Принциптері


Төленуге тиісті облигациялардың есебі



Pdf көрінісі
бет169/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Төленуге тиісті облигациялардың есебі
Кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландырудың маңызды
көздерінің бірі – облигациялар нысанындағы ұзақ мерзімді борыштар. 
Кәсіпорын облигацияларды шығарған кезде кредиторға кезең сайын процент 
төлеп тұруға және алынған соманы белгіленген мерзімде қайтаруға 
міндеттенеді.
Облигация – оның иесінің ақша қаражаттарын салғандығы және оған 
белгіленген мерзім ішінде осы құнды қағаздың номиналдық құнына белгіленген 
процентті төлеумен бірге қайтаруды міндеттеуді куәландыратын құнды қағаз. 
Облигациялар белгіленген мерзімде жабылуға (жайылуға) тиісті және де 
кезең сайын процент төлеп отыруды талап етеді. Әдетте, облигациялар 
бойынша проценттер жылына екі рет (әрбір жарты жылда бір рет) төленеді. 
Облигацияларды акциялармен шатастыруға болмайды. Себебі, егер 
акционерлер меншік иелері болса, ал облигация ұстаушылар - кредиторлар 
болып табылады. Облигация - келісілген мерзімде борышты және ол бойынша 
процентті төлеу жөнінде уәде беру.
Облигациялар, егер олар бухгалтерлік есепте тіркелген күннен бастап бір 
жылдан артық мерзімге есептеліп сатып - өткізілетін болса, ұзақ мерзімді болып 
есептелінеді.
Облигация ұстаушы кәсіпорынның оған борышты екендігін дәлелдеуші 
ретінде сертификат алады. Көптеген жағдайларда облигацияның номиналдық 
(нақты) құны – 1 000 теңге немесе оның еселенген сомасына тең болады. 
294 


Облигацияларды шығару бір уақытта шығарылған құнды қағаздардың жалпы 
санымен анықталады. Мысалы, 1 000 000 теңгеге облигация шығару бағасы 1 
000 теңге болатын мың облигациядан тұрады. Шығарылған облигацияларды 
көптеген салым салушылардың сатып алуы және ұстауы мүмкін. Сөйтіп, 
кәсіпорын облигациялық келісім-шарт деп аталатын қосымша келісім жасайды. 
Бұл келісім–шартта облигация ұстаушылардың құқықтары, артықшылықтары 
және оларға қойылатын шектеулер айқындалады, облигациялардың жойылу 
(жабылу) мерзімі, проценттерді төлеу мерзімі және олардың шамасы, сонымен 
бірге облигациялардың оларды мерзімінен бұрын қайта сатып алу немесе 
қарапайым акцияларға айналдыру (конвертациялау) мүмкіндігі сияқты 
ерекшеліктері көрсетіледі.
Облигациялардың бағасы олардың номиналдық құнынан есептелінген 
проценттік норманы ескере отырып белгіленеді. Егер облигациялық норма 
(квота) 105,5 пайыз деңгейінде анықталса, бұл 1 000 теңге сомасындағы
облигацияның бағасы 1 055 теңге болатындығын (1 000 теңге х 105,5%) 
көрсетеді. Ал, егер норма 100-ге тең болса, онда облигация өзінің номиналдық 
құны бойынша сатып өткізіледі. Яғни, норма 100-ден жоғары болған жағдайда 
облигация үстемемен, ал төмен болса – жеңілдікпен сатып-өткізілуге тиісті. 1 
000 теңгенің облигациясы 90 пайыз норма жағдайында жеңілдікпен 900 
теңгеге сатып өткізіледі. Қазіргі қаржы рыногына кәсіпорындар шығаратын 
облигациялардың көптеген әртүрлі ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі кейбір 
маңыздыларын төменде қарастырамыз.
Қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген облигациялар. 
Егер облигациялар кәдімгі несие ретінде шығарылатын болса, онда олар 
қамтамасыз етілмеген болып саналады. Ал, егер облигациялар өздерінің 
ұстаушыларына олардың жабылуының (жойылуының) шарты ретінде 
кәсіпорынның белгілі бір активтерімен кепілдік беретін болса, онда олар 
қамтамасыз етілген болып табылады. Ондай облигацияларды кепілдікпен 
активтің кез-келген белгілі бір түрі немесе негізгі құралдар сиякты жалпы 
категориясы қамтамасыз ете алады. 
Тіркелген облигациялар және сериямен жабылатын
(жойылатын) 
облигациялар. 
Белгілі бір шығарылымның барлық облигациялары бір уақытта 
жабылуға (жойылуға) тиісті болған кезде, олар 
тіркелген облигациялар
деп 
аталады. Мысалы, кәсіпорын 1 000 000 теңгенің облигацияларын 10 жыл 
мерзімге шығара алады делік. Егер олар тіркелген облигациялар болып 
табылатын болса, онда барлық сома (1 000 000 теңге) 10 жылдан кейін 
жабылуға (жойылуға) тиісті.
Ал егер келісім-шарттары бойынша белгіленген мерзімі ішінде төлеу 
арқылы облигациялардың белгілі бір бөлігі жойылатын (жабылатын) болса, 
ондай облигацияларды 
сериялық облигациялар
деп атайды. Сериялық 
облигацияларға мысал ретінде әрбір 5 жылда 200 000 теңгеден жабылып 
отыруды талап ететін 1 000 000 теңгеге облигация шығаруды айтады. Бұл 
295 


алғашқы 200 000 теңгені жапқаннан кейін, келесі 5 жылдың ішінде тек 800 000 
теңгенің облигациясы ғана шығарылды деп есептелінетіндігін көрсетеді. 
Басқаша айтқанда, бірінші 5 жылда шығарылған облигациялар 1 000 000 теңге 
болады, екінші 5 жылда – 800 000 теңге; келесі 5 жылда 600 000 теңгеге және 
ары қарай қарыз толық жабылғанға дейін жалғаса береді.
Тіркелетін облигациялар және купондық облигациялар. 
Қазіргі кезде 
шығарылатын облигациялардың көпшілігі – 
тіркелетін облигациялар.
Бұл 
облигацияларда оларды шығарушы кәсіпорындар облигацияның иесінің аты-
жөнін, мекен-жайын жазып көрсетуге тиісті. Сөйтіп, кәсіпорын облигация 
иелерінің есебін жүргізеді, оларға проценттер төлейді.
Купондық облигациялардың иелерін кәсіпорын тіркемейді, бірақ ондай 
облигациялардың арнайы жыртылмалы купоны болады. Әрбір купон төленуге 
тиісті проценттер сомасы және олардың төленетін күні туралы ақпараттардан 
тұрады. Процент төленетін күні облигация ұстаушы облигациялық 
сертификаттан купондарды жыртып алады және проценттерді алу үшін оларды 
банкке өткізеді. Сөйтіп проценттер оларды төлеу мерзіміне кімнің купоны бар 
соған төленеді. 
Егер кәсіпорын облигациялар шығаруды ұйғарса, ол әдетте ондай 
шешімнің жобасын акция иелеріне талқылауға береді. Олардың облигация 
шығаруға келісімін алғаннан кейін кәсіпорын сертификаттарды басып 
шығарады және облигация шығару процедурасын рәсімдейді. Мұндай кезде 
бухгалтерлік есепте рұқсат алынғандығы жөніндегі жазу орындаудың қажеті 
жоқ.
Кәсіпорындар облигациялардың шығарылып сатылуын 4030 «Басқадай 
несиелерң шотына ашылған «Төленуге тиісті облигацияларң аралық шотында 
көрсетеді. 
Кәсіпорынның облигациялар бойынша борыштары, сонымен бірге олармен 
байланысты жабылмаған жеңілдіктер мен үстемелер, әдетте, баланста ұзақ 
мерзімді міндеттемелер ретінде көрсетіледі.
Бірақ, егер облигациялардың жабылу (жойылу) мерзімі бір жыл немесе одан аз 
болса және де олар айналым құралдары есебінен жабылуға тиісті болса, онда 
оларды ағымдағы міндеттемелер ретінде көрсету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет