6.5
Бухгалтерлік есеп нысандары және олардың маңызы
Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын есеп регистрлерінің құрылымы,
олардың өзара байланыстары және регистрлерде шаруашылық операцияларын
жазу реті мен әдістері бухгалтерлік есеп нысандарымен айқындалады.
70000
70000
70000
70000
141
Бухгалтерлік есеп нысаны
дегеніміз - шаруашылық операцияларын белгілі
бір ретпен көрсету және жазуларды тиісті тәсілдер бойынша топтастыру үшін
пайдаланылатын есеп регистрлерінің жиынтығы.
Қазақстан Республикасында қазіргі кезде бухгалтерлік есептің мынадай
нысандары қолданылады:
1.
Мемориалдық –ордерлік
2.
Журнал-ордерлік
3.
Автоматтандырылған
4.
Жеңілдетілген (қысқартылған)
Бухгалтерлік
есептің
мемориалдық-ордерлік нысаны
бойынша
синтетикалық есеп кітаптарда немесе көп бағаналы ведомстарда жүргізіледі.
Әрбір шаруашылық операциясына (немесе жинақтық құжаттарға
біріктірілген операциялар тобына) мемориалдық ордер толтырылады.
Мемориалдық ордердің басты мазмұны - шот корреспонденциясы, оның
жасалынған мерзімі және сомасы.
№ 13 Мемориалдық ордер
18 қаңтар 2002 жыл
Дт 902
Кт 681
Сомасы – 20000 теңге
Бухгалтердің қолы_________________
Құрылған мемориалдық ордерлер хронологиялық тәртіппен тіркеу
журналына жазылады, оларға реттік номер тағайындалады. Шаруашылық
операциялары жөніндегі мәліметтер тіркеу журналына жазылғаннан кейін
мемориалдық-ордерлердің ақпараттары Бас кітапқа немесе оны айырбастайтын
көп бағаналы ведомосқа жазылады.
Мемориалдық-ордерлік нысан қарапайымдылығымен ерекшеленеді, бірақ
оның кемшіліктері де бар. Оны жүргізуде өте көп мемориалдық-ордерлерді
құру, бірдей мәліметтерді әр түрлі регистрлерге жазу қажет. Төменде
мемориалдық-ордерлік нысан бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
сұлбасы (сурет 6.1.) келтірілді.
142
|