Принциптері



Pdf көрінісі
бет98/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

«Кассалық кіріс ордерің
бойынша кіріске алынады. Құжат
төменде келтірілді.
Құжат кәсіпорын бухгалтериясында толтырылады, оған міндетті 
түрдебухгалтердің (немесе құжатты толтыруға жауапты бухгалтердің) және 
кассирдің қолдары қойылады. Сонымен бірге ордердің екінші жыртылатын 
бөлігі ақша өткізетін тұлғаға берілетін квитанциясы болады. Онда да жоғарыда 
аталған қызметкерлердің қолдары болуы керек және кәсіпорынның мөрі 
басылады.
Кассадан берілген нақты ақша (КО-2 нысанындағы) 
«Кассалық шығыс 
ордеріменң
куәландырылады. Бұл құжат та кәсіпорын бухгалтериясында 
толтырылып, оған кәсіпорын басшысының,бухгалтердің (немесе құжатты 
толтыруға жауапты бухгалтердің), ақша алушының және кассирдің қолдары 
163 


қойылады. Ақша алушы алған сомасын жазумен көрсеткен соң, қол қоюы керек. 
Құжат төменде келтірілді.
Еңбек ақы және сол сияқты басқадай төлемдер қызметкерлерге арнайы 
төлем ведомостары
бойынша төленеді. Ведомостың бірінші бетінде төленуге 
тиісті сомалар жазумен толтырылады, кәсіпорын басшысы менбухгалтердің 
төлеуге рұқсат еткен қолдары қойылады. Ведомоста көрсетілген соманы әркім 
өздері қол қойып алуға тиісті. Әлдекімдердің өздері келе алмайтын жағдайы 
болса, басқа біреуге «сенім қағазң беруіне болады. Мұндай жағдайда 
бухгалтерия соманы алуға тиісті адамның фамилиясы мен аты-жөнінің соңына 
сенім қағазбен алушының фамилиясы мен аты-жөнін көрсету керек. Сонан соң 
кассир ведомоске «сенім қағазң бойынша деген белгі соғып, алушыға қол 
қойдырады да, тиісті соманы төлейді. Еңбек ақы беру мерзімі біткен соң кассир 
ведомост бойынша алынбаған сомалардың тұсына «депоненттелдің деген белгі 
соғып, ведомосты жабады. Нақты берілген соманы төлем ведомосының бетіне 
шығарып, сол сомаға «Кассалық шығыс ордерінң толтырады. 
Кассаның кіріс және шығыс операциялары жүзеге асырылған соң, кіріс 
және шығыс ордерлерінің қосалқы құжаттарының бәріне «төлендің және 
«қабылдандың деген штамп (мөр) басып куәландырады. Кіріс және шығыс 
ордерлері кассаға берілмес бұрын
бухгалтериядағы кассаның кіріс және шығыс ордерлерін тіркеу журналына 
тіркеледі. Касса операцияларын жүргізуші жоғарыда аталған бастапқы 
құжаттардың барлық реквизиттерін сақтай отырып, таза, анық, дұрыс толтыруға 
тиісті және оларды түзетуге болмайды.
Кәсіпорында кассаның кіріс және шығыс ордерлерінің мәліметтері, 
операциялар жүзеге асқан соң 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет