Ұзақ мерзімді несиелер кәсіпорынға 1 жылдан артық мерзімге құрылыс,
қайта қалпына келтіру және өнеркәсіптік, әлеуметтік-тұрмыстық бағыттағы
объектілерді техникамен қайта жабдықтау, ғимараттар салуға және басқа
күрделі салымдарды жүзеге асыруға беріледі.
Банк несиелерін алу және олардың қайтарылуы (өтелуі) бойынша
орындалған операцияларға мынадай шот корреспонденциясы анықталады:
1.
«Арманң акционерлік қоғамы тауарлы-материалдық босалқылар сатып
алуды қаржыландыру үшін «БТАң банкісінен 2012 жылдың 15 шілдесінде
алынған 4 200 000 теңге қысқа мерзімді несие сомасы есеп айырысу шотына
қабылданған кезде:
ДТ КТ
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 4 200 000
3010 «Қысқа мерзімді банк қарыздары (займдары)ң 4 200 000
2.
Аталмыш несие 2012 жылдың 15 желтоқсанында банкке қайтарылған кезде:
ДТ КТ
3010 «Қысқа мерзімді банк қарыздары (займдары)ң 4 200 000
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 4 200 000
Достарыңызбен бөлісу: