Принциптері



Pdf көрінісі
бет114/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
 
 
192 


Еншілес және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық 
борыштарының есебі 
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде анықталғандай 
шаруашылық серіктестіктер еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын 
серіктестіктер болып құрыла алады. 
Бухгалтерлік есептің 27-ші «Консалидацияланған және жеке қаржылық 
қорытынды есепң деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес, 
еншілес 
шаруашылық серіктестік
дегеніміз – басқа (негізгі) серіктестіктің 
бақылауында болатын серіктестіктер. 
Ал, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 94 бабының 1 
пунктінде атап көрсетілгендей, егер басқа (негізгі) шаруашылық серіктестік 
оның жарғылық қорының басым бөлігінің құрылтайшысы болып табылса 
немесе екі жақтың өзара құрылған келісім-шарты болса немесе еншілес 
серіктестік болып табылатын басқадай түрлі мүмкіндіктер болса, онда 
шаруашылық серіктестік еншілес серіктестік болып табылады. 
Бухгалтерлік есептің 28-ші «Ассоциацияланған кәсіпорындарға 
инвестицияларң деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес, 
тәуелді 
шаруашылық серіктестік
– 
бұл, инвестордың басым бақылауында болатын, 
бірақ оның не еншілес шаруашылық серіктестігі, не бірлесіп бақыланатын 
заңды тұлғасы болып табылмайтын серіктестікті айтамыз. 
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 95 бабының 1 
пунктіне сәйкес егер басқадай (қатысушы) заңды тұлға серіктестіктің дауыс 
беруші акцияларының 20%-інен аса бөлігін иемденген болса, онда ол 
акционерлік қоғам тәуелді болып табылады. 
Заңды тұлға басқа заңды тұлғаның акциялар пакетін сатып-алу арқылы 
қаржылық салымдарын жүзеге асыруына болады.
Инвестиция салынған объектінің 50%-тен аса дауыс беру құқығы бар 
акцияларын сатып алу, инвесторға бұл объектіге бақылау жасауына 
мүмкіндік береді. 
Бақылау деп – серіктестік қызметінен табыс табу мақсатында оның 
қаржылық және басқадай саясатын басқару құқығын айтады. Егер, инвестор 
инвестицияланған объектінің 50%-тен аса акцияларын, еншілес және тәуелді 
серіктестіктері арқылы тікелей немесе жанама түрде иемденетін болса, бұл 
жағдайда бақылау заңды деп танылады. 
Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың ұзақ 
мерзімді және ағымдағы дебиторлық борыштарының барлық түрлері 
жөніндегі ақпаратты жинақтау үшін: 
1220 «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық борыштарың 
1230 «Қауымдасқан және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді 
дебиторлық борыштарың 
2120 «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық борыштарың 
2130 «Қауымдасқан және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді 
дебиторлық борыштарың шоттары пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет