Принциптері


Лимиттік-жинақтаушы карта № 04



Pdf көрінісі
бет125/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Лимиттік-жинақтаушы карта № 04
(қысқартылған) 
Кәсіпорын, мекеме «Тұлпарң АҚ 
Мерзім 
Операция 
түрінің коды 
Қызмет түрі 
Жіберуші 
Қабылдаушы 
Корреспонденцияланушы шот 
Шығарылған өнімнің 
(жұмыстың, қызметтің) есептік 
бірлігі 
құрылымдық 
бөлімше 
құрылымдық 
бөлімше 
Шот, аралық 
шот 
Талдамалық есеп 
коды 
27.06.2012 
07 
құрастырмалы 
бұйымдар жасау 


1310 

дана 
Материалдық құндылықтар 
Өлшем бірлігі 
Атауы, сорты, көлемі, маркасы 
Номенклатуралық номері 
Коды 
Атауы 
Серіппе СТ7 


кг 
Лимит
120 
Қоймадағы карточка бойынша реттік 
нөмірі 
73 
Барлық босатылғаны
120 
Бағасы, теңге 
20-00 
Сомасы, теңге 
2 300-00 
Босатылды 
Мерзімі 
Саны 
Лимит қалдығы 
Қойма меңгерушісінің немесе алушының қолы 
01.06.2012 
20 
100 
Айдарбеков 
09.06.2012 
37 
63 
Айдарбеков 
17.06.2012 
25 
38 
Айдарбеков 
21.06.2012 
18 
20 
Айдарбеков 
24.06.2012 
20 

Айдарбеков 
Лимитті белгілеген бөлімнің бастығы жабдықтау бөлімінің бастығы Халелов Д.Т. Халелов Д.Т. 

(қызметі) ( қолы) (аты-жөні) 
Материалдық құндылықтарды
алушы бөлімнің бастығы № 04 цех бастығы Әділбеков Әділбеков Н.А 
(
қызметі) (қолы) (аты-жөні) 
 
Қойма меңгерушісі Айдарбеков Айдарбеков Т.Е.
215 


8.5 
Тауарлы-материалдық босалқылардың бухгалтериядағы есебі 
 
Бухгалтерлік қызметте материалдардың аналитикалық есебінің бірнеше 
әдістері бар: сорттық әдіс, номенклатуралық номері бойынша есепке алу 
әдісі, оперативті-бухгалтерлік (сальдолық) әдіс.
Сорттық әдіс. Бухгалтерия материалдардың әрбір түріне және сортына 
сандық-сомалық есеп карточкасын ашады, онда бастапқы құжаттардың 
негізінде заттай (сандық) және ақшалай (сомалық) өлшеммен көрсетілген 
материалдардың келіп түсуі және шығуы операциялары тіркеледі. Сөйтіп, 
бухгалтериядағы аналитикалық есеп материалдар есебінің карточкасында 
жүргізілетін қоймадағы есепті қайталайды. Ай аяқталып, түгелдеу мерзімі 
басталғанда карточкада тіркелген материалдардың ай ішіндегі кірістері мен 
шығыстарын санап, олардың қалдығын анықтайды. Осы мәліметтер негізінде 
әрбір материалдық-жауапты тұлғаға ашылатын аналитикалық есептің 
айналым ведомосы жасалады. Аналитикалық есептің барлық айналым 
ведомостары 
бойынша 
жалпы 
сома 
синтетикалық 
шоттардағы 
айналымдармен және қалдықтармен тең болуға тиісті. 
Номенклатуралық номерлері бойынша аналитикалық есеп әдісінде 
аналитикалық есеп карточкалары жүргізілмейді және номенклатуралық 
номерлер 
бойынша 
кіріс 
және 
шығыс 
бастапқы 
құжаттары 
топтастырылмайды. Айдың аяғында материалдардың әрбір түрінің келіп 
түсуі мен шығуы туралы жалпы мәліметтер анықталады және олардың 
негізінде аналитикалық есеп айналым ведомосы құрылады. Айналым 
ведомостары заттай және ақшалай өлшеммен синтетикалық шоттарға және 
аралық шоттарға сәйкес әрбір қоймаға құрылады. 
Аналитикалық есептің оперативті-бухгалтерлік (сальдолық) әдісі. 
Оперативті-бухгалтерлік (сальдолық) әдісте бухгалтерияда материалдардың 
аналитикалық есебі тек ақшалай өлшеммен жүргізіледі. Қоймада 
материалдық-жауапты тұлғалар сандық-сорттық есепті материалдар есебінің 
карточкасын пайдаланып жүргізеді. Олар материалдардың қозғалысы 
бойынша бастапқы құжаттарға сәйкес толтырылады. Бастапқы құжаттар 
бухгалтерияға келіп түседі және бухгалтерия қызметкері аптасына бір рет 
(одан жиі емес) материалдар есебі карточкасының мәліметтерін бастапқы 
құжаттар 
мәліметтерімен 
салыстырып 
отырады. 
Карточкалардың 
тексерілгендігі бухгалтерия қызметкерінің қолымен расталады. 
Материалдық-жауапты тұлға айдың бірінші күніне және түгелдеу 
мерзіміне материалдар есебі карточкасы мәліметтері бойынша келіп түскен 
және шыққан материалдардың санын анықтап, материалдар қалдығын 
шығарады. Материалдардың қалдығы туралы мәліметтер номенклатуралық 
номеріне сәйкес Сальдолық ведомосқа түсіріледі. Сальдолық ведомостар 
қоймалар және материалдық-жауапты тұлғалар бойынша жасалады және 
онда кіріс пен шығыс айналымдарынсыз қоймада қалған материалдар саны 
көрсетіледі. Сальдолық ведомоста материалдардың қалдығы туралы сандық 
мәліметтер таксировкаланады (материалдардың саны есепті бағасына 
216 


көбейтіледі) және материалдардың жекелеген есепті топтары мен бүкіл 
қойма бойынша жалпы сома анықталады.
Материалдық босалқылардың барлық түрлерінің есебі 1310-Шикізаттар мен 
материалдар, 1350 «Басқа да материалдарң, 1351 «Қайта өңдеуге берілген 
материалдарң. Бұл шоттардың дебетінде материалдық құндылықтардың 
айдың басындағы және аяғындағы қалдықтары, ай ішінде материалдардың 
келіп түсуі, ал кредиті бойынша – материалдардың шығуы көрсетіледі. 
 
Мысалы: 
2012 жылдың 10 наурызында «Арманң жауапкершілігі 
шектеулі серіктестігі сатып алынған материалдар үшін «Тұлпарң акционерлік 
қоғамының 90 480 теңгеге (оның ішінде ҚҚС сомасы – 9 695 теңге) шот-
фактурасын қабылдады. Бұл операция бухгалтерлік есепте төмендегі шоттар 
корреспонденциясын анықтау арқылы көрсетіледі: 
1.
 
Қоймаға кіріске алынған материалдардың құнына –80 785 теңге:


ДТ КТ 
1310 «Шикізаттар мен материалдарң 80 785
3310 « 
Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа

мерзімді кредиторлық борыштар « 80 785

2.
 
Қосылған құн салығының сомасына: 

ДТ КТ 
1420 «Қосылған құн салығың 9 695
3310 «
Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа

мерзімді кредиторлық борыштарң 9 695
 
3. «
Тұлпарң акционерлік қоғамының шот-фактурасы бойынша төлем 
жасалынды: 

ДТ КТ 
3310 «
Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа
мерзімді кредиторлық борыштарң 90 480 

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 90 480 
«Арманң жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қажеттілігіне 
пайдаланбайтыны жөнінде шешім қабылданып, материалдарды «Нұрң 
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі-сатып алушыға 120 000 теңгеге сатып 
өткізді делік, оның ішінде есептелген ҚҚС салығы – 12 857 теңге, шикізат-
материалдың өзіндік құны – 80 785 теңге. Бұл операция бойынша төмендегі 
бухгалтерлік жазулар орындалады: 
1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет