Принциптері



Pdf көрінісі
бет150/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
МҮЛІКТІК КАТОЧКА 
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚ
.
(объектінің толық атауы және неге арналған) 
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРДЫ ЖАСАУШЫ «Арманң акционерлік қоғамы
Дайындаушы субъектінің толық атауы 
Кәсіпоры
н-ның 
құрлымд
ық 
бірлігінің 
коды 
Өндіріс 
түрі 
Цех
Ара-
лық 
шот 
Ана-
лити-
калық 
есеп 
коды 
Баланс-
тық 
(сатып 
алу күн) 
Негізгі құралдардың 
тозуын жатқызуға 
арналған шот және 
талдамалық есеп 
объектісінің коды 
Амортиза-
циялық 
аударымдар 
нормасы-
ның коды 
Амортиза-
циялық 
аударымдар 
нормасы 
Жабдықтар 
Пайдалануға беру 
туралы актысы 
Мен-шік 
белгісі 
Түрі 
Коды 
Күні 
Но-
мері 









10 
11 
12 
13 
14 
05 
02 
02 
2410 

175000 
8416 
15000 
20,0 
04 
03 
18.01. 
2012 
25 
Жеке-
меншік 
Номері 
Тозу 
сомасы 
Шығару 
(салыну) жылы 
Қымбат бағалы метал (тас, және т.б.) 
Шықты (берілді) 
Мүліктік 
Төлқұжат-
тың 
Атауы 
Номенкла-
туралық 
нөмірі 
Өлшем 
бірлігі 
Саны, 
массасы 
Құжат бойынша 
Шығу (орын 
ауыстыру) себебі 
Күні 
Нөмірі 
Атауы 
Коды 
19 
20 
21 
22 
23 
24 
25 
26 
27 
28 
29 
30 
25487 
ОБ-5879 

2012 




(
құжаттың жалғасы) 
Салып бітіру, қосымша жабдықтау, қайта жабдықтау 
(бухгалтерлік жазу) 
Жөндеу (бухгалтерлік жазу) 
Мерзімі 
Нөмірі 
Мүліктік 
Сомасы 
Мерзімі 
Нөмірі 
Мүліктік номер 
сомасы 
254 


номер 
Объектінің қысқаша сипаттамасы 
Объектіні сипаттаушы конструкциялық 
элементтер мен басқадай белгілерінің 
атаулары
Материалдар, өлшемі және басқа мәліметтер
Негізгі объект 
Негізгі объектіге қатысты қосымша құрылыс және т.б. 
атаулары 
Энергетикалық жабдықтың
Сиымдылығы
қуаттылығы 65 квт/сағ
800*500*2540 мм 
Карточканы толтырған: бухгалтер Абенова К.Ш.

(лауазымы) ( қолы) ( фамилиясы, аты-жөні)
18.01.2012 ж. 
255 


9.2 Материалдық емес активтердің есебі 
 
Ұзақ мерзімді активтер және олардың жіктелуі 
 
Ұзақ мерзімді активтер деп - кәсіпорынның шаруашылық қызметінде 
бір жылдан артық мерзімге пайдаланылатын және қайта сатып-өткізуге 
жатпайтын құралдарды айтады. Егер қандай да бір құндылықтар қайта 
сатып-өткізуге арналған болса, оларды тауарлы-материалдық босалқыларға, 
яғни айналым құралдарына жатқызу қажет. Мысалы, сатып-өткізу үшін 
жасалынған жазу столы оны жасаушы кәсіпорын үшін айналым құралы 
болып табылады, ал оны өзінің шаруашылық қызметіне пайдалану үшін 
сатып алған кәсіпорынның негізгі құралдарының бір бөлігін құрайды. 
Ұзақ мерзімді активтердің функционалдық (міндетті қызметін 
атқарудағы) пайдалылығы бар және кәсіпорынның өндірістік қызметіне 
бірнеше жылдар бойы пайдаланылады. Мысалы: жүк автокөлігінің оны 
пайдалану мерзімі ішіндегі функционалдық пайдалылығы 900 мың 
шақырымды құрайды. Қағаз көбейтуші техникада 500 мың дана қағаз 
көбейтуге болады. Өндірістік ғимарат күрделі жөндеусіз 30 жыл 
пайдаланыла алады. Кәсіпорын осы объектілердің барлығын сатып алған 
кезде, ол алдын-ала 900 мың шақырымға, 500 мың дана қағазға, 30 жыл 
көрсетілетін қызметке төлем жасайды. Шын мәнінде, бұл объектілердің 
әрқайсысы алдағы кезеңге жататын ұзақ мерзімді шығыстар болып 
табылады. Бұл жердегі бухгалтерлік есептің негізгі проблемасы ұзақ мерзімді 
активтерді сатып алу және пайдалану шығындарының олардың пайдалы 
қызмет ету мерзімі ішінде қалай бөліп таратылатындығында. Және де, егер 
сатып алынған жабдық өзінің құнын тез арада ақтайтын болса, онда 
белгіленген мерзім өткеннен кейін оны өндірісте пайдалануды 
жалғастырғаннан гөрі басқамен алмастырған тиімдірек.
 
Ұзақ мерзімді активтерді мынадай категорияларға жіктеуге болады: 

материалдық активтер (негізгі құралдар, табиғи ресурстар); 

материалдық емес активтер. 
 
Материалдық активтердің 
(tang
іble assets) табиғи натуралдық нысаны 
бар. Мысалы, оларға жерді жатқызуға болады. Жердің пайдалану мерзімі 
шексіз болғандықтан, оған амортизация (тозу) есептелінбейді. Ғимараттар, 
құрал-жабдықтар, құрылғылар амортизациялауға жатады, яғни пайдалану 
мерзімі ішінде олардың құнын бөліп-тарату үшін тозу (deprecіatіon) 
есептелінеді.
Тозудың (амортизацияның) есебі бағалау процессі емес, бөліп тарату 
процессі болып табылатындығын есте сақтау қажет. Бұл мәселелердің 
барлығы осы тараудың келесі параграфында егжей-тегжейлі қарастырылады. 
 
Табиғи ресурстардың 
(natural resourses) қазылып алынатындығына 
және тауар өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде өңделетіндігіне 
байланысты, экономикалық мағынасы жағынан олардың жерден және 
материалдық активтердің басқа түрлерінен айырмашылығы бар. Табиғи 
ресурстардың ішінде темір рудасын, мұнайды, газды, орман материалдарын 
256 


және т.б. атап айтуға болады. Табиғи ресурстардың негізгі айырмашылығы 
олар тозуға емес таусылуға (depletіon) ұшырайды, яғни қазып алудың, 
кесудің, тартып (ағызып) шығарудың және т.б. салдарынан біртіндеп азаяды, 
босап қалады. Табиғи ресурстар бухгалтерлік есепте сатып алу құны 
бойынша көрсетіледі және де ресурстарды игеру барысында олардың құны 
азаяды. Ресурстар құнының мұндай азаюы таусылу ретінде тіркеледі. 
«Таусылуң деген терминге тек табиғи ресурстардың орындарының босап 
қалуы ғана емес, сондай-ақ олардың құндарының пропорционалды түрде 
алынған өнімге аударылуы кіреді. 
Ресурстарды сатып алу немесе игеру кезінде қордың шамасының 
есептік көрсеткіші тоннамен, баррелимен, шаршы метрмен айқындалады. 
Сонда өндірілген бір ресурс бірлігінің құны былайша анықталады: 
 
Ресурстардың құны - Ресурстардың жойылу құны 
Қордың есептелінген шамасы 
Материалдық емес активтер
(іntangіble assets) - ұзақ уақыт 
пайдаланылатын, табиғи натуралдық нысаны жоқ құралдар болып табылады 
және де көптеген жағдайларда меншік иелерінің құқықтарын ресмилендіру 
немесе меншіктік құқықтардан туындайтын олардың артықшылығын 
қуаттаушы ретінде қызмет көрсетеді. Материалдық емес активтерге 
патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері (таңбалары) жалдау құқығы 
бойынша пайдалану, фирманың репутациясы және т.б. жатады. Материалдық 
емес активтердің есебі төменде қарастырылады.
Отандық тәжірибеде кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебінде 
(бухгалтерлік баланста) ұзақ мерзімді активтердің құрамында жоғарыда 
аталғандардан басқа аяқталмаған күрделі құрылыс шығындары, ұзақ мерзімді 
инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар, алдағы кезеңдерге 
жататын ұзақ мерзімді шығыстар есепке алынады.
Төменде ұзақ мерзімді активтердің негізгі түрлерінің есебін 
ұйымдастыру мәселелеріне тереңірек тоқталамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет