Принциптері


Негізгі құралдардың тозуының есебі



Pdf көрінісі
бет135/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
Негізгі құралдардың тозуының есебі 
Шаруашылық жүргізуші субъектідегі негізгі құралдардың барлық түрі 
шаруашылық процессіне қатыса отырып, бірте-бірте тозады, яғни бастапқы 
сапасын жоғалтады. Сөйтіп белгілі бір уақыт өткеннен кейін жұмыс істеуге 
жарамай қалады да оларды жаңамен алмастыруға тура келеді.
 
Тозу 
дегеніміз – негізгі құралдардың табиғи және сапалық сипатын 
(қасиетін) жоғалтуы. 
Негізгі құралдардың тозуын 
табиғи
және 
сапалық
тозу деп екіге бөледі. 
Негізгі құралдардың табиғи тозуы
материалдық жағынан тозуы болып 
табылады. Жұмыс процессінде машиналар мен құралдардың жеке 
бөлшектері қажалады. Үйлер мен құрылыстар тозығы жетіп құлауға 
айналады. Негізгі құралдардың табиғи тозуы оларды барынша көп 
пайдалануға ғана байланысты емес, сонымен қатар басқа табиғи 
факторлардың әсерінен де болады. 
Негізгі құралдардың сапалық тозуы 
машиналар мен құралдардың толық 
табиғи тозығы жетпей-ақ құнсызданып, өндіріс процессінен шығып 
қалатындығы болып табылады. Бұл ең алдымен техникалық прогресстің 
231 


нәтижесі. Техникалық прогресстің нәтижесінде біршама арзан және өнімді 
машиналар пайда болып жұмысты арзан, шапшаң және сапалы орындауға 
мүмкіндік береді. Мұның өзі бұрын қолданып келген машиналардың табиғи 
тозығы жетпей-ақ ескіріп, құнсыздануына әкеліп соқтырады. 
Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдарң деп аталатын халықаралық 
стандартына сәйкес, 
тозу
деп - негізгі құралдың тозушы (тозған бөлігінің) 
құнын оның тиімді қызмет ету мерзімі ішінде жүйелі түрде бөліп таратуды 
айтады. Яғни, негізгі құралдар объектісінің тозған бөлігінің сомасы оның 
тиімді қызмет ету мерзімі ішінде жүйелі түрде есептен шығарылуға тиісті.
Негізгі құралдардың 
тиімді қызмет ету мерзімі
дегеніміз - актив 
кәсіпорында пайдаланылады деп күтілетін кезең не болмаса активті 
пайдаланудан алынады деп күтілетін өнім бірліктерінің немесе сол сияқты 
көрсеткіштердің саны.
Негізгі құралдар объектісінің тиімді қызмет ету мерзімі кезең сайын 
қайта қаралып отыруға тиісті және де егер болжамдардың бұрынғы 
бағалаулардан елеулі айырмашылығы болса, ағымдағы және алдағы 
кезеңдерде тозуға жасалынатын аударым сомасы түзетілуге тиісті. 
Барлық кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін 
анықтап және оны есептен шығарып отырады.
Негізгі құралдар (ғимараттар, машиналар, көлік құралдары, т.б.) 
шаруашылық процессінде пайдалану нәтижесінде бірте-бірте тозуына 
байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндірілетін өнімдерге біртіндеп 
ауыстырып отырады. Бұл процесс «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет