Принциптері


Негізгі құралдарды түгелдеу



Pdf көрінісі
бет147/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
Негізгі құралдарды түгелдеу 
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер бухгалтерлік есеп 
мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жылына бір рет өзінің 
мүліктеріне түгелдеу жүргізіп тұрулары қажет. 
 
Есепті жылдағы түгелдеу жүргізу санын, оларды өткізу мерзімін, әрбір 
түгелдеу жүргізілгенде тексерілетін мүліктердің тізімін кәсіпорынның өзі 
айқындайды.
Негізгі құралдар бойынша түгелдеу міндетті түрде мынадай 
жағдайларда жүргізіледі: 

негізгі құралдарға жауапты адам қызметінен ауысқанда; 

негізгі құралдар ұрланған, жоғалған, бүлінген жағдайда; 

өрт немесе басқа да кенеттен болған табиғи апат жағдайларына 
байланысты; 

шаруашылық субъектісі бір бағынышты органнан екінші орган 
қарамағына ауыстырылғанда және таратылғанда, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған басқадай 
жағдайларда.
 
Кәсіпорында негізгі құралдарға түгелдеу жүргізу үшін тағайындалған 
комиссия жұмыс жүргізуден бұрын мыналарды толық тексеріп алулары 
қажет: 

мүліктік (инвентарлық) карточкалардың, мүліктік кітапшалардың, 
мүліктік тізімнің бар немесе жоқтығын және олардың жағдайын; 

негізгі құралдардың төлқұжаттарының немесе техникалық 
құжаттарының бар немесе жоқтығын және олардың жағдайын; 

жалға алынған немесе берілген, уақытша пайдалануға немесе 
сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың тиісті
құжаттарының бар немесе жоқтығын. 
Егер ондай тиісті құжаттар болмаған жағдайда негізгі құралдарға 
жауапты адамдардан ол құжаттарды табуын талап ету қажет. Егер 
бухгалтерлік есептің регистрлерінде немесе техникалық құжаттарда 
қателіктер жіберілген болса, онда ол қателіктерді анықтап құжаттарға тиісті 
өзгерістер енгізу керек. Негізгі құралдарға түгелдеу жүргізу барысында 
комиссия міндетті түрде объектілерді мұқият қарап шығып түгелдеу тізіміне 
олардың толық атын, қандай жұмысқа арналғандығын, мүліктік номері мен 
негізгі техникалық көрсеткішін, бастапқы құны мен тозу құнын, тағы да 
басқа керекті мәліметтерді енгізіп жазулары керек. Түгелдеу барысында 
кәсіпорынның балансына бұрын есепке алынбаған, сондай-ақ есеп 
регистрлерінде сипаттайтын мәліметтері дұрыс көрсетілмеген немесе тіпті 
көрсетілмеген негізгі құралдар табылған жағдайда түгелдеу тізіміне олар 
246 


жайлы жетіспейтін мәліметтер дұрыс және толықтырылып жазылуы керек. 
Бұрын есепке алынбаған объектілер ағымдағы (түгелдеу жүргізілген 
уақыттағы) баға бойынша, ал олардың тозу құны ол негізгі құралдың сол 
күнгі техникалық жағдайына қарап анықталып, субъектінің балансына 
кіріске алынады. Бұл объектіге қойылған нарықтық бағасы мен тозу құны 
тиісті түгелдеу актісінде көрсетілуі қажет. Егер құрылыстың, ғимараттың 
жарым жартылай бұзылуын немесе оларға қосымша істелген күрделі 
жұмыстар (жанама салынған үй, қосымша салынған қабаттар, т.б.) түгелдеуге 
дейін есепке алынбаған жағдайда комиссия тиісті құжаттар бойынша 
объектінің бастапқы құнының өсуінің немесе кемуінің нақты сомасын 
анықтап, оларды түгелдеу тізіміне енгізуі керек. Сонымен қатар комиссия 
бұл қосымша жұмсалған қаржының немесе қосымша шығынның есеп 
регистрлеріне жазылмай қалуына кінәлі адамдарды анықтауы керек.
Кәсіпорында негізгі құралдарға түгелдеу жұмысы жүргізілетін уақытта 
басқа жақта болатын (тасымалдау құралдары, басқа жаққа күрделі жөндеуге 
жіберілген негізгі құралдар, т.б.) объектілерге басқа жаққа жібермей тұрып, 
алдын ала тексеріп түгелдеу тізіміне енгізу керек. Негізгі құралдар және күш 
беру қондырғылары түгелдеу тізіміне мүліктік номері, зауыттық номері 
тағыда басқа көрсеткіштері көрсетіліп тіркеледі.
Біртектес, құндары бірдей, бір уақытта кәсіпорынға кіріске алынған 
шаруашылық құралдарының аттарымен қатар сандары да жазылады. 
Пайдалануға жарамайтын, жөндеуге, бұрынғы қалпына келтіруге келмейтін 
негізгі құралдар түгелдеу тізіміне енгізілмейді. Ондай негізгі құралдарға 
пайдаланылған уақыт пен тозудың себептері жазылып бөлек акт 
жасалынады. 
Шаруашылық субъектісінің меншігіндегі негізгі құралдармен қатар 
жалға алынған негізгі құралдарына да түгелдеу жүргізіледі. Бұл объектілерге 
түгелдеу жүргізу жалға алғандағы тізім бойынша жүргізіліп, тізімге негізгі 
құралдарды жалға берген субъектінің аты, жылдық мерзімі көрсетіліп 
жазылады. Түгелдеу тізімінің бір данасы негізгі құралдарды жалға берген 
иесіне жіберіледі. 
Шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы негізгі құралдарға түгелдеу 
жүргізудің нәтижесін анықтау үшін салыстыру ведомосын жасайды. Бұл 
ведомост түгелдеу барысында анықталған мәліметтер мен ақпараттарға және 
де оның есеп мәліметтеріне сәйкес келмейтін, сондай-ақ бұрын есепке 
алынбаған артық шаққан және кем шыққан негізгі құралға жасалынады. 
Түгелдеу жүргізуші комиссия өз жұмысының соңында қорытынды жасап, өз 
шешімін шығарады. 
Бұл шешімді кәсіпорын басшысы бекітуі керек. 
Түгелдеу нәтижесі бухгалтерлік есепте төмендегі шоттар 
корреспонденциясын анықтау арқылы көрсетіледі: 
а) Артық шыққан бұрын есепке алынбаған негізгі құралдар кіріске 
алынғанда 2410 «Негізгі құралдарң шоты дебеттелініп, 6280 « Басқа да 
табыстарң шоты кредиттелінеді. Олардың тозу сомасы 2410 «Негізгі 
247 


құралдарң шотының дебетіне, 2420 «Негізгі құралдардың тозуың шотының 
кредитіне жазылады.
Түгелдеу барысында материалдық жауапкершілікті адамдардың 
кінәсінен жоғалған, бүлінген негізгі құралдар айқындалған болса, онда кінәлі 
адамдар төлейтін сомаға 1250 «Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық 
борыштарың шоты дебеттелініп, 2410 «Негізгі құралдарң шоты 
кредиттелінеді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет