Принциптері



Pdf көрінісі
бет131/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Өзіндік (бастапқы) құн – 
төленген ақша қаражаттарының немесе ақша 
қаражаттарының эквиваленттері не болмаса активті сатып алу немесе салу 
(жасау) сәтінде оны алуға берілген басқадай төлемдердің әділетті құны. 
Амортизацияланушы (тозушы) құн
-
жойылу құнын алып тастағаннан 
кейінгі активтің өзіндік құны немесе өзіндік құнның орнына қаржылық 
қорытынды есепте көрсетілетін басқа сома. 
Жойылу құны
– 
негізгі құралдың тиімді қызмет ету мерзімінің аяғында 
оны кәсіпорыннан шығаруға байланысты жұмсалатын шығындарды алып 
тастағаннан кейінгі алынады деп күтілетін таза сома. 
Әділетті (сатып-өткізу) құн – 
бір-бірінен жақсы хабардар тәуелсіз 
жақтардың арасында операцияны жүзеге асыру кезінде активті (негізгі 
құралды) айырбастауға болатын сома.
Құнды төмендетуден шеккен зиян – 
активтің (негізгі құралдың) 
баланстық құнының оның төленген құнынан артық сомасы. 
Баланстық құн
– 
жинақталған тозу мен құнды төмендетуден шеккен 
зиянды алып тастағаннан кейінгі актив (негізгі құрал) баланста есепке 
алынатын сома. 
Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдарң деп аталатын халықаралық
стандартына сәйкес актив ретінде танылуы (есепке алынуы) мүмкін негізгі 
құралдар объектісі ең алғаш өзіндік (бастапқы) құны бойынша бағалануға 
тиісті.
Негізгі құралдар объектісінің өзіндік (бастапқы) құнына сатып алу 
бағасы, оның ішінде импорттық алым, сатып алуға байланысты орны 
толтырылмайтын салықтар, сондай-ақ активті белгілі бір мақсатқа пайдалану 
үшін оны жұмыс істейтін жағдайға жеткізуге байланысты тікелей шығындар 
кіреді; сатып алу бағасын анықтау кезінде кез-келген сауда жеңілдіктері 
алынып тасталынады.
Тікелей шығындарға төмендегі шығындар жатады:
а) алаңды (құрылыс жүргізуге арналған участокты) дайындау 
шығындары; 
ә) тасымалдау және түсірумен байланысты бастапқы шығындар; 
б) орнатуға байланысты шығындар; 
в) архитекторлардың және инженерлердің жұмыстары сияқты кәсіби
қызмет көрсетудің құны. 
Кәсіпорынның өзінде шығарылған (жасалынған) негізгі құралдардың 
құны активтерді сатып алу кезіндегі принциптердің негізінде анықталады. 
Егер кәсіпорын тура сондай активтерді өзінің шаруашылық қызметі 
224 


барысында сатып-өткізу үшін өндіретін болса, онда активтің құны, әдетте, 
оның өзіндік құнына тең болады. Сөйтіп, кез-келген ішкі таза табыс (пайда) 
ондай негізгі құралдардың құнын есептеу кезінде есепке алынбайды.
Кәсіпорынға есепке алынған негізгі құралдардың өзіндік (бастапқы)
құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі: 
а) Негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін 
ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететін 
қосымша күрделі қаржы жұмсағанда (кеңейткенде, жаңартқанда т.б.) немесе 
ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде. 
ә) Негізгі құралдарды қайта бағалағанда. 
Негізгі құралдар алғаш есепке алынған кезде оның өзіндік (бастапқы) 
құны мен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны есепке алған уақыт 
пен қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен 
сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалынатын материалдың бағасы 
және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбек 
ақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі-бір себептермен 
өзгеріп отырады. Осыған байланысты есепті мерзімге негізгі құралдардың 
баланстық құнының әділетті (нарықтық) құннан елеулі айырмашылығы 
болмау үшін кәсіпорында негізгі құралдарды оқтын-оқтын қайта бағалап 
тұру қажет. Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі 
әділетті (нарықтық) құны анықталады. Егер Негізгі құралдардың ерекше 
сипатының болуына байланысты олардың нарықтық құны жөніндегі 
ақпараттар болмаса, не болмаса бұл активтер сирек сатылатын болса, онда 
олар тозуды алып тастағаннан кейінгі жаңғырту құны бойынша бағаланады.
Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдардың өзіндік (бастапқы) 
құнының өсуі шоттар жоспарындағы 2410 «Негізгі құралдарң шотының 
дебетіне және 5420 « Негізгі құралдарды қайта бағалауға жасалынған резервң 
шотының кредитіне жазылады. 
Қайта бағалау жүргізілген күні кәсіпорында негізгі құралдарға 
есептелінген тозу сомасы олардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. 
Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай 
субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне 
сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген табысқа апарылып отырылады. 
Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген табысқа актив есептен 
шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар бүтіндей теңгеге айналдырылған 
сомада әрбір инвентарлық объект бойынша көрсетіледі.
Негізгі құралдардың есебін жүргізуде екі маңызды міндет айқындалады. 
Бірінші - ағымдағы есеп беру мерзімінде негізгі құралдар құнының қандай 
бөлігі шығынға жатқызылатындығы айқындалады. Екінші - баланста 
көрсетілетін қалдық (баланстық) құнды есептеу. Бұл міндеттерді шешу үшін 
бухгалтерлік есеп мынадай сұрақтарға жауап беруге тиісті:
1)
негізгі құралдардың өзіндік (бастапқы) құны қалай анықталады? 
2)
негізгі құралдар құнының белгілі бір бөлігі кәсіпорынның 
шығынына қалай апарылады?
 
225 


3)
негізгі құралдарды пайдалануға және жөндеуге байланысты 
шығындардың есебі қалай жүргізіледі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет