Принциптері


Материалдық емес активтер туралы жалпы түсінік, олардың жіктелуі



Pdf көрінісі
бет151/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Материалдық емес активтер туралы жалпы түсінік, олардың жіктелуі 
және бағалануы 
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты шаруашылық жүргізуші 
субъектілер мүлкінің құрамында 
материалдық емес активтер
деп аталатын 
активтердің жаңа түрі пайда болды. Олар субъектінің бухгалтерлік 
балансында ұзақ мерзімді активтер баптарының бірінші тобында көрсетіледі. 
Экономиканың даму мүмкіндігіне қарай шаруашылық жүргізуші 
субъект мүлкіндегі материалдық емес активтердің маңызы мен үлесі арта 
түседі, ол техника мен технологиялардың дамуымен, ақпараттардың кеңінен 
таралуымен, экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты болады. 
Материалдық емес активтер
деп - табиғи болмысы жоқ өндіріске
немесе тауарларды (жұмысты, қызметті) сатып-өткізу операцияларына, 
257 


әкімшілік мақсаттарға ұзақ уақыт (бір жылдан артық) пайдалануға және 
басқа субъектіге жалға беруге арналған, айқындауға болатын, субъект 
бақылау жүргізе алатын, сондай-ақ пайдаланудан субъект келешекте 
экономикалық табыс (пайда) күтетін ақшалай емес активтерді айтады.
Бухгалтерлік есептің 38 «Материалдық емес активтерң деп аталатын 
халықарарлық стандартына сәйкес материалдық емес актив осы анықтамаға 
және төмендегі талаптарға сай келгенде ғана материалдық актив ретінде 
идентификацияланып есепте танылады (есепке алынады): 
(a)
жеке дара бөліне алады, яғни, кәсіпорынның олай істеуге ниеті болмаса 
да, келісім-шарт негізінде кәсіпорыннан бөлініп сатыла алатын, 
айырбасталына алатын, лицензиямен қорғалына алатын, жалға беріле 
алынатын; 
(ә) келісім-шарт немесе басқадай заңдық құқықтар негізінде пайда болған 
құқықтар және ол құқықтар өзгелерге берілмейтін болса да. 
Егер де материалдық емес активтің келешек экономикалық табыстың 
(пайданың) көбеюіндегі ролі анықталған болса, активтің бұл түрін 
субъектінің пайдалану қабілеті және ниеті бар болса, сондай-ақ субъектіге 
келешек экономикалық табыс алуға мүмкіндік беретін техникалық, қаржы 
және басқа да ресурстары бар болса, ондай жағдайларда бұл материалдық 
емес активпен тікелей байланысты келешек экономикалық табыстар (пайда) 
алынады. 
Материалдық емес активтерге ғылыми, әдеби, көркем шығармаларға 
және шектес құқықтар объектілеріне, электрондық есептеу машиналарының 
бағдарламаларына және тағы басқаларға авторлық және басқа келісім-
шарттардан туындайтын құқықтар, патенттер, өндірістік үлгілер, тауар 
белгілері (таңбалары), лицензиялық келісімдер, ноу-хау, ұйымдастыру 
шығындары, гудвилл (фирма бағасы), жекелеген табиғи объектілерді (жер 
учаскелерін, табиғат ресурстарын (су, қазба байлықтар және т. б.) пайдалану 
құқықтары жатады. 
Төменде материалдық емес активтердің кейбір түрлерінің анықтамасы 
келтірілді. 
Авторлық куәлік (құқық)

ғылыми туындыны, әдеби, музыкалық 
шығарманы, көркем туындыны басуға, шығаруға, орындауға және басқадай 
пайдалануға құқық береді. 
Патент -
оны иеленушіге заңмен белгіленген мерзім ішінде өнімдерді 
немесе процесстерді пайдалануға, өндіруге және сатып-өткізуге құқық 
береді. Патент авторға не болмаса автордың көрсетуімен жеке немесе заңды 
тұлғаға беріледі. Өндіріс, сауда немесе кәсіп ету құқықтарына патент 
берілген кезде патенттік алым есептелінеді. 
Өндірістік үлгілерге берілетін құқық -
өнімнің сыртқы түрін 
айқындайтын көркемдік және конструкторлық шешімдерді (дизайнды) 
қолдануға ерекше құқық береді.
Тауар белгілері (таңбалары )-
белгілі бір субъектінің өндірістік 
өнімдерін немесе көрсететін қызметтерін басқа субъектілердегі біртекті 
(сондай) тауарлар мен қызметтерден айыру үшін қолданылатын белгілер. 
258 


Тауар белгісі (таңбасы) оны иемденуші кәсіпорынға өндіретін өнімдері мен 
көрсететін қызметін сол таңбамен белгілеу үшін ерекше құқық береді. 
Әдетте, тауар белгісі өндірістік немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы 
заңды тұлғаның атына тіркеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет