Принциптері



Pdf көрінісі
бет166/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

№ 
Кезең 2000/2001 
Есептелінген еңбек ақы, (теңге) 

Қазан, 2011 
173
004 

Қараша, 2011 
173 004 

Желтоқсан, 2011 
173 004 

Қаңтар, 2012 
173 004 

Ақпан, 2012 
173 004 

Наурыз, 2012 
173 004 

Сәуір, 2012 
173 004 

Мамыр, 2012 
173 004 

Маусым, 2012 
173 004 
10 
Шілде, 2012 
173 099 
11 
Тамыз, 2012 
172 909 
12 
Қыркүйек, 2012 
173 217 
Барлығы 
2 076 261 
2 076 261 : 12 : 21,25 х 21 = 170 986 теңге. 
Еңбек ақыдан ұсталымдар шегерімдер 
Кәсіпорын жұмыскерлеріне есептелінген еңбек ақыдан, еңбек шарты 
бойынша және қосымша жұмыс істейтіндердің еңбек ақысынан әр түрлі 
ұсталымдар жасалады. Оларды екі топқа бөлуге болады: 
-
міндетті ұсталымдар; 
-
кәсіпорын ұйғарымына байланысты ұсталымдар. 
Міндетті ұсталымдарға зейнетақы жарналары, табыс салығы, заңды және 
жеке тұлғаның есебіне жасалған нотариалдық кеңсенің жазбалары және атқару 
қағаздары бойынша ұсталымдар жатады. 
Кәсіпорын ұйғарымына байланысты ұсталымдарға: кәсіпорынның шеккен 
материалдық зиянының орнын толтыру үшін еңбек ұжымының мүшелерінен 
және жұмыскерлерден ұсталатын сомалар, есеп беруге тиісті соманың 
уақытысында қайтарылмаған бөлігі жатады. 
Қазақстан Республикасында 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне 
енген Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне сәйкес әрбір жұмыскердің 
зейнетақылық бет есебіне міндетті зейнетақы жарналарын аудару 
қарастырылған. 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап аталған жарналар жұмыскердің 
есептелген еңбек ақысынан ұсталынады. Міндетті зейнетақы жарналары 
Жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы жарналарын есептеуге арналған 
табыстан 10% көлемінде төленеді.
287 


Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары 
кәсіпорында еңбек ақының нақты төленуімен бір мезгілде ұсталынып, 
аударылады. 
Табыс салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті 
төлемдер туралың Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген 
тәртіппен және мөлшермен ұсталынады. Жоғарыда аталған заң актісіне сәйкес 
жеке тұлғалардың салық салынатын табысынан ұсталатын салықтың мөлшері 
мен ставкасын қарастырайық. 
Жеке тұлға салық жылы ішінде әрбір айдағы өзінің табысынан бір айлық 
есептік көрсеткіш мөлшеріндегі соманы шегеріп отыруға құқылы.
Сондай-ақ, жеке тұлғаның салық жылы ішінде әрбір айдағы табысынан 
өзінің қарауындағы отырған жанұяның әрбір мүшесі үшін бір айлық есептік 
көрсеткіш мөлшеріндегі соманы шегеріп отыруға құқығы бар. 
Шегерім жанұядағы салық төлеушінің біреуінің ғана табысына қатысты. 
Жеке тұлғаның зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамада 
белгіленген мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті 
зейнетақы сомасын шегеруге құқығы бар. 
Төлем көзінен ұсталынатын табыс салығы салық жылы ішінде 
бірқалыпты (ай сайын) есептеледі. Біздің республикамызда табыс салығын 
есептеудің мұндай тәртібі, желтоқсан айында ұсталынатын табыс салығының 
мөлшері жыл басында ай сайын ұсталынатын салық мөлшерінен артық болуына 
байланысты қабылданды. Төлем көзінен ұсталатын табыс салығын есептеудің 
бұл тәртібі жылдық есепті көрсеткіштерді және жеке тұлғалардан табыс 
салығын бірқалыпты ұстап отыру үшін қолданылатын қайта есептеу 
коэффициенттерін пайдалануды көздейді. 
Жылдық есепті көрсеткіш айлық есепті көрсеткіштерден тұрады. 
Егер жұмыскер салық жылы бітпей жұмыстан шығатын болса, онда нақты 
алынған табыс есебінен табыс салығын қайта есептеу керек. Қажет болған 
жағдайда табыс сомасынан аванс түрінде ұсталған табыс салығы сомасын 
қайтару керек. 
Мердігерлік келісім бойынша жұмыстан, сонымен қатар бір жолғы төлем 
ретінде табыс алатын жеке тұлғалардың табыс салығы қайта есептеу 
коэффициенті пайдаланылмай-ақ есептеледі.
Жеке тұлғалардан ұсталынған табыс салығы сомасын шаруашылық 
жүргізуші субъект банктен жеке тұлғалардың табысын төлеу үшін қаражат 
алғанда бірден бюджетке аударуға тиісті (қаражат алынған кезде табыс салығын 
төлеу үшін төлем тапсырмасы тапсырылады). 
Басқа жағдайларда (табыс натуралды өнім түрінде төленгенде немесе 
кәсіпорын түсімнен төлем жасағанда) заң бойынша бюджетке төлемдер жеке 
тұлғалардың табысы төленген ай аяқталғаннан кейінгі 5 банктік күн ішінде 
аударылуы тиіс. 
288 


Ұсталынған табыс салығы бюджетке аударылуға тиісті. Егер кәсіпорын 
табыс салығын бюджетке аудару мерзімін бұзатын болса, онда ол төлем 
сомасынан әрбір өткізіп алынған мерзім үшін 1,5 еселенген қайта 
қаржыландыру ставкасының проценті мөлшерімен белгіленген өсім төлейді. 
Азаматтардың табысынан алынатын табыс салығын кәсіпорын қаржысы 
есебінен төлеуге болмайды. 
Жұмыскерлерден ұсталынбаған немесе толық ұсталынбаған салық 
сомасын кәсіпорын ай сайын толық ұсталып біткенше ұстап қалып отырады, 
бірақ жұмыскердің табысынан ұсталатын сомалар айлық табыстың 50% 
жоғарылап кетпеуге тиісті. 
Сонымен қатар, еңбек ақыдан сот шешімдеріне, нотариалдық кеңсенің 
атқару жазбаларына, әкімшілік мекемелер қабылдаған қаулыларға сәйкес 
ұсталымдар міндетті түрде өндіріліп алынады. 
Кәсіпорынның ұйғарымы бойынша қызметкердің кәсіпорыннан алған 
авансы, қате төленген сомалар, қызметкердің кінәсінен кәсіпорынға келтірілген 
мүліктік зиян орны, т.с.с. белгіленген тәртіппен әкімшіліктің шешімі бойынша 
ұсталынады. 
Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебінің 
аналитикалық және синтетикалық есебі 
«Есеп айырысу-төлем ведомосың (№73 нысан) әрбір жұмысшымен еңбек 
ақы бойынша есеп айырысулар көрсетілетін жиынтық құжат болып табылады. 
«Есеп айырысу-төлем ведомосынң әкімшілік-басқару қызметкерлеріне бөлек 
және өндірістік жұмысшыларға бөлек жасайды. Ведомосқа бөлімшенің барлық 
жұмысшыларын тізіп жазады. Ведомоста әрбір жұмысшының аты жөні, әкесінің 
аты, жалақы мөлшері және айдың басына есеп айырысу бойынша қалдық 
сомасы жазылады. Бұл мәліметтер өткен айдың «Есеп айырысу-төлем 
ведомосынанң алынады. Табелдердің негізінде ай ішінде жұмыс істелінген 
уақыттың мөлшері көрсетіледі. Ведомостың «Есептелдің деген бөліміне түрлері 
бойынша есептелген негізгі және қосымша еңбек ақы сомасы жазылады. 
«Ұсталынды және төлендің деген бөлімінде өткен айда кассадан берілген 
еңбек ақы сомасы немесе осы айдың еңбек ақысының есебінен алынған аванс 
сомасы көрсетіледі. Бұл жазбаларға кассирдің есебі және төлем ведомостары 
негіз болады. Осыдан кейін ұсталымдар сомасы көрсетіледі. 
«Есеп айырысу-төлем ведомосынаң кәсіпорын басшысы жәнебухгалтер 
қол қояды. «Есеп айырысу-төлем ведомостарындаң есептелген еңбек ақының 
жалпы сомасы өндіріс шығындарына апарылған еңбек ақының сомасымен 
бақылануға тиісті. 
«Есеп айырысу-төлем ведомосыныңң негізінде кассадан жұмыскерлерге 
тиісті жалақы төлегенде «Төлем ведомосың (№53 нысан) жүргізіледі. Директор 
менбухгалтердің қолы қойылғаннан кейін, кассадан еңбек ақы беруге рұқсат 
беріледі. Ведомость бойынша еңбек ақы банктен ақша алынған күнді қоса 
есептегенде үш күн ішінде алушының қолхаты алынып төленеді. 
289 


Уақытында алынбаған еңбек ақы сомасы депоненттер бойынша есеп 
айырысу шотына апарылады, ол «Төлем ведомосындаң еңбек ақы алмаған 
тұлғаның аты-жөнінің жанына «Депоненттелдің деген белгі қойылады. 
Алынбаған еңбек ақы сомасы әрбір тұлға бойынша «Депоненттелген сомалар 
реестрінең жазылады, ал оның негізінде «Депоненттелген еңбек ақы есебінің 
кітабынң толтырады. Еңбек ақының келесі төлемі «Кассалық шығыс ордерің 
арқылы жасалады, оның негізінде «Депоненттелген еңбек ақы есебінің 
кітабындаң еңбек ақының берілгені жөнінде жазбалар жасалады. Үш жыл 
ішінде талап етілмеген депоненттелген еңбек ақы сомасын, барлық 
ұйымдастыру-құқықтық нысандағы кәсіпорындар табыс есебіне жатқызады. 
Жұмыскерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың синтетикалық 
есебі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет