Принциптері


 Үздіксіз қызмет ету ұйғарымы



Pdf көрінісі
бет94/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

1. Үздіксіз қызмет ету ұйғарымы
Кәсіпорынның қызметін тоқтату жөнінде ешқандай белгі болмағанға 
дейін бухгалтер кәсіпорын үздіксіз ұзақ уақыт қызмет атқарады деп есептейді. 
2. Сәйкестілік ұйғарымы
Табыстар, іс жүзінде тауардың сатылған және қызметтердің орындалған
уақытына сәйкес сол тиісті есепті мерзімде көрініс табылуы тиіс және 
шығыстар, белгілі бір табыстың түрін алу барысында, соған қатысты шығыс 
болғанда ғана, сол есепті мерзімнің шығысы ретінде танылады. 
Сәйкестілік ережесін қолдану 
есептеу әдісінің
туындауына алып келді. 
Есептеу әдісі бойынша кәсіпорынның қаржы шаруашылық операциялары, 
олардың ақша қаражаттары төленген немесе алынған сәтте емес, яғни олардың 
іс жүзінде орындалған сәтінде бухгалтерлік есепте тіркеледі. Есептеу әдісі екі 
қадамнан тұрады: табыстар мен шығыстардың танылуы және трансформация 
(корректировка). 
Табыстың танылуы - табыстың алыну сәтін анықтау процесі.
Мысалы: 
1.Жарнама агенттігі клиент қызметтерін төлеген кезде емес, клиенттерінің 
жарнамасын басылымға шығарған сәтінде табыс ретінде танылады. 
2. Сақтандыру компаниясы клиенттер сақтандыру полистерін сатып алған кезде 
емес, сақтандыру полисінің мерзімі аяқталған кезде табысты тіркейді. 
Есептеу принципі 
Қаржылық қорытынды есеп есептеу принципі негізінде дайындалады. Бұл 
принцип қаржылық қорытынды есепке келесідей әсер етеді: 

Операциялар мен оқиғалар, ақша қаражаттарының төленуі немесе келіп 
түсуі нәтижесінде емес, іс-жүзінде орындалған сәтінде танылады.

Бұл ақша қаражаттары немесе басқадай қаржылық ресурстардың 
бухгалтерлік баланста актив ретінде көрініс табуына мүмкіндік береді. 

Бұл бухгалтерлік баланста міндеттемелер ретінде танылған ақша 
қаражаттарды төлеуге немесе қызметтерді орындауға міндеттейді. 

Пайда мен зиян жөнінде қорытынды есепте табыстар мен шығыстарды 
олардың тиісті мерзімдеріне сәйкес танылуын талап етеді. 

Есептеу принципі сәйкестік принципімен байланысты, яғни табыстар
ақша қаражаттарының алыну мерзімінде емес, тауарлардың сатылған 
немесе қызметтердің орындалған сәтінде танылады. 
Мысалы: 
1.
Серіктестік 2012 жылдың 21 наурызында сатып алушыға, жалпы сомасы
458 000 теңге болатын, өнімді жөнелтті және сол сомага сатып алушыға шот 
ұсынды. Осы шаруашылық фактісіне келесі корреспонденция орындалады: 

159 


 
ДТ КТ 
1210 «
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің

қысқа мерзімді дебиторлық борыштарың 458 000
6010 «
Өнімді сатып-өткізуден және қызмет көрсетуден

түскен табысң 458 000
2. Серіктестік 6 айға, жылдық мөлшері 30 пайыз көлемінде сый-ақы 
тағайындалған, 800 000 теңге сомасына инвестиция салды. Есептік принципіне 
сәйкес серіктестік ай сайын алынуға тиісті пайыздарды есептейді. Ай сайын
бухгалтерлік есепте келесі шоттар корреспонденциясы орындалады: 

ДТ КТ 

1270 «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сый-ақыларң 20 000 

6110 «Сый-ақылар бойынша табыстарң 20 000 
 
Егер пайыздар тоқсан сайын алынатын болса, бухгалтер бухгалтерлік есепте 
келесі шоттар корреспонденциясы орындалады: 

ДТ КТ 

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 60 000 

1270 «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сый-ақыларң 60 000


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет