Принциптері


  Есеп регистрлері. Бухгалтерлік жазулардағы



Pdf көрінісі
бет81/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

6.4 
Есеп регистрлері. Бухгалтерлік жазулардағы
қателерді түзету тәсілдері
 
137 


Шаруашылық операцияларын көрсету (бейнелеу) үшін пайдаланылатын 
бухгалтерлік шоттар қарапайым кесте нысанында болады.
Бухгалтерлік шоттарды тіркеу үшін пайдаланылатын барлық нысандар 
(кестелер) есеп регистрлері болып табылады. 
Есеп регистрлері дегеніміз
– 
бухгалтерлік ақпараттарды алғашқы тасымалдаушыларда көрсетілген 
(бейнелеген) шаруашылық операцияларын тіркеу және топтау үшін 
пайдаланылатын кестелер.
Есеп регистрлері алуан түрлі. Сондықтан есеп регистрлерінің мазмұнын 
түсініп – меңгерудің тиімді жолы оларды белгілі бір белгілері бойынша жіктеу 
болып табылады. 
Есеп регистрлері мынадай белгілері бойынша төрт топқа жіктеледі (схема 
6.2.): 
1.
Сыртқы түрі бойынша; 
2.
Операциялардың мазмұны бойынша;
3.
Операцияларды жазу (бейнелеу) сипаты бойынша; 
4.
Регистрлердің құрылымы бойынша. 
Сыртқы түрі бойынша
регистрлер: кітаптар, карточкалар, жеке парақтар, 
машинограммалар болып бөлінеді.
Кітаптар
– 
шаруашылық операцияларын жазуға арналған түптелген және 
номерленген қағаз парақтары. Кітаптар, әдетте бір жылға ашылады. Кітаптың 
бірінші бетінде есепті жыл ішінде бухгалтерлік жазу жазылатын шоттың немесе 
аралық шоттың атауы көрсетіледі. 
Карточкалар
– 
форматтары бірдей түптелмеген кітап парақтары түрінде 
болады. Карточкалар ерекше (арнайы) жәшіктерде сақталады және картотеканы 
құрайды. 
Жеке парақтар 

өздерінің көлемі және сақтау тәсілі жағынан 
карточкалардан өзгеше болады. Көлемі үлкен үлгіде жасалынғандықтан оларды 
жеке папкаларда сақтайды.
Машинограммалар

ақпараттарды электрондық есептеу машиналарында 
өңдеу нәтижесінде алынатын арнайы регистрлер. 
Операциялардың мазмұны бойынша регистрлер мынадай топтарға 
бөлінеді: 
1.
Синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлері.
Аналитикалық есеп регистрлері
аналитикалық есеп көрсеткіштерін 
бейнелеу үшін пайдаланылады. 
Синтетикалық есеп регистрлері
синтетикалық есеп көрсеткіштерін 
(мәліметтерін) бейнелеу үшін пайдаланылады. 
Операцияларды жазу (бейнелеу) сипаты бойынша регистрлер 
хронологиялық, жүйелеуші және құрамдастырылған болып бөлінеді 
Хронологиялық регистрлер
барлық құжаттарды олардың келіп түсу 
мерзіміне қарай тіркеп отыру үшін пайдаланылады. Бұл регистрлер барлық 
138 


құжаттардың сақталуын, сондай-ақ есепті кезеңнің аяғынада хронологиялық 
және жүйелік жазулардың жиынтығын салыстырып тексеру мүмкіндігін 
қамтамасыз етеді. 
Жүйелеуші регистрлерде
шаруашылық операциялары экономикалық 
мазмұны бойынша топтастырыла отырып тіркеледі. 
Құрамдастырылған регистрлерде 
шаруашылық операциялары бір уақытта 
хронологиялық және жүйелеуші тәртіппен жазылады. Мұндай регистрлер 
бухгалтерлік есепті журнал-ордерлік нысан бойынша жүргізуде қолданылады. 
Құрылымы бойынша регистрлер
бір жақты, екі жақты, көп бағаналы, түзу 
сызықты, шахматты болып бөлінеді. 
Бір жақты регистрлер дегеніміз
– 
шоттардың дебеттік және кредиттік 
белгісі бойынша бухгалтерлік жазулар бір жағында көрсетілетін регистрлер. 
Екі жақты регистр дегеніміз
-
сол жағында шоттың дебеттік белгісі 
бойынша, ал оң жағында кредиттік белгісі бойынша бухгалтерлік жазулар 
жазылатын регистр. 
Көп бағаналы регистрлерде
шоттардың дебеті немесе кредиті жағындағы 
мәліметтер жазылған (ашылған) түрде тіркеледі. Мысалы, шығындар шығын 
баптары немесе элементтері бойынша көрсетіледі. 
Түзу сызықты регистрлерде
экономикалық мазмұны байынша біртекті 
ақпараттарды (кейде бірнеше шаруашылық операциялары бойынша) бір жолға 
жазуға болады. 
Шахматтық регистрлер
шахматтың белгілі принципі бойынша құрылады, 
яғни әрбір жазылған сома екі белгіні сипаттайды, мысалы: дебеттелінген және 
кредиттелінген шот. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет