Принциптері


  Тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау әдістері



Pdf көрінісі
бет122/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

8.2 
Тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау әдістері 
 
Тауарлы-материалдық босалқылардың өзіндік құнын бағалау мына 
әдістердің бірімен жүргізіледі: 
-
ерекшеліктеріне қарай теңестіру (specіfіc іdentіfіcatіon method) 
-
орташа құн (averadge-cost method) 
-
ФИФО (fіrst-іn fіrst-out method) 
-
ЛИФО (last-іn fіrst-out method) - ХБЕС-тары бойынша пайдаланылмайды
Бұл әдістерді кеңірек қарастыру үшін мысал келтірейік.
203 


Материалдық босалқылардың қалдығы және қозғалысы жөніндегі тамыз 
айындағы мәліметтер 
Көрсеткіштер 
Саны, 
дана 
Бағасы, 
теңге 
Құны, 
теңге 
1 тамыздағы қалдық 
Тамыз айында келіп түсті: 
01.08
1 партия 
08.08 2 партия 
22.08 3 партия 
27.08 4 партия 
Барлық ай ішінде келіп түскені 
Барлығы 
Ай ішінде сатып өткізілгені 
1-
ші қыркүйекке қалдық 
500 
100 
50 
180 
300 
630 
1 130 
700 
430 
150-00 
155-00 
160-00 
165-00 
170-00 




75 000 
15 500 
8 000 
29 700 
51 000 
104 200 
179 200 


Сонымен, бізде жалпы құны 179 200 теңге тұратын 1130 дана босалқылар 
бар. Мақсатымыз 179 200 теңгені сатып өткізілген 700 дана мен нақты бар 
430 дана арасында бөлу. 
Егер кезеңнің аяғында материалдық босалқылар құрамындағы өнімдер 
белгілі бір операциялардың нәтижесінде сатып алынғаны анық көрсетілетін 
болса, онда ерекшеліктеріне қарай теңестіру (ұқсастыру) әдісін қолдануға 
болады. 
Мысалы, 31 тамыздағы материалдық босалқылардың 180 данасы 1 
тамыздағы нақты барынан, 50 данасы - 8 тамыздағы сатып алынған 
босалқылардың құрамынан, ал 200 данасы - 27 тамызда сатып алынған 
босалқылардың құрамынан тұрады делік. Ерекшеліктеріне қарай теңестіру 
(ұқсастыру) әдісі бойынша босалқылардың құны 69 000 теңге болады. 
Ол былай анықталды: 
31 тамыздағы тауарлы-материалдық босалқылар – ерекшеліктеріне қарай 
теңестіру (ұқсастыру) әдісі 
180 дана 150-00 теңгеден 27000 теңге 
50 дана 160-00 теңгеден 8000 теңге 
200 дана 170-00 теңгеден 34000 теңге 
430 дана өзіндік құны 69000 теңге 
Босалқылардың өзіндік құны – 179 200 теңге 
Шегеріледі: 31 тамыздағы босалқылар – 69 000 теңге 
Сатып өткізілген босалқылардың өзіндік құны - 110200 теңге 
204 


Ерекшеліктеріне қарай теңестіру (ұқсастыру) әдісі әдетте бірін-бірі 
алмастырмайтын тауарлы-материалдық босалқылар бірлігінің және арнаулы 
жобалар мен тапсырыстар үшін жасалған және соларға арналған тауарлардың 
не болмаса қызметтердің өзіндік құнын есептеуді көздейді. 
Ерекшеліктеріне қарай теңестіру (ұқсастыру) әдісін автомобиль, зергерлік 
бұйымдар сияқты құны едәуір өнімдер бірлігін сатуға және сатып алуға 
пайдалануға болады. 
Бұл әдіс келесі кемшіліктеріне байланысты кең таралмай отыр: 
-
көп жағдайларда нақты тауар бірліктерінің сатып алынуын және сатылуын 
бақылап отыру қиын және қолайсыз; 
-
егер фирма біртекті тауарларды сатып алумен және сатумен айналысатын 
болса, онда қай тауарлардың сатылғанын немесе сатылмағанын тек шартты 
түрде ғана анықтауға болады. 
Тауарлы-материалдық босалқылардың орташа құн әдісі есепті кезеңнің 
басында болған және осы кезең ішінде сатып алынған немесе өндірілген 
бірліктің орташа құнын анықтау арқылы есептеледі. Бұл әдіс бойынша 
материалдық босалқылар бірлігінің орташа өзіндік құны 158, 58 (179200 : 
1130) теңге екенін, ал олардың жалпы өзіндік құны 68 189 теңгеге тең екенін 
анықтаймыз:
Ақырғы босалқылар: 430 дана х 158,58 теңге = 68 189 теңге. 
Босалқылардың өзіндік құны: 179 200 теңге. 
Шегеріледі: 31 тамыздағы босалқылар: 68 189 теңге. 
Сатып өткізілген босалқылардың өзіндік құны – 111 011 теңге. 
Есепті кезең ішінде тауарлы-материалдық босалқылардың бір түрі әр 
түрлі жабдықтаушылардан әр түрлі бағамен сатып алынуы мүмкін. Орташа 
құн әдісі арқылы анықталған кезең аяғындағы материалдық босалқылардың 
құны есепті кезең ішінде алынған тауарлардың барлық бағаларын есепке 
алып отырады, сөйтіп бағаның өсуін және төмендеуін бәсеңдетеді. Сонымен, 
бұл әдіс есепті кезеңнің аяғында, әр түрлі бағамен сатып алынған тауарлы-
материалдық босалқылардың құнын мейлінше нақтылай көрсетуге мүмкіндік 
береді. 
Сонымен қатар, тауарлы-материалдық босалқылар номенклатурасы өте 
көп кәсіпорындарда бұл әдісті қолдану олардың ағымдағы есебін жеңілдетуге 
мүмкіндік береді. 
Тауарлы-материалдық босалқыларды ФИФО әдісімен бағалау кезінде 
бірінші болып сатып алынған немесе өндірілген босалқылардың құнын 
бірінші кезекте есептен шығару көзделеді. Яғни, кезең аяғында нақты бар 
тауарлардың өзіндік құны соңғы сатып алынған деп, ал сатылған 
тауарлардың өзіндік құны ертерек сатып алынған деп есептеледі. ФИФО 
әдісін тауарлардың іс жүзіндегі қозғалысына тәуелсіз түрде кез-келген 
кәсіпорында қолдануға болады, өйткені тауарлардың қозғалысы емес, 
олардың құнының қозғалысы есепке алынады. 
Біздің мысалымызда, ФИФО әдісін қолдану арқылы, 31 тамыздағы 
материалдық босалқылар 72 450 теңге болып бағаланды. 
205 


300 дана 
170-
00 теңге 
27 тамыздағы 
босалқылардың 
құрамынан 
51000 теңге 
130 дана
165-00 
22 
тамыздағы 
босалқылардың 
құрамынан 
21450 теңге 
430 дана 
өзіндік құны 
72 450 теңге 
Босалқылардың өзіндік құны 179 200 теңге. 
Шегеріледі: 31 тамыздағы босалқылар 72 450 теңге. 
Сатып өткізілген босалқылардың өзіндік құны – 106 750 теңге. 
ФИФО әдісін қолданудың тиімділігі мынада: есепті кезеңнің аяғындағы 
материалдық босалқылар соңғы сатып алынғандардың бағасымен 
бағаланады, ал сатылған өнімнің өзіндік құнына алғашқы сатып алынған 
тауарлардың бағасы пайдаланылады. Бағалардың әрдайым өсуі кезінде 
ФИФО әдісі таза табыстың жоғары деңгейін көрсетеді. Мұның себебі, фирма 
ағымдағы бағалар өсіп жатқанда сатылу бағасын жоғарылатуға ұмтылады, ал 
ол материалдық босалқылардың бағаның өсуіне дейін сатып алынғаны көп 
жағдайда ескерілмейді. Соған сәйкес, баға төмендегенде керісінше процесс 
байқалады. Сондықтан, ФИФО әдісінің негізгі кемшілігі экономикалық даму 
циклының табыс көрсеткішіне әсерін жоғарылататындығында. 
Тауарлы-материалдық босалқыларды ЛИФО әдісімен бағалау кезінде 
соңынан сатып алынған немесе өндірілген босалқылардың құнын бірінші 
кезекте есептен шығару көзделеді. Осы әдіске сәйкес, материалдық 
босалқылардың құны біздің мысалымыз бойынша 31 тамызда 65 500 теңге 
болады. 
31 тамыздағы тауарлы-материалдық босалқылар – ЛИФО әдісі 
280 дана 
150-00 
теңге 

тамыздағы 
босалқылардың 
құрамынан 
42 000 теңге 
100 дана 
155-00

тамыздағы 
босалқылардың 
құрамынан 
15 500 теңге
50 дана
160-00

тамыздағы 
босалқылардың 
құрамынан 
8 000 теңге 
430 дана 
өзіндік құны 
65 500 теңге 
Босалқылардың өзіндік құны 179 200 теңге. 
Шегеріледі: 31 тамыздағы босалқылар 65 500 теңге. 
Сатып өткізілген босалқылардың өзіндік құны – 113 700 теңге. 
ЛИФО әдісі инфляция кезінде аз таза табысты, ал дефляция кезінде көп 
таза табысты көрсетеді. 
206 


Тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау әдістерін салыстыру 
Тауарлы-материалдық босалқылардың өзіндік құнын бағалау әдістерін 
талдау және олардың ең тиімдісін таңдау кезінде, сатылған өнімнің 
(жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының мөлшері және жалпы табыс пен таза 
табыс көлемі таңдалған бағалау әдістеріне тәуелді болатындығын ескерген 
жөн. Есепті кезеңнің аяғындағы тауарлы-материалдық босалқылардың құны 
жоғары болса, сатылған босалқылардың өзіндік құны төмен болады және 
сәйкесінше жалпы (таза) табыс жоғары болады. 
Тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау әдістерін салыстырып 
көрейік. Егер ерекшеліктеріне қарай теңестіру (ұқсастыру) әдісі нақты 
шығындарға негізделсе, қалған үш әдіс өзіндік құнның қозғалысы туралы 
мәліметтер жорамалына негізделеді. 
Жоғарыда келтірілген мәліметтерді пайдалана отырып, әрбір әдістің таза 
пайдаға әсерінің нәтижесін салыстырайық. Тамыз айындағы сатып-өткізу 
көлемі 150 000 теңге деп шамалаймыз. 
Көрсеткіштер 
Ерекшеліктеріне 
қарай теңестіру 
(ұқсастыру) әдісі 
Орташа 
құн әдісі 
ФИФО 
әдісі 
ЛИФО 
әдісі 
Сатып-өткізу көлемі 
Ай басындағы 
босалқылар 
Сатып алынған босалқылар 
Сатып 
өткізуге 
арналған 
босалқылардың өзіндік құны 
Шегеріледі: ай соңындағы 
басалқылар 
Сатып өткізілген босалқылар-
дың өзіндік құны
Сатудан түскен жалпы табыс 
150 000 
75 000 
104 200 
179 200 
69 000 
110 200 
39 800 
150 000 
75 000 
104 200 
179 200 
68 189 
111 011 
38 989 
150 000 
75 000 
104 200 
179 200 
72 450 
106 750 
43 250 
150 000 
75 000 
104 200 
179 200 
65 500 
113 700 
36 300 
Көрсетілген мысалымыз бойынша тамыз айында босалқылар 
бағасының өскендігін еске түсірейік. ЛИФО әдісін қолдану кезінде сатып 
өткізілген босалқылардың өзіндік құны бұрын келіп түскен босалқылардың 
өзіндік құнымен салыстырғанда жоғары болады (бағаның жоғары болуынан), 
нәтижесінде табыс көлемі төмендейді. Керісінше, ФИФО әдісін қолданған 
кезде бағалардың төмендеуінің нәтижесінен сатып өткізілген босалқылардың 
өзіндік құны төмен болады, нәтижесінде табыс көлемі жоғарылайды. 
Бағаның төмендеуі кезінде керісінше процесс байқалады. ЛИФО әдісі 
бойынша ФИФО әдісіне қарағанда жалпы табыс көлемі көбірек болады. 
207 


Бұдан байқайтынымыз, тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау 
әдісі баға бір бағытта ұзақ уақыт тербелгенде, яғни жоғарылағанда немесе 
төмендегенде, маңызды мәнге ие болады. Орташа құн әдісі бойынша алынған 
табыс ЛИФО және ФИФО әдістері арқылы анықталған табыс көлемінің 
аралығында болады. 
Жоғарыда сипатталған тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау 
әдістерінің әрбіреуі қаржылық қорытынды есепте қолдануға тиімді. Әрбір 
әдістің өз артықшылығы және кемшілігі бар және олардың ешқайсысын ең 
жақсы немесе ең жетілген әдіс деп қарастыруға болмайды. Бағалау әдісін 
таңдау оның балансқа, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі 
қорытынды есепке, табысқа салынатын салыққа және кәсіпорын басшылары 
қабылдайтын шешімге тигізетін әсеріне байланысты болады. 
Кәсіпорын үшін тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау әдісін 
дұрыс таңдау негізгі мәселелердің бірі, өйткені, материалдық босалқылар 
баланста да, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды 
есепте де көрсетіледі. Өзіміз көріп отырғанымыздай, ЛИФО әдісі - қаржы-
шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есеп үшін ең 
ыңғайлы әдіс болып отыр, өйткені ол тауарды сатудан түскен табыс пен оның 
өзіндік құнын ең жақсы қалыпта салыстырады. Бірақ, тауарлы-материалдық 
босалқылардың ағымдағы баланстық құнын бағалау кезінде, әсіресе, бағаның 
жоғарылау немесе төмендеу тенденциясы ұзаққа созылғанда тиімді емес. 
Екінші жағынан, ФИФО әдісі бухгалтерлік баланс құру кезінде ең 
ыңғайлы әдіс болып табылады, өйткені есепті кезеңнің аяғындағы 
босалқылардың өзіндік құны ағымдағы бағаларға мейлінше жуықтайды, 
сөйтіп кәсіпорын активтерінің шынайы жағдайын көрсетеді. Қаржылық 
қорытынды 
есепті 
пайдаланушы 
тұлғалар 
тауарлы-материалдық 
босалқыларды бағалау әдістеріне зор ықылас қойып, оларды қолданудың 
нәтижесін бағалай білуі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет