Принциптері


Материалдық емес активтердің амортизациясын есепке алу



Pdf көрінісі
бет155/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Материалдық емес активтердің амортизациясын есепке алу 
Субъектінің өндірістік-шаруашылық қызметі процессінде пайдалануы 
барысында материалдық емес активтер біртіндеп сапалық жағынан тоза 
бастайды. Материалдық емес активтер өздерінің пайдаланылу мерзімі ішінде 
субъектіге табыс (пайда) әкелуге тиісті. Егер материалдық емес активтерді 
пайдаланудан субъект табыс таппайтын болса, онда оларды актив құрамында 
есепке алудың қажеті болмайды, мұндай жағдайда оларды сатып алуға 
кеткен немесе басқадай шығындар жиынтығы субъектінің зияны болып 
табылады. 
Шаруашылық жүргізуші субъектілерде материалдық емес активтерді 
пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі мерзім (ай) сайын 
субъектінің шығындарына қосылып отырады. Яғни, материалдық емес 
активтер бойынша амортизация есептеледі. 
Амортизация 
дегеніміз 
-
материалдық 
емес 
активтің 
амортизацияланушы сомасының оның тиімді пайдалану мерзімі ішінде 
жүйелі түрде бөліп таратылуы. 
Материалдық емес активтің амортизацияланушы сомасы (құны) оның 
тиімді қызметінің мерзіміне жуығырақ (жақынырақ) бағалау негізінде жүйелі 
түрде бөліп таратылады. Материалдық емес активтің тиімді қызметінің 
мерзімі оның пайдалануға дайын болған сәтінен бастап субъектінің қызмет 
атқаратын мерзімінен аспауға тиісті.
Бухгалтерлік есептің 38 «Материалдық емес активтерң халықаралық 
стандартына сәйкес материалдық емес актив бойынша амортизация 
есептеуде қолданылатын әдіс активті пайдаланудан алынатын экономикалық 
табысты тұтыну моделін көрсетуге тиісті. Егер активті пайдаланудан 
алынатын табысты (пайданы) тұтыну моделін дұрыс анықтау мүмкін 
болмаса, онда амортизация есептеудің бірқалыпты (түзу сызықты) әдісін 
қолдану керек. 
Амортизацияны есептеу әдістері осы тараудың «Негізгі құралдардың 
есебің деп аталатын екінші параграфында егжей-тегжейлі қарастырылған. 
Активтің тиімді пайдалану мерзімі және қолданатын амортизация есептеу 
әдісі қаржылық қорытынды есепті құрудың әрбір кезеңдеріне қайта қаралып 
отырады. Егер активтің тиімді пайдалану мерзімінде алғашқы бағалардан 
елеулі өзгешелік болса, амортизация есептеу мерзімі тиісінше өзгеруге тиісті. 
Ал, егер активті пайдаланудан алынатын табысты (пайданы) тұтынудың 
күтілген моделінде елеулі өзгерістер болса, онда болған өзгерістерді көрсету 
265 


үшін амортизация есептеу әдісін өзгерту қажет. Материалдық емес активтің 
тиімді пайдалану мерзімінің немесе амортизация есептеу әдістерінің өзгеруі 
амортизацияланушы сомаға ағымдағы және болашақ есепті кезеңдер үшін 
түзету жасау (корректировкалау) жолымен есептік бағалаудың өзгерісі 
ретінде есептелінеді. Материалдық емес активтердің түрлері бойынша 
жинақталған амортизациялық аударымдар жөніндегі ақпараттарды жинақтау 
үшін шоттар жоспарының 2740 «Басқа да материалдық емес активтердің 
амортизациясың синтетикалық шоты қарастырылған. 
2740 «Басқа да материалдық емес активтердің амортизациясың 
шотының кредитінде материалдық емес активтердің түрлері бойынша 
есептелген амортизация сомасын анықтауды және оны бухгалтерлік есепте 
бейнелеуді төмендегі мысал арқылы қарастырайық. 
Мысалы:
«Тұлпарң акционерлік қоғамы «Материалдық емес активтер 
бойынша амортизация есептеуң деп аталатын өңдеу кестесіне сәйкес 2012 
жылдың қыркүйек айында тауарларды сатып-өткізу жөніндегі лицензиялық 
келісім бойынша амортизациялық аударым сомасын есептеді – 1 200 теңге. 
Бұл операцияны төмендегі бухгалтерлік жазу арқылы көрсетуге болады: 

ДТ КТ 
7110 «
Өнімдерді сатып-өткізу және қызметтер көрсету 
 
бойынша шығыстарң 1 200

2740 «Басқа да материалдық емес активтердің 

амортизациясың
1200
2740 «Басқа да материалдық емес активтердің амортизациясың 
шотының дебеті және 2730 «Басқа да материалдық емес активтерң шотының 
кредиті бойынша субъектінің есебінен шығарылған материалдық емес 
активтер бойынша (шығарылу себебіне байланысты емес) жинақталған 
амортизация сомасы есептен шығарылады. Ол төменде қарастырылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет