Принциптері


  Тауарлы-материалдық босалқылардың қоймадағы есебі



Pdf көрінісі
бет124/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

8.4 
Тауарлы-материалдық босалқылардың қоймадағы есебі 
 
Жабдықтаушыдан қабылданған материалдар қоймаға жіберіледі және 
оларды қоймадағы материалдық жауапты тұлға (қойма меңгерушісі, 
қоймашы) кіріске алуы тиіс. Қоймаға материалдарды кіріске алу 
операциясын рәсімдейтін бастапқы құжат Кіріс ордері болып табылады
(№М-4нысан). 
Кіріс 
ордерін 
материалдық 
жауапты 
тұлға, 
жабдықтаушылардан 
құндылықтардың 
қабылданғанын 
растайтын 
құжаттардың негізінде, нақты қабылданған құндылықтардың мөлшерін 
көрсетіп толтырады. Кіріс ордеріне қоймаға құндылықтарды жіберген 
материалдық-жауапты тұлға және қоймаға құндылықтарды қабылдап алған 
материалдық-жауапты тұлға қол қояды (лауазымдары көрсетілуі тиіс). 
Кіріс ордері материалдар жабдықтаушылардан, есеп беруге тиісті 
адамдардан, қайта өңдеуден келіп түскенде қолданылады. Егер 
211 


жабдықтаушылардан келіп түскен құндылықтар бойынша накладнойдағы 
мәліметтер құндылықтардың нақты саны мен сапасына сәйкес келсе, онда 
кіріс ордерін толтырмаса да болады. Құжаттардың санын қысқарту 
мақсатында накладнойға штамп қойылады. Онда кіріс ордерінің реквизиттері 
көрсетіледі, сөйтіп накладной кіріс ордерінің баламасы болып табылады. 
Актіленген құндылықтар Материалдарды қабылдау актісінің негізінде 
кіріске алынады және Кіріс ордері толтырылмайды. Жауапты сақтауға 
қабылданған материалдар бойынша, олар нақты келіп түскен күні арнайы 
журналға жазбалар түсіріледі. Бұл материалдар қоймада жеке сақталады. 
Қоймадағы материалдардың есебін қойма меңгерушісі (қоймашы) 
жүргізеді. Қойма меңгерушісімен (қоймашымен) толық жеке материалдық 
жауапкершілік 
жөніндегі 
типтік 
келісім 
жасалады. 
Қоймашы 
материалдардың әрбір номенклатуралық номеріне материалдық жазба қағаз 
толтырып, оны материалдар сақталатын жерге жабыстырады. Жазба қағазда 
материалдардың атауы, номенклатуралық номері, өлшем бірлігі, бағасы және 
материалдардың шектеулі бірлігі көрсетіледі. 
Материалдар 
қозғалысының және 
олардың қалдықтарының 
аналитикалық есебі «Материалдар есебінің карточкасындаң (№ М-17нысан) 
жүргізіледі. «Материалдар есебінің карточкасың бухгалтерияда әрбір 
материалдың номенклатуралық номеріне ашылады және онда қойманың 
номері, материалдың атауы, маркасы, сорты, сырт пішіні, көлемі, өлшем 
бірлігі, номенклатуралық номері, есепті бағасы және жарамдылық мерзімі 
көрсетіледі. Карточкадағы есеп тек натуралды өлшеммен жүргізіледі.
Толтырылған материалдар есебінің карточкалары ағымдағы 
жазбаларды түсіру үшін қоймаға беріледі. Қоймашы (қойма меңгерушісі) 
операция болған күні бастапқы құжаттардың (кіріс ордері, талап 
накладнойлар т.с.с.) негізінде карточкаға кіріс, шығыс және материалдардың 
қалдығы жөніндегі мәліметтерді енгізеді. Сонымен қатар, материалдар есебін 
Материалдар есебінің кітабында, материалдардың қозғалысы және 
қалдығының машинограммасында (ведомосында) жүргізуге болады. 
Өндіріске материалдар ресурстарды жұмсаудың нормаларына 
сәйкестігін қатаң сақтау арқылы босатылады. Материалдар, олардың 
салмағы, көлемі, аумағы немесе тапсырыстың коды, объектісі, жұмыстың 
түрі көрсетілген құжат бойынша босатылады. 
Тауарлы-материалдық босалқылар қоймадан субъектінің құрылымдық 
бөлімшелеріне босатылғанда Лимитті-жинақтаушы карта (№М-8 нысан), 
талап-накладнойлары (№М-11 нысан) және басқа құжаттар толтырылады. 
Бастапқы құжаттардың санын азайту үшін, жүйелі түрде тұтынылатын 
материалдардың босатылуын Материалдар есебінің карточкасында (№М-
17нысан) жүргізу ұсынылады. Бұл жағдайда материалдарды босату жөнінде 
құжаттар толтырылмайды, ал операция бір дана етіп толтырылған лимитті-
жинақтаушы картаның негізінде жүргізіледі. 
Лимиттік-жинақтаушы карта өнімді өндіруде жүйелі түрде 
қолданылатын материалдарды босату үшін, сонымен қатар, өндіріс-тік 
қажеттіліктерге материалдардың босатылуының белгіленген нормаларының 
212 


сақталуын бақылап отыру үшін қолданылады. Құжаттың нысаны төменде 
келтірілді. 
Лимиттік-жинақтаушы карта материалдық құндылықтарды қоймадан 
есептен шығару кезіндегі растаушы құжат болып табылады. Лимиттік-
жинақтаушы картаны бір немесе бірнеше бірін-бірі алмастыратын 
материалдар түріне (номенклатуралық номеріне) екі дана етіп толтырады. 
Лимиттік-жинақтаушы картаның бір данасы ай басына дейін материалдарды 
пайдаланушыға – цехқа (учаскеге), ал екінші данасы - қоймаға немесе цехтың 
(учаскенің) қоймасына беріледі. 
Өндіріске материалдар цехтың өкілі лимитті-жинақтаушы картаның 
өзіндегі данасын ұсынғанда ғана қоймадан босатылады. Қоймашы екі данаға 
да мерзім мен жіберілген материалдар санын көрсетіп, материалдардың әрбір 
номенклатуралық номері бойынша лимиттің қалдығын шығарады. Цехтың 
(учаскенің) лимитті-жинақтаушы картасына қоймашы қол қояды, ал 
қойманың лимитті-жинақтаушы картасына – цех (учаске) өкілі қол қояды. 
Лимитті пайдаланып болған соң және ай аяқталған соң Лимиттік-
жинақтаушы карта кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырылады. Сонымен 
қатар, лимиттік-жинақтаушы карталар өндірісте пайдаланылмаған 
материалдарды қайтару кезінде де қолданылады. Бұл үшін қандай да бір 
қосымша құжаттар қажет емес.
Субъект ішіндегі материалдардың қозғалысы №М-11 нысандағы талап-
накладной арқылы рәсімделеді. 
Талап-накладнойда келесі операциялар рәсімделеді: 
-
қоймадан материалдық құндылықтарды алу; 
-
егер материалдар талап-накладной бойынша алынған болса, өндірістен 
қоймаға материалдардың пайдаланылмаған бөлігін тапсыру; 
-
бір құрылымдық бөлімше ішінде материалдық құндылықтардың бір 
материалдық-жауапты тұлғадан екінші материалдық жауапты тұлғаға 
берілуі. 
Талап-накладнойды 
бөлімшедегі 
құндылықтарды 
тапсырушы 
материалдық-жауапты тұлға екі дана етіп толтырады. Оның бір данасы 
тапсырушы бөлімшеге (материалды-жауапты тұлғаға) арналған және 
құндылықтарды есептен шығаруға негіз болады. Екінші данасы қабылдаушы 
бөлімшеге (материалды-жауапты тұлғаға) арналған және құндылықтарды 
кіріске алуға негіз болады.
Оперциялар орындалғаннан кейін талап-накладнойға тапсырушы және 
қабылдаушы материалдық-жауапты тұлғалар қол қояды. Талап-накладнойлар 
әр айдың соңында материалдардың қозғалысы жөніндегі есеппен бірге 
бухгалтерияға тапсырылады. 
Материалдарды сырт кәсіпорынға босатқанда №М-15 нысандағы 
Материалдарды сыртқа жөнелту жөніндегі накладной толтырылады. Бұл 
құжат нарядтардың, келісім-шарттардың, басшы бұйрықтарының және басқа 
да құжаттардың негізінде екі дана етіп толтырылады. Материалдарды сыртқа 
жөнелту жөніндегі накладнойда төмендегілер көрсетіледі: 
213 


-
саны, бағасы және жалпы сомасын көрсету арқылы жөнелтуге рұқсат 
етілген құндылықтардың тізімі; 
-
жөнелтуге жауапты құрылымдық бөлімше (қойма); 
-
құндылықтарды қабылдап алушы субъект. 
Кәсіпорында қабылданған құжат айналымы графигіне сәйкес 
материалдарды жөнелту жөніндегі накладной келесі тәртіппен жасалады: 
-
жабдықтау бөлімшесі ұсынылған құжаттардың негізінде материалдарды 
сыртқа жөнелту жөніндегі накладной толтырады. Бұл құжатқа рұқсат 
етуге өкілетті тұлғаның қолы қойылады, сөйтіп құжат қоймаға жіберіледі; 
-
жабдықтау бөлімшесі материалдық құндылықтарды жөнелтуге арналған 
бұйрық (ұйғарым, наряд) дайындайды және оны қоймаға жіберіп, онда 
өкілетті тұлға бұйрықтың негізінде материалдарды жөнелту жөніндегі 
накладной толтырып қол қояды. 
214 


Лимиттік-жинақтаушы картаның толтырылу үлгісі (№М-8 нысан) 
Типтік мекемеаралық №М-8 нысаны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет