Принциптері


Негізгі құралдардың кәсіпорыннан шығуының есебі



Pdf көрінісі
бет142/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Негізгі құралдардың кәсіпорыннан шығуының есебі 
Негізгі құралдар кәсіпорыннан мынадай жағдайларда есептен шығуы мүмкін: 
1. Тозығы жетіп, іске жарамай қалған негізгі құралдарды есептен шығару; 
2. Жарғылық капиталға қосқан үлес ретінде басқа кәсіпорындарға беру; 
3. 
Ұзақ мерзімге жалға беру; 
4. Басқа заңды және жеке тұлғаларға сыйға тарту; 
5. Ересек малдардың тұқымдық не өнім беру қасиетін жоғалтқандарын басқа
топқа ауыстыру, сатуға не союға жұмсау; 
6. Әр түрлі апаттардан (су тасқыны, өрт, жер сілкіну) шеккен зиян; 
7. Ұрлану немесе жоғалту нәтижесінде болған жетіспеушілік; 
8. Өндіріске қажеті жоқ құрал-жабдықтарды сату және тағы басқалар. 
Солардың ішіндегі негізгілері: жойылғанда, сатып-өткізілгенде және 
басқадай активтерге айырбасталғанда есептен шығуы.
Негізгі құралдар кәсіпорыннан қандай себептермен (жолдармен) есептен 
шықса да, есептен шыққан күнге дейін олар бойынша тозу (амортизация) 
есептелінеді. Содан кейін барып, олардың бастапқы құны мен жинақталған 
тозу сомасы тиісті шоттардан есептен шығарылады. 
Кәсіпорындағы негізгі құралдардың тозу дәрежесін анықтау үшін 
тұрақты комиссия құрылады. Оның құрамына кәсіпорын басшысының 
орынбасары,мамандар,бухгалтер тағы басқалар кіреді. Комиссия іске 
жарамай қалған құралдардың тозу дәрежесін, оның себептерін анықтайды. 
Негізгі құралдарды есептен шығару жөнінде шешім қабылданғаннан кейін 
олардың түріне қарай тиісті акт толтырылады. 
Қазіргі кезде бұл мақсаттарға «Негізгі құралдарды есептен шығару 
актісің (№НҚ-3 нысанындағы) пайдаланылады. 
Тұрғын-үй, қора-жайлар есептен шыққанда олардың бастапқы құны 
қанша рет және қанша сомаға жөндеу жүргізілгені, не себепті істен 
шығарылатыны көрсетіледі. 
Құрал-жабдықтар, көлік құралдары есептен шығарылғанда актіге мына 
мәліметтер тіркеледі: машина маркасы, заводтың номері, шаруашылыққа 
қабылданған мерзімі, пайдалану кезінде орындаған жұмыс көлемі, баланстық 
құны, жүргізілген күрделі жөндеу саны және оған кеткен шығын мөлшері. 
Сатып-өткізілген, жойылған негізгі құралдардың тозу құны 2420 
«Негізгі құралдардың амортизациясың шотының кредиті бойынша есептен 
239 


шығарылады. Нақты жағдайларға байланысты сатып-өткізудің нәтижесі таза 
табыс (пайда) немесе зиян болуы мүмкін.
Егер актив белгіленген мерзімнен ұзағырақ жұмыс істейтін болса және 
толық амортизацияланған болса, онда оған тозу (амортизация) 
есептелінбейді, және де кәсіпорыннан шығуының ақырғы сәтіне дейін 
есептен шығарылмайды. Амортизацияның мәні негізгі құралдардың құнын 
оның барлық жұмыс істеу мерзіміне бөліп таратуда болып табылады. 
Сонымен жинақталған тозудың жалпы сомасы еш уақытта бастапқы құнның 
жалпы сомасынан артық болмауға тиісті (яғни негізгі құралдар қайта 
амортизацияланбайды). Негізгі құралдар объектісінің әлі пайдаланылып 
жүргендігі бухгалтерлік шоттарда оның құны мен жинақталған тозу 
сомасының көрсетілетіндігімен дәлелденеді. Егер негізгі құрал өндіріс 
процессіне енді қатынаспайтын болса, оның құны мен жинақталған тозу 
сомасы есептен шығарылады. 
Жоғарыда негізгі құралдың кәсіпорыннан әртүрлі жағдайлармен 
шығарылатындығын айтқан болатынбыз. Осы жағдайлардың әрқайсысында 
негізгі құралдардың есептен шығуын тіркеу үшін мысал келтірейік. Мысалы, 
жиһаз жасаумен айналысатын «Арманң акционерлік қоғамы 2012 жылы 1 
қаңтарда 500 000 теңгеге ағаш кесетін станок сатып алды делік, станоктың 
тиімді қызмет ету мерзімі 10 жыл деп алынып, оған бірқалыпты (түзу 
сызықты) әдіс бойынша амортизация есептеліне бастады. 10 жыл мерзім 
өткеннен кейін станоктың жойылу құны 5 000 теңге болуға тиісті. 2013 
жылғы 1 қаңтарда тиісті шоттарда төмендегі сальдолар болады.
Машиналар мен Негізгі құралдардың
Дт жабдықтар Кт Дт тозуы Кт 
С
1=
500 000 С
1=
49 500
Станок 2013 жылдың 30 тамызында сатып өткізілді делік. Төменде 
келтірілген мысал бойынша толық емес жыл үшін, яғни 8 айға есептелінген 
амортизацияның және негізгі құралдардың шығуының бухгалтерлік есепте 
бейнеленуін қарастырайық.
Негізгі құралдың кәсіпорыннан шығуынан бұрынғы толық емес жыл 
үшін есептелінген амортизация сомасы. 
 
Негізгі құралды сатып-өткізген немесе жойған кезде сатып-өткізу 
мерзіміне дейінгі толық емес жылға есептелінген тозу (амортизация) 
сомасын бухгалтерлік есепте көрсету қажет.
Негізгі құрал кәсіпорыннан шыққанға дейін пайдалануда 
болғандықтан, сәйкестік ережесі бойынша, есепті кезеңде амортизация 
есептелінуге тиісті.
2013 жылдың 30 тамызында сатып өткізілген станок үшін 8 айға 
амортизация сомасы былайша есептелінеді:
(500 000 – 
5000)/(10 жыл /12 ай*8) = 33 000
240 


Есептелінген (8 айға) амортизация сомасы бухгалтерлік есепте 
төмендегі жазу арқылы көрсетіледі: 

ДТ КТ 
8114 «
Негізгі құралдардың тозуың
33 000

2420 «Негізгі құралдардың амортизациясың
33 000
Амортизация есептелгеннен кейінгі тиісті шоттардағы сальдо:
Машиналар мен Негізгі құралдардың
Дт жабдықтар Кт Дт тозуы Кт 
500 000 82 500
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет