дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу операцияларын жүзеге
асыруда, ол қарыздардың пайда болуы және жойылу сәтінде теңгемен
алынған эквивалентінің өзгеруінен туындайды.
Мысалы, «Келесң жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2012 жылдың 8
сәуірінде сатып-өткізу үшін 3000 АҚШ долларына Белоруссияның
«Белорусьмашң жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен «Минск-1610ң
тоңазтқыштарын сатып алды. Әкелінген тауар кедендік рәсімдеуден өткен
күнгі доллардың теңгеге қатысты бағамы 1 долларға 147 теңге болды. Осы
тауар кіріске алынғанда мынадай бухгалтерлік жазу орындалуға тиісті:
ДТ КТ
1330 «Тауарларң 441 000
3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге
қысқа мерзімді кредиторлық борыштарң
441 000
Сәуір айының 23-і күні жабдықтаушы кәсіпорынның шоты бойынша
валюталық шоттан төлем жасалынды. Сол күнгі АҚШ долларының теңгеге
қатысты бағамы 1 долларға 146 теңге болды.
Жабдықтаушы кәсіпорынға аударылған сомаға бухгалтерлік есепте
мынадай шот корреспонденциясы анықталады:
ДТ КТ
3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге
қысқа мерзімді кредиторлық борыштарң 438 000 теңге
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы
ақша қаражаттарың 438 000 теңге
Оң бағамдық айырмашылық пайда болды. (жабдықтаушылардың
алдындағы кредиторлық қарыз 441 000 теңге, бағамның өзгеруінің
нәтижесінде нақты төленгені 438 000 теңге.
Оң бағамдық айырмашылықтың сомасына төмендегі бухгалтерлік жазу
орындалуға тиісті:
ДТ КТ
3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге
қысқа мерзімді кредиторлық борыштарң 3 000 теңге
6250 «Бағамдық айырмашылықтан алынған табыстарң 3 000 теңге
Достарыңызбен бөлісу: