Принциптері


  Кассадағы ақша қаражататрының және қысқа мерзімді қаржылық



Pdf көрінісі
бет96/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
161 


Кассадағы ақша қаражататрының және қысқа мерзімді қаржылық 
инвестициялардың есебі
Қолма қол ақша немесе несиені пайдалану арқылы сатып алу, сатып-өткізу 
операцияларының нәтижесінде кәсіпорында ликвидті активтер пайда болады. 
Ликвидті активтерге (short–term lіquіd assets)
ақша қаражаттары, қысқа 
мерзімді инвестициялар, алынуға тиісті шоттар мен вексельдер жатады. Олар 
тез уақыт аралығында ағымдағы міндеттемелерді өтеуге пайдаланыла алады. Ал 
функционалдық шаруашылық қызметтің активтері ликвидтілігі төменірек 
болып табылады. Ондай өндірістік активтерге материалдық босалқылар, 
ғимараттар, жабдықтар, материалдық емес активтер, табиғи ресурстар жатады. 
Әдетте, ақша қаражаттары кассадағы қолма қол ақшадан, клиенттерден келіп 
түсетін чектер мен ақша аударымдарынан және банктегі ағымдағы шоттардағы 
салымдардан тұрады. «Кассаң шотында еркін пайдалануға рұқсат етілмейтін 
компенсациялық қалдық (compensatіng balance)
деп аталатын сома да болуы 
мүмкін. Компенсациялық қалдық, бұл – берілген несие бойынша келісім-
шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, банктің талабы бойынша 
кассада сақталатын минималды сома. Мұндай келісім-шарт ақша 
қаражаттарына еркін пайдалануға шектеу қояды және компания активтерінің 
ликвидтілігін төмендетеді. Сондықтан құнды қағаздар және биржалық 
операциялар бойынша комиссия қаржылық қорытынды есепке ескертуде 
компенсациялық қалдықтың сомасын жеке ашып көрсетуді талап етеді. 
Кей уақытта компания ағымдағы міндеттемелерді өтегеннен кейін қалған 
артық ақша қаражаттарын жоғарғы пайыздық қысқа мерзімді салымдарға салып 
тиімді пайдалануына болады. Әсіресе нарықта жоғары пайыздық салымдар 
бойынаша ұсыныстар бар уақытта компания артық ақшаларын мерзімдік 
депозиттерге, депозиттік сертификаттарға, мемлекеттік немесе басқадай құнды 
қағаздарға салады. Мұндай салымдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет