Принциптері


Негізгі құралдарды жөндеу шығындарының есебі



Pdf көрінісі
бет141/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Негізгі құралдарды жөндеу шығындарының есебі 
 
Кәсіпорындағы негізгі құрал-жабдықтар шаруашылық процессіне 
қатынасып отыру нәтижесінде тозады, ал кей жерлері жөндеуді қажет етеді. 
Оларды үнемі жұмысқа жарамды күйінде сақтап отыру үшін жөндеу 
жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары көлеміне байланысты 
қарапайым
және 
күрделі
жөндеуге бөлінеді
. Қарапайым
жөндеу деп -
әдетте негізгі 
құралдарды күнделікті пайдалануға байланысты болатын қарапайым 
жұмыстарды айтады. 
Күрделі жөндеу деп

үйлердің, құрылыстардың және 
күрделі машиналардың тозығы жеткен бөлшектері мен деталдарының бәрін 
ауыстыруға байланысты болатын ірі жөндеу түрін айтады. 
Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдарң деп аталатын халықаралық 
стандартына сәйкес жөндеу шығындары актив өнімділігінің алғашқы 
есептелінген нормативтеріне сәйкес кәсіпорын күте алатын келешек 
экономикалық пайданың сақталуы немесе қалпына келтірілуі үшін жүзеге 
асырылады. Мұндай сапада олар әдетте туындауына қарай кәсіпорынның 
шығыны ретінде танылады (есепке алынады).
Кәсіпорын өндірістік негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған 
шығындарды өндіріс шығындарына жатқызады. 
Кәсіпорында жөндеу шығындарын өндірістік шығындарға біркелкі 
енгізіп отыру үшін жөндеу қорын құруына болады. Бұл қорға кәсіпорынның 
өзінде бекітілген нормативтер бойынша жарналар есептелініп, өнімнің 
өзіндік құнына енгізіліп отырады. 
Субъектіде жөндеу жұмыстары 
мердігерлік әдіспен
және 
шаруашылық 
әдіспен
орындалуы мүмкін. 
Жөндеу жұмыстары 
шаруашылық әдіспен
жүргізілгенде барлық 
жұмыстар шаруашылықтың өз күшімен орындалады. 
Мердігерлік әдісті
пайдаланғанда жөндеу жұмыстарын арнайы құрылыс 
және жөндеу мекемелері орындайды. 
237 


Жөндеу жұмыстарының бухгалтерлік есебін жүргізу олардың қандай 
әдіспен орындалғандығына байланысты. 
Мердігерлік әдіспен
орындалған жөндеу жұмыстарына шығарылған 
шығындар жөндеу қоры есебінен жабылады. Ал кәсіпорында бұл қор 
құрылмайтын болса жөндеу шығындары тиісті өндірістің шығындарына 
енгізіледі. 
Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды субъектіге арнайы 
тағайындалған комиссияның шешімі бойынша қабылдап алады. Ондай негізгі 
құралдарды қабылдау барысында №НҚ-2 нысанындағы «Жөнделген, қайта 
құрылған және жаңартылған объектілерді қабылау-тапсыру актісің 
толтырылады. Егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен 
жүргізілген болса, онда №НҚ-2 нысанындағы «Жөнделген, қайта құрылған 
және жаңартылған объектілерді қабылау-тапсыру актісің екі дана етіп 
толтырылады да, екінші данасы негізгі құралдарға жөндеу жүргізген 
субъектіге беріледі. 
Кәсіпорындағы негізгі құралдарды жөндеудің есебін жүргізу үшін 
шоттар жоспарының 8400 «Үстеме шығыстарң
бөлімшесінде 8415 «Негізгі 
құралдарды жөндеуң шоты қаралған. Бұл шоттың дебетінде негізгі 
құралдарды жөндеу бойынша нақты шығындардың сомасы көрсетіледі. 
Негізгі құралдарды жөндеу шығындарын өндірістік шығындарға 
біркелкі енгізіп отыру мақсатында резервтерді есептеу үшін 3390 «Басқа да 
қысқа мерзімді кредиторлық борыштарң шоты пайдаланылады. 
Төменде негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есептеуге байланысты 
орындалған 
шаруашылық 
операцияларына 
анықталған 
шоттар 
корреспонденциясы келтірілді. 
1)
Мердігерлік әдіспен орындалған жөндеу жұмыстары бойынша 
шығарылған нақты шығындар сомасына – 165 600 теңге: 


ДТ КТ 
8415 «Негізгі құралдарды жөндеуң 165 600 

3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге 

қысқа мерзімді кредиторлық борыштарң 165 600
2) 
Шаруашылық әдіспен орындалған жөндеу жұмыстарына шығарылған 
нақты шығындар сомасына –180 000 теңге:


ДТ КТ 
8415 «Негізгі құралдарды жөндеуң 180 000 

8311 «Көмекші өндірісң 180 000
3) Мердігерлік әдіспен орындалған күрделі жөндеу шығындарының 
сомасына – 25 000 теңге: 
238 



ДТ КТ 
2410 «Негізігі құралдарң 25 000 

3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге 

қысқа мерзімді кредиторлық борыштарң 25 000
 
4)
Шаруашылық әдіспен орындалған күрделі жөндеу шығындарының 
сомасына – 15 000 теңге: 

ДТ КТ 
2410 «Негізігі құралдарң 15 000 

8311 «Көмекші өндірісң 15 000 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет