Принциптері


Номиналдық және нарықтық проценттік ставкалар



Pdf көрінісі
бет171/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Номиналдық және нарықтық проценттік ставкалар 
Облигацияларды шығарып сату кезінде көптеген кәсіпорындар 
номиналдық проценттік ставкаларды нарықтық проценттік ставкаларға 
мейлінше жақындатып белгілеуге тырысады. 
Номиналдық проценттік ставка
дегеніміз – облигациялардың номиналдық 
құнына негізделіп, облигация ұстаушыларға төленетін проценттер ставкасы. 
Мұндай проценттік ставка және сома қарыздың барлық мерзімінде белгіленген 
болып қалады. 
Нарықтық проценттік ставка 

қарыз алу және тәуекелдік 
жағдайлары жағынан ұқсас облигациялар бойынша инвестициялық рынокта 
төленетін сомаларға негізделген ставка. Нарықтық проценттік ставкалар күнбе-
297 


күн құбылып (өзгеріп) тұрады. Бірақ, кәсіпорын облигация шығара отырып, 
қаржы рыногында ағымдағы және болашақ жағдайға сай болу үшін қандай 
номиналдық проценттік ставка хабарлануға тиісті екендігін шешуге тиісті. 
Кәсіпорын нарықтық проценттік ставканы бақылай алмайтын болғандықтан, 
облигацияны шығарып-сату мерзіміне олардың номиналдық және проценттік 
ставкаларының арасында айырмашылықтар өте жиі туындайды. Нәтижесінде 
облигацияның шығарып сатылатын құны оның номиналдық құнына барлық 
уақытта тең бола бермейді.
Егер нарықтық проценттік ставка облигацияның номиналдық құнынан 
жоғары болса, шығарып сату құны номиналдық құнынан төмен болады. Мұндай 
жағдайда облигациялар жеңілдіктермен шығарылып сатылады. Жеңілдік 
облигацияның номиналдық құнының оның шығарылып сатылатын құнынан 
артық сомасына тең. Басқа жағынан, егер нарықтық проценттік ставка 
облигацияның номиналдық құнынан төмен болса, онда облигацияның шығарып 
сатылу құны номиналдық құнынан жоғары болады. Мұндай жағдайда 
облигациялар 
үстеме сомамен 
шығарып сатылады. 
Үстеме сомасы 
облигацияның шығарып сатылу құнының оның номиналдық құнынан артық 
сомасына тең.
Жеңілдікпен шығарып сатылған облигациялар есебі
 
«Арманң акционерлік қоғамы 2012 жылдың 1 қаңтарында номиналдық 
құны 1 000 теңге болатын 6 000 акцияны шығарып сату жөнінде шешім 
қабылдады делік. Облигациялардың айналым мерзімі – 2 жыл, төлем 
міндеттемесі – жылдық төлемнің 12 пайызы мөлшерінде жылына 2 рет – 1 
наурызда және 1 қыркүйекте төленеді. Шын мәнінде облигациялар 2001 жылғы
1 қыркүйекте әрбір облигацияға 32 теңге жеңілдікпен шығарып сатылды. Бұл – 
инвестордың облигацияларды рынокта 1 000 теңгеге емес 968 теңгеге сатып 
алатындығын көрсетеді. Яғни, ол әрбір облигация үшін хабарланған 
номиналдан 32 теңгеге аз төлейді. Ол эмитенттің (шығарушының) процентті 
орташа проценттік ставкадан төмен төлейтіндігін хабарлағандығына қарамастан 
табыс алуға және ұтылмауға әрекет жасайды. Бұл операциялар бухгалтерлік 
есепте төмендегіше көрсетіледі: 
 
2012 жылғы 1 қыркүйек: 
Ағымдағы құны бойынша шығарып сатылған облигациялардың жалпы 
сомасын анықтаймыз:
а) облигациялардың номиналдық құны – 6 000 х 1 000 = 6 000 000 теңге
ә) жеңілдіктің құны – 32 х 6 000 = 192 000 теңге
б) шығарып сатылған облигациялардың ағымдағы құны – 6 000 000 -192 
000 = 5 808 
000 теңге
 
ДТ КТ
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 5 808 000 
2180 «Басқадай дебиторлық борыштарң 192 000 

4030 «Басқадай несиелерң 
6 000 000
298 


Облигацияларды жеңілдікпен шығарып сата отырып, акционерлік қоғам 
саналы түрде проценттерді төлеу бойынша қосымша шығындарға барып 
отырғандығы белгілі. Проценттердің сомасы облигациялар айналымының 
барлық кезеңі бойына проценттерді төлеу бойынша шығыстардың көбеюіне 
біркелкі апарылып отыруға тиісті.
Жеңілдіктің мөлшері аз қалған сайын облигацияның ағымдағы құны оның 
номиналдық құнына жақындай түседі және облигацияның жабылу (жойылу) 
мерзімінің аяғына қарай оның ағымдағы құны номиналдық құнына тең болады, 
ал жеңілдік сомасы түгелдей амортизацияланады және есептен шығарылады. 
Сөйтіп, акционерлік қоғам облигациялардың жабылуы (жойылуы) кезінде 
инвесторларға облигацияның номиналдық құнын төлейді.
Біздің мысалымызда жеңілдік мөлшері 192 000 теңгені құрайды, яғни осы 
сомаға акционерлік қоғам процент төлеу бойынша шығыстарын көбейтеді. 
Процент төлеу бойынша шығыстар сомасы – 1 440 000 теңгенің орнына 

632 000 теңге болып отыр. 
Кәсіпорында облигациялар айналымының барлық кезеңіне 1 440 000 теңге 
мөлшерінде процент төленеді деп пайымдалған болатын, яғни:

000 000 х 12% : 100% х 2жыл = 1 440 000 теңге.
Облигациялар орналастыру процессінде 192 000 теңге жеңілдікпен сатып 
өткізілді, соған сәйкес акционерлік қоғамда процент төлеу бойынша шығыстар 
берілген жеңілдіктің сомасына өседі – 1 440 000 + 192 000= 1 632 000 теңге.
Әрі қарай «Арманң акционерлік қоғамына облигациялық жеңілдіктерді 
есептен шығару қажет.
Облигация бойынша жеңілдіктерді есептен шығарудың екі әдісі бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет