Принциптері


Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері



Pdf көрінісі
бет82/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері
Есеп регистрлерін ұқыпты түрде, қатесіз жүргізу қажет. Егер регистрлерде 
бухгалтерлік жазуларды орындауда қателер жіберілетін болса, оларды 
төмендегі тәсілдерді пайдалана отырып, жөндеуге болады: 
1.
Қате жазылған соманың немесе тексттің үстін бір сызықпен сызады да 
үстіне дұрыс соманы немесе тексті жазады. Ондай тәсілді 
корректуралық
тәсіл деп атайды. 
Мысалы, 900 санының орнына 800 жазылуға тиісті делік, онда қате 
жазылған сан (900) үстінен бір сызықпен сызылып, жоғарғы жағына дұрыс сан 
800 жазылады –
800
900 
Түзетуге қысқаша түсінік беріліп, орындаушы адамның қолы қойылады 
және мерзімі көрсетіледі. 
2.
Қосымша жазу 
тәсілі

Регистрлердегі қателерді түзетудің бұл тәсілі қатенің 
анықталған уақытысынан тәуелсіз, яғни баланс жасалғанға дейін де, 
139 


жасалғаннан кейін де қолданылады. Регистрлердегі көрсетілген шоттар 
корреспонденциясы дұрыс анықталған, бірақ операцияның сомасы 
азайтылып көрсетілген жағдайда пайдаланылады. Қатені түзетуде тек 
азайтылып көрсетілген сома мен дұрыс соманың арасындағы айырма сомаға 
қосымша 
бухгалтерлік 
жазу 
орындалады, 
яғни 
сондай 
шот 
корреспонденциясы анықталады. 
Мысалы, кәсіпорынға жабдықтаушыдан келіп түскен 50000 теңгенің 
материалдары кіріске алынды делік, бірақ қателесіп ол сома 40000 теңге 
көлемінде жазылды. Яғни, 10000 теңгеге қосымша бухгалтерлік жазу 
орындалуға тиісті. 
0
Жабдықтаушылар және
Шикізаттар
ДТ мердігерлермен есеп айырысу КТ ДТ
мен материалдар КТ 
1) 40000 1) 40000 
2) 10000 2) 10000
Бірінші жазу қателесіп жазылған жазу, екіншісі - қосымша жазу. Екеуінің 
бірігуі нәтижесінде шаруашылық операциясы бухгалтерлік есепте дұрыс 
бейнеленеді.
3.
Кері жазу
тәсілі. Бұл тәсілді пайдалануда қате жазылған бухгалтерлік жазу 
қызыл сиямен немесе қоршауға алу арқылы қайталанады. Содан кейін 
кәдімгідей сиямен дұрыс жазу жазылады. Операциялардың нәтижесін қосқан 
кезде, яғни жиынтық шығарған кезде қызыл сиямен жазылған немесе 
қоршауға алынған жазу шегеріліп тасталады, яғни алғашқы қате жазу 
бухгалтерлік есеп шоттарынан алынып тасталынады. Есеп регистрлерінде 
жіберілген қателерді қосымша жазу және кері жазу тәсілдерін пайдаланып 
түзету тиісті бухгалтерлік құжаттармен (бухгалтерлік анықтама) рәсімделеді. 
Осы құжаттардың негізінде қате жазу орындалған барлық регистрлерде 
түзету жасалынады.
Мысалы, кәсіпорын қоймасына кіріске алынған 70000 теңгенің мұнай 
өнімдері төмендегі бухгалтерлік жазу арқылы көрсетілуге тиісті: 

 


ДТ КТ 

Отындар…………………………………………………….70000

Жабдықтаушылар және

мердігерлермен есеп айырысу……………………………….70000 
Бірақ, қателесіп бухгалтерлік есепте ол операция былайша көрсетілді:


ДТ КТ 

Материалдар……………………………………………….70000
140 



Жабдықтаушылар және

мердігерлермен есеп айырысу……………………………..70000 
 
Қатені түзету үшін қате жазылған шот корреспонденциясы қызыл сиямен 
жазылып немесе кәдімгі сиямен қоршауға алынып қайталанады: 

ДТ КТ 


Материалдар………………………………………………
 

Жабдықтаушылар және

мердігерлермен есеп айырысу……………………………... 
 
Бұл кері жазуды пайдалану арқылы қате жазылған шот корреспонденциясы 
жойылады. Содан кейін кәдімгі сиямен дұрыс жазу орындалуға тиісті:

ДТ КТ 

Отындар…………………………………………………….70000

Жабдықтаушылар және

мердігерлермен есеп айырысу……………………………….70000 
 
Жоғарыда келтірілген жазулар шоттардың схемасында былайша көрініс табады: 
Жабдықтаушылар
және мердігерлермен Шикізаттар мен
есеп айырысу материалдар Отындар
ДТ КТ ДТ К Т ДТ КТ 
1) 70000 1) 70000
3) 70000

2) 2)
3) 70000
Айналым 70000 Айналым – Айналым 70000 
Шоттар бойынша айналым сомаларын 
қосқан кезде ”Жабдықтаушылар 
және мердігерлермен есеп айырысу” шоты бойнша кредиттік айналым 70000 
теңгеге, ”Шикізаттар мен материалдар” шоты бойынша айналым сомасы нольге, 
ал ”Отындар” шоты бойынша дебеттік айналым сомасы 70000 теңгеге тең 
болады. Бұл толығымен дұрыс жазудың мзмұнына сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет