Принциптері



Pdf көрінісі
бет152/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Лицензиялық келісімдер -
патент иесінің (лицензиардың) өзінің 
контрагентіне (лицензиатқа) патенттік құқықтарының белгілі бір 
пайдалануға, қандай да бір өнімдерді (бұйымдарды) сатып-өткізуге ерекше 
құқығы үшін лицензия беруіне байланысты жасалынатын келісім-шарт. Яғни, 
лицензиялық келісімдерге лицензиялық келісім-шартпен берілетін құқық 
жатады. Лицензиялық келісім-шартпен өндірістік меншік объектісінің өзі 
емес тек оны пайдалану құқығы беріледі.
Өндірістік меншік объектісін пайдалану құқығын лицензиат белгілі бір 
мөлшерде төлем жасау арқылы сатып алады. Лицензиялық төлем - заңды 
немесе жеке тұлғаның меншік иесіне немесе бір нәрсені жасаушыға осы 
меншікті коммерциялық мақсаттарға пайдалану құқығы үшін жасайтын 
төлемі. 
Бағдарламалық жабдықтауға
электрондық есептеу машиналарына 
арналған бағдарламаларға авторлық құқықтар жатады. Бағдарламаға 
авторлық құқықпен жеке тұлға болып табылатын автордың шығармашылық 
қызметінің нәтижесі бекітіледі. Материалдық емес активтердің бұл тобына 
мүліктік құқығы авторлық келісім-шартпен рәсімделген бағдарламалық 
өнімдерді жатқызу керек. Бағдарламалардың сауда орындарынан немесе 
таратушылардан сатылып алынған (дискеттегі) данасына шығарылған 
шығындар және оларды орнатуға байланысты шығындар материалдық емес 
активтер құрамына есепке алынбайды, ондай шығындар кезеңдік шығыстарға 
жатады. Мүліктік авторлық құқық авторлық келісім-шарт жасау арқылы 
тапсырылады, сондықтан материалдық емес активтердің бұл түрін есепке алу 
келісім-шартпен расталуға (дәлелденуге) тиісті. 
Ноу-хау –
субъектінің практикалық қызметінде пайдаланылатын, бірақ 
әлі жалпы игілікке айналмаған ғылыми, техникалық, өндірістік, 
коммерциялық немесе басқадай сипаттағы әртүрлі білімдердің жиынтығы. 
Көп жағдайда ноу-хауды субъектінің құрылтайшылары мен қатысушылары 
оның жарғылық капиталына қосқан үлес ретінде береді. 
Гудвилл (фирма бағасы) –
фирманың іскерлік репутациясы. Фирма 
бағасы жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды тұтасымен немесе оның 
құрылымдық бөлімшесін сатып алғанда пайда болады. Әдетте мұндай 
кәсіпорындар активтерінің баланстық құнымен емес нарықтық құнымен 
сатылып алынады. Нарықтық құн деңгейі кәсіпорынның табыстылығымен, 
өндіретін өнімнің базардағы мәртебесімен, салық төлеудегі жеңілдіктермен, 
басқару персоналының және қатардағы мамандардың квалификациялық 
деңгейімен және басқа да факторлармен байланысты болады. Кәсіпорынның 
сатып алу бағасының оның барлық активтерінің баланстық құнынан асып 
түскен айырмасы - фирма бағасы болып табылады. 
Ұйымдастыру шығындары -
субъектінің құрылуымен байланысты 
(мемлекеттік тіркеуден өту сәтіне дейінгі) шығындар. Ұйымдастыру 
259 


шығындарына тіркеуден өту үшін қажетті құжаттарды дайындау 
шығындары; құжаттарды дайындау және тіркеуден өткізу процессіндегі 
кеңесші қызметінің төлемі бойынша шығындар; мемлекеттік тіркеуден өту 
үшін төленетін төлемдер; субъектінің шаруашылық қызметінің қандай 
болмасын түрлеріне әртүрлі рұқсаттар алу үшін төленетін алымдар; акциялар 
шығару бойынша шығындар; міндетті ұйымдастыру төлемдері (құжаттарды 
нотариалдық растау, мөрлерді, штамптарды дайындау, банкте шот ашу, 
құрылтай құжаттарын көбейтіп алу және тағы басқалар); басқадай шығындар 
жатады. 
Жер учаскелерін және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану құқығы 
-
аталған ресурстарды оны иеленушіге тек шаруашылық немесе басқадай 
мақсаттарға пайдалануға құқық береді. Жер учаскелерін және басқада табиғи 
ресурстарды пайдалану құқығын иемдену, ол ресурстардың субъектінің 
меншігіне айналғандығын білдірмейді. Субъект аталған ресурстарды тек 
белгіленген мақсаттарға ғана пайдаланады.
Материалдық емес активтерді тиесілігіне, пайдалану мақсатына және 
атқаратын міндетті қызметіне байланысты топтастыруға болады. 
Тиесілігі бойынша материалдық емес активтер мынадай топтарға 
бөлінеді: 
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет