Принциптері



Pdf көрінісі
бет153/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

өндіріспен байланысты материалдық емес активтер (ұйымдастыру 
шығындары, ноу-хау, ЭЕМ-ын бағдарламалық жабдықтау, табиғат 
ресурстарын пайдалану құқығы); 
-
коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер 
(тауар белгілері, сауда маркілері); 
-
пайдалану құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер 
(патенттер, лицензиялық келісімдер, өндірістік үлгілер); 
-
басқалары (гудвилл (фирма бағасы), интеллектуалдық меншік). 
Пайдалану мақсаты және атқаратын міндетті қызметі (функциясы) 
бойынша: 
-
интелектуалдық меншік (патенттер, лицензиялар, тауар белгілері 
(таңбалары), ноу-хау, өндірістік үлгілер, гудвилл, ЭЕМ-ына 
бағдарламалық жабдықтар); 
-
табиғат ресурстарын пайдалану құқығы (жер учаскесін, қазба 
байлықтарын пайдалану құқығы, қазба байлықтар жөніндегі геологиялық 
және басқа ақпараттарға құқық); 
-
кейінге қалдырылған шығындар (ұйымдастыру шығындары, ғылыми-
зерттеу және конструкторлық - тәжірибе жұмыстары бойынша 
шығындар). 
Шаруашылық жүргізуші субъектілерде материалдық емес активтердің 
есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды бағалау принципі үлкен роль 
атқарады. 
Бухгалтерлік есептің 38 «Материалдық емес активтерң деп аталатын 
халықарарлық стандартында материалдық емес активтерді бағалаудың 
260 


мынадай түрлері белгіленген: бастапқы құн, амортизацияланған құн, 
баланстық құн, жойылу құны, сатып-өткізу құны. 
Бастапқы құн 
– 
материалдық емес активті сатып алу немесе жасау 
кезінде төленген ақшаның немесе оның эквивалентінің сомасы не болмаса 
басқадай компенсациялардың ағымдағы бағамен бағаланған құны. 
 
Амортизацияланған құн
– 
материалдық емес активтің бастапқы құны 
мен жойылу құнының айырмасы. 
Баланстық құн
– 
материалдық емес активтің бастапқы құны мен 
жинақталған амортизация сомасының айырмасы ретінде анықталып, 
қаржылық қорытынды есепте көрсетілетін сома. 
Жойылу құны
– 
материалдық емес активтің тиімді пайдалану мерзімінің 
аяғында оны сатып-өткізу бойынша болжанған шығындарды шегеріп 
тастағаннан кейінгі алынады деп күтілетін сома. 
Сатып-өткізу құны
– 
хабардар және келісім жасауға дайын тәуелсіз 
жақтардың арасында материалдық емес активтердің айырбасы болуы мүмкін 
құн. 
Материалдық емес активтер субъектінің активтері ретінде танылған 
(есепке алынған) сәтте бастапқы құны бойынша бағаланады. 
Материалдық емес активтердің бастапқы құны олардың басқа жақтан 
сатылып алынғандығына немесе субъектінің өзінде жасалынғандығына 
байланысты анықталады. 
Шаруашылық жүргізуші субъектінің материалдық емес активтері сатып 
алу, кәсіпорындарды біріктіру нәтижесінде, мемлекеттік субсидия есебінен, 
сондай-ақ айырбас жасау нәтижесінде алынуы мүмкін. 
Ақшаға немесе оның эквивалентіне сатып алу нәтижесінде кіріске 
алынған объектілердің бастапқы құны - төленген орны толтырылмайтын 
салықтар мен алымдарды және материалдық емес активті пайдалануға дайын 
ету жағдайына жеткізумен тікелей байланысты кез-келген басқадай 
шығындарды қоса есептегендегі субъектінің сатып алуға жұмсаған нақты 
шығындарынан тұрады. 
Кәсіпорындарды біріктіру нәтижесінде кіріске алынған объектілердің 
бастапқы құны ретінде олардың сатып-өткізу құны есепке алынады. Егер 
бірлескен кәсіпорынның бір бөлігі ретінде кіріске алынған материалдық емес 
активтердің сатып-өткізу құнын дұрыс анықтау мүмкін болмаса, объект жеке 
материалдық емес актив ретінде танылмайды, бірақ гудвиллге жатқызылады. 
Мемлекеттен номиналдық (нақты көрсетілген) сомамен тегін немесе 
үкімет субсидиясы есебінен алынған объектілердің бастапқы құны 
(материалдық емес активтің бұл түрі үшін белсенді нарық болған кезде) - 
сатып-өткізу құны бойынша анықталады. 
Мемлекеттен номиналдық (нақты көрсетілген) сомамен тегін немесе 
үкімет субсидиясы есебінен алынған объектілердің бастапқы құны 
(материалдық емес активтердің бұл түрі үшін белсенді нарық болмаған 
кезде) – нольдік ставкамен немесе номиналдық құнымен не болмаса 
материалдық емес активті пайдалануға дайын ету жағдайына жеткізумен 
байланысты нақты шығындардың сомасы бойынша анықталады. 
261 


Субъектінің өзінде жасалынған объектлердің бастапқы құны - 
материалдық емес баптардың материалдық емес активтер анықтамасына 
және олардың танылу критерийлеріне сәйкес келген сәтінен бастап 
шығарылған активті жасауға және оны белгіленген мақсатқа пайдалану үшін 
дайындауға бөліп таратылуы мүмкін қосымша шығындар мен нақты тікелей 
шығындардың сомасынан тұрады. 
Объектіні жасауға оның материалдық емес активтер анықтамасына және 
танылу критерийлеріне сәйкес келген сәтіне дейін шығарылған шығындар 
активтің бастапқы құнына кірмейді, олар өздері шығарылған есепті кезеңнің 
шығындары болып табылады. 
Ұқсас активке айырбастау нәтижесінде қабылданған объектінің 
бастапқы құны - айырбасталған активтің баланстық құны бойынша 
анықталады. Мұндай айырбас табыс әкелмейтін келісім болып табылады. 
Актив ретінде бастапқы танылуынан кейін материалдық емес активтер 
жинақталған амортизация сомасын алып тастаған бастапқы құны бойынша 
көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет