастапқы және жинақтаушы 
құжаттар 
Касса кітабы 
Аналитикалық шоттар 
картотекасы 
Áàñ êiòàï 
Синтетикалық шоттар 
бойынша айналым 
ведомосы 
Аналитикалық 
шоттар бойынша 
айналым ведомосы 
Тіркеу журналы 
Бухгалтерлік баланс 
Топтастырып жи-
нақтаушы шоттар 
Мемориалдық 
ордерлер 
Бас кітап 
143 


сызықтық-позициялық әдіспен шоттың кредиттік белгісі бойынша төмендегі 
схемада көрсетілген реттпен жүреді: 
құжат – регистр – қаржылық 
қорытынды есеп нысандары.
Журнал-ордерлік нысанның регистрлеріне - 
журнал-ордерлер, ведомос-
тар, Бас кітап 
жатады.
Осы аталғандардың ішінде басты регистр болып журнал-ордерлер 
саналады, олар жинақтау ведомостары (журнал) мен мемориал ордердің (ордер) 
қосындысы болып табылатындықтан, бұл регистрдің атын осылайша атау 
қалыптасқан. 
Журнал – ордерлерде және олардың ведомостарында шаруашылық 
операцияларын тиімді топтастыруға мүмкіндік беретін типтік шоттар 
корреспонденциялары қарастырылған. 
Бухгалтерлік есепті журнал-ордерлік нысан бойынша ұйымдастыруда 
шаруашылық операцияларының шоттарда хронологиялық және жүйелі түрде 
жазылуы бір уақытта бірегей жұмысшы процесс ретінде жүзеге асырылады. 
Яғни, шаруашылық операцияларын хронологиялық тіркеу журналы 
жүргізілмейді. Жинақтаушы регистрлерге жазулар кәсіпорынның қаржы-
шаруашылық және коммерциялық қызметін басқару үшін, сонымен бірге айлық, 
тоқсандық және жылдық қорытынды есептерді құру үшін қажетті көрсеткіштер 
бойынша жазылады. Аналитикалық және синтетикалық есеп шоттарға жазудың 
бірегей жүйесі арқылы бухгалтерлік регистрлердің екі түрін: журнал-ордерлерді 
және көмекші ведомостарды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Журнал-ордерлерді және көмекші ведомостарды құру шаруашылық 
операцияларын шоттарға тіркеудің кредиттік белгісіне негізделген. Яғни, 
бастапқы құжаттардың мәліметтері журнал-ордерлерге тиісті шоттардың 
кредиті бойынша бір уақытта олармен корреспонденцияланушы шоттардың 
дебеттік айналымдарын көрсету арқылы жазылады. Ал көмекші ведомостарда 
жазулар керісінше тиісті шоттардың дебеті бойынша бір уақытта олармен 
корреспонденцияланушы шоттардың кредиттік айналымдарын көрсете отырып 
орындалады. Төменде кассадағы нақты ақшаның қозғалысы бейнеленетін 
журнал-ордер мен көмекші ведомостың нысаны келтірілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет