Принциптері


Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған нысаны



Pdf көрінісі
бет86/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған нысаны 
 
Мәліметтерді машинада өңдеу 

 
Сурет 6.3 Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған нысаны 
 
Бухгалтерлік есептің жеңілдетілген нысаны –
шағын кәсіпкерлік 
субъектілерінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруда кеңінен пайдаланады. 
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде есеп объектілері мен қаржы-шаруашылық 
операциялары әлдеқайда аз, ол әрине өндірістік босалқылардың, шығындардың, 
сатып-өткізу операцияларының, есеп айырысулардың, қорлардың қаржылық 
нәтижелердің есебін жеңілдетуге қолайлы мүмкіншіліктер жасайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі мен қаржылық қорытынды есеп 
беруін жеңілдетілген (қысқартылған) нысанмен жүргізу Қазақстан 
Бастапқы құжаттар 
Бастапқы құжаттардың мәліметтерін 
электрондық есептеу машинасына енгізу 
Бухгалтерлік 
баланс 
Есеп нысаны 
шегіндегі қажетті 
нәтижелік 
ақпараттар 
Қаржы шаруашылық 
қызметтің нәтижесі 
жөніндегі қорытынды 
есеп 
148 


Республикасы Президентінің заң күші бар «Бухгалтерлік есепке алу туралың 
жарлығымен [9] белгіленді. Аталмыш жарлықты жүзеге асыру, шағын 
кәсіпкерлікті қолдаудың арнаулы бағдарламасын жүзеге асыру және оған 
көмектесу мақсатында бухгалтерлік есептің N23 «Шағын кәсіпкерлік 
субъектілерінің есебі және қорытынды есеп беруің деп аталатын Қазақстандық
стандарты [11] жасалынып қабылданды.
Бухгалтерлік есепті жеңілдетілген (қысқартылған) нысанмен ұйымдастыру 
есеп жүргізудің қарапайым болуын, шаруашылық операцияларын уақтылы 
көрсетумен қатар, қаржылық ақпаратты жетілдіруде айқындық пен оңайлықты 
көздейді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп 
берудің жеңілдетілген жүйесін таңдауы ерікті негізде жүргізіледі. Бухгалтерлік 
есепті ұйымдастырудың жеңілдетілген нысанын қолданған кезде субъектілер 
шаруашылық операцияларын есеп регистрлеріне жазу үшін негіз болып 
табылатын растаушы бастапқы құжаттарды сақтау міндетінен босатылмайды.
Аталмыш стандартқа сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісі болып 
табылатын заңды тұлға ретінде тіркелген субъектілер салық базасын 
анықтаудың ықшамдалған жүйесін қолдана және салық органы белгілеген 
регистрлерде өз шаруашылық операцияларын көрсете алады, яғни оларға 
бухгалтерлік есеп беру құжаттарын толтыру және жеңілдетілген (қысқартылған) 
нысан бойынша, оның ішінде қосарлы (екі жақты) жазу тәсілін, шоттар 
тізбегін қолданбай-ақ бухгалтерлік есеп стандарттарында қарастырылған басқа 
талаптарды сақтамай-ақ кірістер мен шығыстарды есепке алу кітабын жүргізу
құқығы берілген.
Салық базасын анықтаудың ықшамдалған жүйесін қолданбайтын 
субъектілер шаруашылық қызметінің есебін шоттар тізбегін және қосарлы (екі 
жақты) жазу тәсілін пайдалана отырып, стандартта ұсынылған есеп 
регистрлерінде немесе бухгалтерлік есептің журнал-ордерлік нысанының
регистрлерінде жүргізеді.
Бастапқы есеп құжаттарындағы мәліметтерді жинақтау, жіктеу және 
қорытындылау үшін және оларды бухгалтерлік есептің шоттары мен қаржылық 
қорытынды есепте көрсету үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері төмендегі 
регистрлерді пайдалана алады:
1. Шаруашылық операциялары есебінің кітабы.
2. Бірнеше ведомостардан тұратын бухгалтерлік есеп регистрлері.
Шаруашылық операциялары есебінің кітабы кәсіпорын мүлкі мен ақша 
қаражаттарының белгілі бір мерзімдегі нақты барын анықтауға және қаржылық 
қорытынды есеп беру үлгілерін дайындауға негіз болатын аналитикалық және 
синтетикалық есеп регистрі болып табылады. Онда субъект пайдаланатын 
барлық шоттар ашылады және сол шоттардың әрқайсысында шаруашылық 
операцияларының есебін жүргізу мүмкіндігі бар.
149 


Шаруашылық операцияларының кітабы бастапқы құжаттардың негізінде 
немесе шаруашылық операцияларының көлемінің көптігіне байланысты 
ведомостардың жиынтық мәліметтері бойынша толтырылады. Аталмыш кітап 
пен ведомостардың мәліметтері баланс және бухгалтерлік қаржылық 
қорытынды есептің басқадай үлгілерін құру үшін пайдаланылады.
Төменде шағын кәсіпкерлік субъектілерінде бухгалтерлік есепті 
жеңілдетілген (қысқартылған) нысан бойынша ұйымдастыру сұлбасы (сурет 
6.4
.) келтірілді.
Аталмыш стандартқа сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері өздерінің 
шаруашылық қызметінің есебін салық заңында анықталған тәртіп бойынша 
жүргізеді, яғни олар шаруашылық процессі кезінде болатын өздерінің 
табыстары мен шығыстарының сомасын тіркелген орнында салық мекемелері 
берген кітапта жүргізеді.
Бұл кітапта шаруашылық операциялары, екі жақты жазу тәсілін және 
субъектінің қаржы шаруашылық қызметінің шоттар тізбегін қолданбай-ақ, 
хронологиялық тәртіп бойынша (бастапқы құжаттар негізінде) позициялық 
тәсілмен көрсетіледі.
Кітап бір күнтізбелік (календарлық) жылға ашылады және ол номерленіп, 
жіппен байланып және салық органының мөрімен бекітілуге тиісті. Кәсіпкердің 
қолымен куәландырылған соңғы бетте парақтар саны жазылады. Яғни, шаруа 
қожалықтарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру «Табысң, «Шығысң, 
«Қалдықң принципіне негізделген шаруашылық операцияларының есебін 
жүргізу кітабында жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде шаруашылық жүргізуші субъектілер Қазақстан Респуб-
ликасының заңымен белгіленген есептің жалпы әдістемелік принциптерін және 
есеп ақпараттарын өңдеу технологиясына қойылатын талаптарды ескере 
отырып, аталмыш нысандардың бірін жетілдіру арқылы, өздерінің қаржы 
шаруашылық қызметінің ерекшеліктеріне сай, тиімді нысанда бухгалтерлік 
есепті ұйымдастыруына болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет