Принциптері


.1 Негізгі құралдардың есебі



Pdf көрінісі
бет129/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

9
.1 Негізгі құралдардың есебі 
Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдарң деп аталатын халықаралық 
стандартына сәйкес 
негізгі құралдар
дегеніміз - кәсіпорында өнім өндіру, 
тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға 
жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір 
кезеңнен (бір жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын 
материалдық активтер.
Негізгі құралдарға 
қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен 
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, Негізгі құралдар, өлшеу және реттеу 
аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және 
олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, 
өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, 
көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар 
жатқызылады. 
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив 
ретінде танылуға (есепке алынуға) тиісті: 
а) егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда 
алатындығына аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса; және
ә) егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік (бастапқы) құнын сенімді түрде
бағалау мүмкін болса.
Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды 
жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастыру экономиканың барлық 
салаларында бірыңғай болғаны жөн.
Барлық 
негізгі құралдар
өздерінің өндіріске қатысуына қарай 
өндірістік
және 
өндірістік емес
болып екі топқа бөлінеді. 
Өндірістік негізгі 
құралдар
– 
деп өндірісте қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі 
құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш 
тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі 
станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы 
басқалары жатқызылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет