Принциптері


Жалдаудағы негізгі құралдардың есебі



Pdf көрінісі
бет148/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Жалдаудағы негізгі құралдардың есебі 
 
Шаруашылық 
жүргізуші 
субъектілер 
пайдаланылмайтын 
ғимараттарды, құрылғыларды, жабдықтар мен көлік құралдарын басқа 
кәсіпорындарға келісім-шарт негізінде жалға бере алады немесе аталған 
негізгі құралдардың түрлерін басқа кәсіпорындардан жалға ала алады. Бұл 
келісім-шартта жалға алынатын немесе жалға берілетін негізгі құралдардың 
атаулары, техникалық жағдайы, бастапқы құны, тозу құны, жалға берілетін 
немесе жалға алынатын мерзімі, жалдық төлем ақысының мөлшері, егер осы 
жалға алынған немесе берілген уақытта бұл негізгі құралға жөндеу жүргізілуі 
қажет болған жағдайда кім жөндейтіндігі (бұзылып қалған жағдайда) және 
қай кәсіпорынның есебінен жүргізілетіндігі тағы да басқа мәліметтер 
көрсетілуі қажет.
Бухгалтерлік есептің 17 «Жалдауң деп аталатын халықаралық 
стандартына сәйкес 
Жалдау
деп - жалға берушінің жалға алушыға негізгі 
құралдарды ақыға уақытша иеленуге және пайдалануға беруін айтады. 
Экономикалық шарттары бойынша жалдау қаржыландырылған және 
ағымдағы жалдау болып екіге бөлінеді. 
 
Қаржыландырылған жалдау дегеніміз
– 
жалдаушыға мүлікті иелену 
құқығына байланысты тәуекелдік пен пайданың елеулі бөлігін тапсыру 
(беру) болып табылады. Басқаша айтқанда жалдау мерзімінің аяғында 
меншік құқығы жалдаушыға ауысу мүмкіншілігі болса, яғни негізгі құралдың 
құны толық төленсе ондай жалдауды қаржыландырылған жалдау деп тануға 
болады. Мұндай жағдайда жалдаушы жалға алынған негізгі құралды өз 
балансында көрсетеді. Ал иелену құқығы жалдау мерзімі ішінде берілуі де 
мүмкін. 
Жоғарыда аталған стандартқа сәйкес ағымдағы жалдаудың мағынасы 
күні бұрын алынған негізгі құралды жалдаушыға оның уақытша қажеттілігін 
қанағаттандыруға белгілі мерзімге ғана жалға беруден тұрады. Жалдау 
мерзімі аяқталғаннан кейін мүлік жалға берушіге қайтарылады. Жалдау 
мерзімі ішінде жолдаушыға тек ие болу құқығы ауысады. Ал меншік иесінің 
құқығы мен міндеттері жалға берушіде қалады. 
Жалға алынған немесе жалға берілген негізгі құралдар өздерінің жалға 
алыну немесе берілу мерзімінің ұзақтығына қарай үш түрге бөлінеді: 
-
қысқа мерзімді жалдаудағы негізгі құралдар; 
-
орта мерзімді жалдаудағы негізгі құралдар; 
-
ұзақ мерзімді жалдаудағы негізгі құралдар; 
248 


Субъектіде негізгі құралдарды қысқа мерзімге жалға алу немесе қысқа 
мерзімге жалға беру деп бір жылға дейінгі уақытқа жалға алынған немесе 
жалға берілген негізгі құралдарды айтады. Негізгі құралдардың бір мен үш 
жыл мерзімі аралығында жалға алынуы немесе жалға берілуі орта мерзімді 
жалдау түріне жатқызылады. Жалдаудың бұл түрлері бойынша негізгі 
құралдарды жалға алғанда немесе бергенде жалға алушы шаруашылық 
субъектісі сол негізгі құралдарды жалдық мерзімі аяқталғаннан кейін 
олардың иесіне қайтарып береді. Субъектіде орта және қысқа мерзімдерге 
жалға алынған негізгі құралдар 001-ші «Жалға алынған негізгі құралдарң деп 
аталатын баланстан тыс шотының дебетінде есептелінеді. Ал бұл негізгі 
құралдар өз иесіне, яғни жалға берушіге қайтарылған уақытында бұл 
жоғарыда аталған 001-ші шоты кредиттелінеді. Субъект қысқа мерзімге 
жалға алынған негізгі құралдар үшін төлейтін жалдық төлеміне тиісті 
шығындар шоттары: 7210 «Әкімшілік шығыстарың, 7110 «Өнімдерді сатып-
өткізу және қызметтер көрсету бойынша шығыстарң, 8110 «Негізгі өндірісң, 
8310 «Көмекші өндірісң, 8400 «Үстеме шығыстарң дебеттелініп, 3360 
«Жалдау бойынша қысқа мерзімді борыштарң деп аталатын шоты 
кредиттелінеді. Ал субъект бұл есептелген жалдық төлемін төлеген жағдайда 
3360 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді борыштарң шотын дебеттеп, 1000 
«Ақша қаражаттарың деп аталатын бөлімшенің тиісті синтетикалық 
шоттарын (1030, 1010) кредиттейді. 
Субъектіде негізгі құралдарды үш жылдан артық уақытқа жалға алу 
немесе жалға беру ұзақ мерзімді жалдау түріне жатқызылады. Жалдаудың 
бұл түрі «Лизингң – деп аталады. Субъектіде негізгі құралдарды ұзақ 
мерзімге жалға алудың немесе жалға берудің өзі жай және 
қаржыландырылған болып екіге бөлінеді. Егер жалға алынған немесе жалға 
берілген негізгі құралдар өзінің жалдау туралы келісім-шарттарында 
көрсетілген мерзімі аяқталғаннан соң міндетті түрде иесіне қайтарылатын 
болса, онда бұл ұзақ мерзімді жалдаудың жай түріне жатқызылады. Ал ұзақ 
мерзімге жалға алу немесе жалға берудің қаржыландырылған түрі бойынша 
келісім-шартта көрсетілген мерзім аяқталған соң негізгі құралдарды жалға 
алушының сатып алуына құқығы бар болып табылады.
Субъект негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға алғанда шоттар 
жоспарының «Айналымнан тыс активтерң деп аталатын бөлімнің 2410 
«Негізгі құралдарң шоты дебеттелініп, 4150 «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді 
борыштарң шоты кредиттелінеді. Осы ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі 
құралдар үшін серіктестік жалдық төлемін төлегенде 4150 «Жалдау бойынша 
ұзақ мерзімді борыштарң шоты дебеттеліп, 1000 «Ақша қаражаттарың бөлімі 
шоттарының тиістілері кредиттеледі.
Субъект негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға алғанда оларға 
есептелінетін тозу сомасы 7210 «Әкімшілік шығыстарың, 7110 «Өнімдерді 
сатып-өткізу және қызметтер көрсету бойынша шығыстарң, 8110 «Негізгі 
өндірісң, 8310 «Көмекші өндірісң, 8400 «Үстеме шығыстарң деп аталатын 
шоттардың дебетіне, 2420 «Негізгі құралдардың тозуың шотының кредитіне 
жазылады.
249 


Шаруашылық субъектісінің ұзақ мерзімге жалға алған негізгі 
құралдарының келісім-шарттағы көрсетілген уақыты бітіп, субъектінің 
меншігіне айналғанда, 2410 «Негізгі өндірісң, 2930 «Аяқталмаған құрылысң 
шоттарының тиістілері дебеттелініп, «Ұзақ мерзімге жалдауға алынған 
негізгі құралдарң деп аталатын 2410«Негізгі өндірісң, 2930 «Аяқталмаған 
құрылысң шоттарының тиісті аралық шоттары кредиттелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет