Принциптері


Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі



Pdf көрінісі
бет163/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі 
Жұмыскерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу операцияларының 
есебі
 

Жұмыскерлер құрамы және жұмыс уақытының есебі 
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы еңбек етуге құқылы. Демек, 
республикамызда әрбір адамның өз ықыласына, қабілеттілігіне және арнайы 
дайындығына сәйкес жеке өндіруші ретінде немесе еңбек шарты бойынша еркін 
еңбек ету мүмкіндігі қарастырылған. Қазақстан Республикасының «Қазақстан 
Республикасындағы еңбек туралың заңына сәйкес 
еңбек
деп - адамдардың өмірі 
үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға 
бағытталған адам қызметін атайды. Республиканың азаматы қауіпсіздік және 
гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайына, сонымен қатар 
жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғану құқығына ие. 
279 


Нарықтық шаруашылық жүргізуге көшу жағдайында Қазақстандағы 
экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге сәйкес еңбек ақы, әлеуметтік 
қолдау және жұмыстарды қорғау салалары елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл 
саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттің көптеген міндеттері 
кәсіпорындардың құзырына берілді. Олар өз бетінше еңбек ақы мен еңбек 
нәтижесін материалдық ынталандырудың түрлері мен жүйесін, олардың 
көлемін анықтау мүмкіндігіне ие болды.
«Еңбек ақың түсінігі жаңа мағынамен толықтырылды және ол ақшалай 
және натуралды түрде есептелген еңбек ақының барлық түрлерін, 
қызметкерлерге заң бойынша жұмыс істемеген уақытына есептелген ақша 
сомаларын (кезекті демалыс, мейрам күндері т.б.) қоса қамтиды. Еңбек ақы деп 
еңбектің күрделілігіне, мөлшеріне және сапасына байланысты берілетін сый 
ақыны (табысты) атайды. 
Әрбір қызметкердің еңбек табысы кәсіпорын жұмысының соңғы нәтижесін 
ескере отырып, оның жеке салымына байланысты анықталады, ол салықтармен 
реттеледі және көлемі шектелмейді. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы 
кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек ақысының ең аз мөлшері жыл сайын 
Қазақстан Республикасының бюджет туралы Заңымен белгіленеді. Еңбек 
қатынастарын, оның ішінде қызметкерлердің еңбек ақысы саласындағы 
қатынастарды реттеудің белгіленген заңды нысаны кәсіпорынның ұжымдық 
келісім-шарты болып табылады. Онда кәсіпорын құзырына кіретін еңбек ақы 
шарттары көрсетіледі. Әлеуметтік кепілдік саласындағы жаңа бағыттар 
табыстарды индексациялау және инфляция бойынша тұрғындардың 
шығындарын компенсациялау болып табылады. Тұрғындарды қолдау және 
әлеуметтік қорғауда әлеуметтік салықтың маңызы зор. Оның құрылу және 
пайдаланылу тәртіптері заңға сәйкес белгіленеді. 
Еңбек және еңбек ақы есебі кәсіпорынның есеп жүйесінде маңызды орынға 
ие болады. Оның негізі міндеттері: 
1.
белгіленген мерзімде кәсіпорын қызметкерлерімен еңбек ақы бойынша есеп 
айырысу (еңбек ақы және басқа да төлемдерді есептеу, олардан тиісті 
салықтарды ұстау және нақты ақшаны қолға беру); 
2.
есептелген еңбек ақы және аударымдар сомасын өнімнің (жұмыстың, 
қызметтің) өзіндік құнына уақытылы және дұрыс енгізу; 
3.
жедел басқару және қажетті салық және статистикалық қорытынды есепті 
дайындау мақсатында еңбек пен еңбек ақы көрсеткіштерін жинау және 
топтастыру. 
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында еңбек және еңбек 
ақының бухгалтерлік есебі төмендегілерді қамтамасыз етуі қажет: 
-
шаруашылықтың әртүрлі салаларында нақты шығындарды құжаттарда 
уақытылы және дәл рәсімдеу; 
-
орындалған жұмыс немесе шығарылған өнім көлемін және пайдаланылған 
жұмыс уақытын дәл көрсету; 
280 


-
еңбек ақыны дәл есептеуді қамтамасыз ететін белгіленген нормалар мен 
бағамдардың дұрыс қолданылуын бақылау; 
-
еңбек ақыны дәл есептеу және оның уақытында төленуін қамтамасыз ету 
мақсатында шаруашылықтың әрбір жұмысшысының еңбегінің мөлшерін 
бағалау; 
-
белгіленген еңбек ақы қорын пайдалануды және категориялары бойынша 
шаруашылық жұмысшыларының санын бақылау; 
-
есеп объектілері бойынша шығындарды дұрыс есептеуді қамтамасыз 
ететін бухгалтерлік шоттар бойынша еңбек ақыны тарату тәртібін сақтау; 
-
ұйымдастырудың және еңбек ақының алдыңғы қатарлы үлгілерін кеңінен 
пайдалану. 
Жұмысқа жаңадан қабылданғандарды «Жұмысқа қабылдау туралы 
бұйрықпенң (№Е-1 нысан) рәсімдейді. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылдау 
туралы бұйрықтың негізінде Жеке карточканы (№Е-2 нысан) толтырады.
Кезекті демалыс уақытын құжаттау үшін «Демалыс беру туралы бұйрықң 
(№Е-6 нысан) қолданылады. Оны екі дана етіп толтырып, біреуі бухгалтерияда, 
ал екіншісі кадрлар бөлімінде болады. Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда 
екі дана етіп «Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрықң (№Е-8 нысан) 
толтырылады. Оның біреуі бухгалтерияда, ал екіншісі кадрлар бөлімінде 
болады. 
Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытының белгіленген 
кестесін сақтап жүруін бақылау, жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу, 
еңбек төлемі бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөнінде статистикалық 
есеп беру үшін «Жұмыс уақыты есебінің табелің (№Е-13 нысан) жұмыс істеп 
жүргендердің барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі 
жүргізіледі. Төменде құжаттың нысаны келтірілді.
Мұны өкілеттілік алған адам бір дана етіп жасайды, тиісінше құжатталған 
соң бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс 
күнінің толық істелмегені туралы, мерзімнен тыс істелінген жұмыс туралы және 
басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауытқушылықтар жөнінде дұрыс 
толтырылған құжаттар (жұмысқа жарамсыздық қағазы, мемлекеттік не 
қоғамдық міндеттерді орындағандығы туралы анықтамалар т.б.) негізінде ғана 
табельге белгілер қойылуға тиіс. Жұмыс уақытын пайдалану есебі табельдерде 
қызметкерлердің жұмысқа келген-келмегендігін жаппай тіркеу әдісімен немесе 
тек қана ауытқушылықтарды (келмегендерді, кешіккендерді т.б.) тіркеу әдісімен 
жүзеге асырылады. 
Жұмысқа қабылдау мерзіміне байланысты жұмысшылар 
тұрақты, 
уақытша
және 
маусымдық
болып бөлінеді. 
Тұрақты
жұмысшыларға
жұмыс істеу мерзімінің аяқталу уақыты 
көрсетілмеген жұмысшылар, 
уақытша жұмысшыларға
белгілі бір мерзімге 
қабылдаған 
жұмысшылар, 
маусымдық 
жұмысшыларға
маусымдық 
жұмыстарды орындау үшін қабылданған жұмысшылар жатады. 
281 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет