Принциптері



Pdf көрінісі
бет133/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Жиынтығы: 1 806 000
Осы сомаға төмендегі шот корреспонденциясы анықталады: 

ДТ КТ 

2410 «Жерң 1 806 000 

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 1 806 000

Ғимараттар және құрылғылар.
Дайын ғимараттарды сатып алу 
кезінде оның өзіндік (бастапқы) құнына сатып алу бағасы жөндеуге және 
басқадай ғимаратты жұмыс істейтін жағдайға жеткізу үшін жұмсалған 
шығындар кіреді. Егер фирма ғимаратты өзі салатын болса, онда оның 
өзіндік (бастапқы) құнына барлық қажетті шығындар (материалдар, еңбек 
ақы, сәулетші қызметінің ақысы, құрылыс жүргізу мерзіміндегі сақтандыру 
шығындары, құрылыс жүргізу мерзімі ішінде объектіге берілген несие 
бойынша процент (үстеме), құрылыс жүргізуге берілген рұқсаттың құны) 
кіреді. Егер ғимаратты салу кезінде мердігерлердің қызметі қажет болса, онда 
оның өзіндік (бастапқы) құнына келісім бағасымен бірге салынып жатқан 
объектіні пайдалануға беруге қажетті шығындар да кіргізіледі. 
Құрал-жабдықтар.
Құрал - жабдықтардың құны оны сатып алуға және 
жұмысқа дайындауға байланысты барлық шығындар (шот-фактура бойынша 
құны, сақтандыру шығындары, салық сомасы, сатып алуға байланысты 
шығындар, монтаждау құны және құрал-жабдықтың жарамдылығын тексеру 
мақсатында жүргізілетін сынақтың бағасы) кіреді. 
Паушальдық төлем.
Кейде жер және басқа объектілер паушальдық 
сома бойынша сатып алынады. 
Паушальдық төлем
дегеніміз - қандай да болмасын жеке объект үшін 
емес, олардың жиынтығы үшін төленген сома. Жерге амортизациялық 
аударым сомасының есептелінбеуіне байланысты, ол бухгалтерлік есепте 
жеке синтетикалық шотта көрсетіледі. Осы себептен сатып алудың 
паушальдық бағасы жер мен онда тұрған ғимараттың арасында 
пропорционалды түрде бөлінуге тиісті. Мысалы, ғимарат және ол тұрған жер 
учаскесінің паушальдық баға бойынша 850 000 теңгеге сатылып алынды. 
228 


Егер де объектілер жеке-жеке сатылып алынған болса, аталған соманы – 850 
000 теңгені әрбір объектінің бағасын анықтау жолымен пропорционалды 
түрде бөлуге, одан соң паушальдық құннан тиісті процентті есептеуге 
болады. 
Мысалы,
егер олар жеке сатылып алынған болса, жер 100 000 теңгеге, ал 
онда тұрған ғимарат 900 000 теңгеге бағаланар еді делік. Онда паушальдық 
құнның 10 пайызы немесе 85 000 теңге жердің құны, ал 90 пайызы немесе
765 000 теңге ғимараттың құны болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет